Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы
Қуат Терібаев атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығы
Абжаппақызы Мира
Ашық сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
1. Білімділік: Шоқан Уәлиханов туралы толық мәлімет беру, ұлы ғалымның ғылыми мұрасымен оқушыларды таныстыру.
2. Дамытушылық: Ойлау, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін, ой өрісін одан әрі арттыруға сын тұрғысынан тұжырымдауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылар бойында өз жеріне,өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, карта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ойды жинақтау,талдау,сұрақ-жауап, жүйелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Түгендеу.
3. Сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша білім-білік дағдысын тексеру:
«Миға шабуыл»
1. К.Қасымұлы мен Абылай ханның қандай жақындығы бар?
2.Ресей үкіметі қазақ жерін қалай отарлай бастады?
3. Кенесары Қасымұлы кім?
4 .Қай жерде үш жүздің өкілдері Кенесарыны ақ киізге отырғызып, хан көтерді?
5. И.Тайманұлының сенімді серігі, әрі досы кім?
6. 1836-1838 ж.ж Бөкей ордасында болған көтерілістің басшылары?
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында:
«Адасқан әріптер»
1. К.Қасымұлы дүниеге келген жер? (Көкшетау)
2. К.Қасымұлының атасы? (Абылай)
3. 1825 ж. орыс үкіметіне қарсы көтерілісті бастаған Кенесарының ағасы? (Сержан)
4. Орыс үкіметіне арқа сүйеген Бөкей ордасының ханы? (Жәңгір)
5. Исатайдың тұлпары? (Ақтабан)
6. Исатайдың сенімді серігі әрі досы? (Махамбет)
7. 1836- 1838 ж.ж , 1837- 1847ж.ж болған көтерілістер қай мемлекеттің отаршылдық саясатына қарсы болды? (Ресей)
IV. Жаңа сабаққа кіріспе:
«Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды» Н.И.Веселовский
V. Жаңа сабақты түсіндіру:
Тақырыптың негізгі мазмұнының жоспары:
1. Бала Шоқан
2. Сібір кадет корпусына түсуі
3. Ғалым Шоқан
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген
Шоқан да Кенесары сияқты Абылай ханның ұрпағы еді.
Шоқанның әкесі Абылай ханның үлкен ұлы Уәлиден тарайды.
Шоқанның азан шақырып қойған есімі – Мұхамедханафия. Алайда жастайынан бала болып ойнағаннан гөрі, әжесі Айғанымның қасында шоқиып отырып, әңгіме, қиссаларды тыңдағанды ұнатқан. Бес жасынан хат таныған. Содан әжесі Айғаным сүйікті немересін Шоқан деп атап кеткен.
Шоқанның жастайынан білім, ғылымға жақын болуына әкесі Шыңғыстың да әсері тиді. Шыңғыс көптеген орыс зиялыларымен таныс еді. Олардың көпшілігі бірнеше рет Шыңғыстың аулына қонаққа келген.
1947 жыл Әкесі орыс достарының көмегімен сол кездегі ең Іргелі оқу орындарының бірі болып саналатын Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді
1853 жылы Шоқан Кадет корпусын бітіріп шығады.
1856 жылы Ыстықкөлге, 1857 жылы Алатау қырғыздарына, 1858- 1859 жылдары Қашқарияға сапар шекті.
VІ. Бекіту:
«Шоқан» сөз жұмбағы
1. Ш.Уәлиханов таныс болған орыс жазушысы
2. Ш.Уәлиханов қағазға түсірген қырғыз жыры
3. Марко Поло мен Гоестеннен кейін Шоқан сапарға барған аймақ
1. Ш.Уәлиханов қайтыс болған жер
2. Ғалымның әкесінің аты
3. Сібір кадет корпусын аяқтағаннан кейін Ш.Уәлиханов алып шыққан атақ
«Сәйкстірілмелі тест»
1. Шоқанның шын есімі
2. Шоқан кімнің ұрпағы
3. Шоқанның дүниеге келген жері
4. Шоқанның әжесі
5. Шоқан оқыған оқу орны
6. Шоқанның әкесі
7. Шоқанның өмір сүрген кезеңі
«Хронологиялық диктант»
1835 жылы Шоқан Уәлиханов дүниеге келді
1847 жылы Сібір Кадет корпусына оқуға түсті
1853 жылы Кадет корпусында білім алып, оны бітірді
1856 жылы Ыстық көлге сапар шекті
1861 жылы Өкпе ауруы асқынып, туған ауылына оралды
1865 жылы Шоқан Алтын Емел жотасында дүниеден өтті
«Математикалық ойын»
1. Шоқан қанша жасынан бастап хат таныған?
(50 : 5) - (20 : 4) = 5
1. Шоқан кадет корпусын қанша жасында бітірді?
(57 - 50) + (7 + 4) =18
1. Шоқан неше жасында дүниеден өтті?
(250 - 200) – 20 =30
1. Ә.Марғұлан Шоқанның еңбектерін қанша жылдық тойына арнап құрастырды?
(100 * 3) - (10 * 15) =150
VІІ. Қорытындылау:
Сызбаны толтыр
VІІІ. Үйге тапсырма:
Тақырыпты оқып, мазмұндау
«Ғалым Шоқан» тақырыбында шағын эссе жазып келу.
Шоқан Уәлиханов
- Mira
- 9 сәуір 2012
- 32028
- 0
- 20
Ілмек сөздер: Қазақтың, көрнекті, ғалымы, Шоқан, Уәлиханов
Ұқсас жаңалықтар:
Шоқан Уалиханов - суретші
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Шоқан жайлы білімдерін толықтыру, Шоқанның суретшілік өнері жайлы мәлімет беру. 2. Оқушылардың сауаттылығын арттыру,...Шоқан Уәлиханов-ғасырларға еңбек еткен тұлға
Сабақтың мақсаты а) білімділігі: Оқушыларды Ш. Уәлихановтың өмір жолы, саяхаттары мен еңбектері туралы таныстырып әлем мойындаған даналығын, алуан...Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы. «Благодарное орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.К.Султанова...Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уалиханов
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылы, № 82 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Прекеева Жанар Батырханқызы...ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.