Сайтқа кіру Тіркелу

Тарих пәні туралы

5 - сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §1. Тарих пәні туралы
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер» курсының мазмұны мен маңыздылығымен таныстыра отырып, тарих ғылымының жалпы ғылым ретінде қалыптасу тарихымен таныстыру
• Дамытушылық: Оқушыларды өз ойларын жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойлау қабілетін дамыту.
• Тәрбиелік: Қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих пәнінің ұлттық қасиетті танытудағы өткенді саралап, болашақты бағдарлауда әрбір адам үшін қажетті екендігінің мәнін ашып көрсету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: СТО технологиясы әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру
Пәнаралық байланыс: география, математика, әдебиет, бейнелеу.
Көрнекілік: оқулық, карта, сызба, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
 Оқу құралын тексеріп түгелдеу.
 Әнұран орындау. Әнұранның сөзін және әнін жазған авторларын сұрау.
 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
І. Қызығушылығын ояту
- Біз қайда тұрамыз? (Қазақстанда)
- Астанамыз қай қала? (Астана)
- Ол бұрын қалай аталды? (Ақмола, Целиноград)
- Қалай ойлайсыңдар, «Алғашқы адамдар» қанша жас өмір сүрген? (???)
- Әріне оны білмейміз, бірақ тарих пәні оны бізге үйретеді. Соның үшін барлығымыз оқулықтың әр бір тақырыбын мұқият оқуымыз керек
Сабақтың алғашқы кезеңін әңгіме түрінде өткізуге отырып, қалған бөлігінде оқушыларды оқулықтың құрылымы және мазмұнымен, оқулықтың сыртқы мұқабасының мағынасын түсіндіріп, авторларын жазғызып қою. Оқулықта берілген, арнайы ерекшеленген даталар, анықтамалар, шартты белгілерге оқушылардың назарын аудару.
Оқулықта берілген Қазақстан Республикасының ән ұранының мәтінімен таныстырып, әр адамның өз Отанын, әнұранын жатқа білу Отан алдындағы парызы деп оқушыларды туған жерді, елді сүюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
ІІ. Мағынаны тану
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың жоспары:
І. «Қазақстан тарихынан әңгімелер» пәнінің құрылымы.
1. Тарих ұғымы, тарих пәні.
2. Тарих ғылымының қалыптасып, дамуы.
3. Тарихты оқып, білу не үшін қажет?
4. Қазақстан тарихы – дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі
ІІ. Қорытынды
Тақырыпты түсіндіруді «Қазақстан тарихынан әңгімелер» пәніне арналған оқулықпен таныстырудан бастаймын.
Тарих пәні туралы Оқулық авторлары: Ж. О. Артықбаев, Ә. Ә. Сәбденбекова, Е. А. Әбіл
Оқулықтағы шартты белгілермен таныстыру:

– сұрақтар мен тапсырмалар
– өзін - өзі тексеру сұрақтары
– шығармашылық тапсырмалар

Тақырыпқа кіріспе:
Геродот сияқты Батыс әлеміне танымал тарихшылармен қатар Шығыста
Сыма - Цян,
Рашид - ад - Дин сияқты тарихи тұлғалардың болғанын айтып, оқулықтағы және слайдтағы олардың суреттеріне оқушылардың назарын аударту. Алғашқы сабақтардан - ақ карта және жұмыс дәптерін бастату. Қарапайым нысандарда болса да, алғашқы сабақтардан балаларды карта мен жұмыс істеуге үйретеді.( Батыс пен Шығыс туралы)
Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойы туралы қысқаша хабарлама жасап, Мухаммед Хайдар Дулатидің суретіне назар аударту

Оқушыларды сурет бойынша топқа бөлу және төмендегідей тапсырма беріледі. Әр топ өзіне берілген тақырыпшаны 3 минутта оқып, 2 мин өзара талқылап, топтан 1 - 2 оқушы әңгімелеп береді.
№1 тапсырмалар топтамасы
«Геродот» тобы: «Тарих» ұғымы
«Сыма Цянь» тобы: Тарихтың қалыптасып дамуы
«Рашид ад - Дин» тобы: Тарихты оқып білу не үшін қажет?
«Мухаммед Хайдар Дулати» тобы Қазақстан тарихы – дүниежүзі тарихтың бір бөлігі

Тарихтың қалыптасып, дамуы тақырыпшасында оқушылардың көңілін «шежіре», «тарих атасы» деген жаңа сөздерге аударып, тек батыста ғана емес, ертеде қазақтарда да ауызша тарих айту дәстүрінің болғандығының, ол ұрпақтан - ұрпаққа сөз бен жадтың нәтижесінде жеткендігін атап айтады. Қазақ шежіресінде «Атамыз Алаш, керегеміз «ағаш» деген сөздің мағынасы туралы әңгіме қозғап кетемін.
№2 тапсырмалар топтамасы
1 топқа тапсырма: Кестеге қандай сөз жазу керек?

Шежіре
Шежіреші
Аталы сөз Есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына
Әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адам
«Атамыз Алаш, керегеміз «ағаш»
– Геродот (б. з. б. 484 – 425 жж.) «Тарих» атты еңбек
– Сыма - Цян (б. з. б. 145 – 86 жж.) 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбалар» - Ши цзи

2 топқа тапсырма: Мына карталардан тарихшылардың ежелгі және қазіргі кездегі Отандарын табыңдар

3 топқа: Уақыт бағанасын толтырыңдар:
Р/с Кезеңдері Қамтитын уақыты
1 Ежелгі Қазақстан тарихы
2 Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
3 Жаңа замандағы Қазақстан тарихы
4 Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы

4 топқа тапсырма: Бағанаға тиісті тарихшылардың аттарын жазыңдар:

1247 - 1318жж «Жими ат - тауарих» (Жылнамалар жинағы) парсы тілінде жазылған Ұлы дала өркениетінің көшбасшылары Алаша хан, Уыз хан туралы аңыз деректер айтылады

1499 - 1561жж
«Тарих и Рашиди»
«Жаһаннаме» Орта ғасырлардағы қазақтар туралы, Қазақ хандығы туралы мәліметтер келтірілген
1555 - 1607жж
«Шежірелер жинағы»
ХҮ - ХІІ ғғ. Қазақ хандығы туралы айтылады

ІІ. Қорытынды
Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктеріне оқушылардың көңілін аударып барлық курстың басты тарихи оқиғаларын әңгіме түрінде өтетіндерін түсіндіру. Алғашқы сабақтан сабақта онша белсенділік көрсете қоймаған оқушыларға баса назар аударуы қажет.
ІІІ. Ой толғаныс:
Сабақты бекіту:
«Бұл кім, оның еңбегі қалай аталады?» деген сурет бойынша жұмыс(Оқушылар өздерінің ой пікірлерін айтады)
Қорытынды.
Тарих сабағы сендер аса назар аударып аңғарсаңдар өте қызықты пән. Сондықтан әр сабаққа тыңғылықты дайындалып отырсаңдар ғана сендер өздерің бұрын - соңды білмеген қызықты әңгімелерді біліп, оқып шығатын боласыңдар. Тарих – ең көне ғылымдардың бірі, соған қарамастан бүгінде оның маңызы зор және ешқашан жойылмайды, себебі кез - келген ғылым саласын алсақ, ең алдымен оны оқып меңгеру үшін оның пайда болу тарихын білу қажет.
Қарапайым адамнан үлкен ғалымға дейін жақсы азамат болу үшін тарихты сүю керек. Ағаш тамырымен, адам өз тарихымен өседі.

Бағалау: Сабаққа қатысуларына байланысты оқушыларды бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×