Күні: Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы Қазақстан 1941 - 1945 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында
Жалпы мақсаты Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді пысықтау, тиянақтау.
Оқыту нәтижесі Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізе біледі. Топпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. Ортақ шешім қабылдай алады. Өзін - өзі және басқаларды да бағалай алады. Тарихи оқиғаларға баға бере алады.
Негізгі идеялар Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды. Бұл жерде
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Жұмыс түрлері Жеке, жұптық, топтық жұмыс, рефлексия жазу.
Тапсырмалар Топты берілген өлеңдер бойынша бөлу. Топтық тапсырма. Постер дайындау.
Сабақ жоспары
Ойлау деңгейлері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Психологиялық дайындық. Тренинг. Берілген өлең жолдарымен оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау, бағалау парағын беру. Берілген өлең жолдарымен оқушылар топқа бөлінеді. Араларынан топ басшысын сайлайды.
Білу Осы өлеңдеріңізді оқып шығыңыздар. Бұл өлең жолдарында не туралы айтылған?
-«Соғыс»дегенді қалай түсінеміз?
- Қандай ірі соғыстарды білесіздер?
- Ұлы Отан соғысы қашан, қай елдердің арасында болды?
- Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл қанша жыл?
- Ақындардың өлендерінен үзінді білесіңдер ме? Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді. Оқушылар формативті бағаланады
Түсіну Оқушылар назарын экранға аударамыз. Бейнеролик «Зұлмат заман» Осы бейнеролик бойынша оқулықты пайдаланып постер құрайды. Әр топтың жұмысын қарсы топтар бағалайды. Тақтаға критериялды бағалау бетшесі ілінеді. Оқушылар бейнеролик тамашалайды. Постер құрайды, қорғайды. Әр топтың жұмысын қарсы топтар бағалайды. Тақтаға критериялды бағалау бетшесі ілінеді.
Қолдану Әр топ мәтінді оқып шығып сол мәтін бойынша қарсы топтарға ашық сұрақ дайындайды.
Оқушыларды смайликтермен бағалау. Әр топ 3 сұрақтан қарсы топқа қояды.
Сергіту сәті «Бақыт сағаты» тренинг Тренингке қатынасады
Талдау АКТ ны, оқулықты пайдаланып Ұлы Отан соғысына қатынасқан батырлар туралы мәлімет жинақтайды.
Формативті бағалау Ғаламторды пайдаланып оқушылар батырлар туралы мәлімет жинайды. Әр топтан бір баладан шығып қорғайды.
Дерек пен дәйек. Хатынь. Оқушылар тың дерекпен танысады.
Жинақтау «Эстафета таяқшасы» әдісімен сабақты қорытындылау Оқушылар шеңбер құрып бүгінгі сабақтан алған білімдерін сұрақ қою арқылы қорытындылайды.
Бағалау «Ардагер атаға хат» Оқушылар өздері білетін соғыс ардагерлеріне (аталары болуы мүмкін) хат жазады.
Үй тапсырмасы: Өз облысымыздағы, қаламыздағы, ауданымыздағы соғыс ардагерлері жайлы қосымша деректер жинау.
Рефлексия Екі жұлдыз, бір тілек әдісімен сабаққа баға береді Бүгінгі сабақтың екі ұнамды жағын, бір ұсыныс жазып қалдырады.
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
- куралаймагзумова
- 21 қыркүйек 2014
- 5295
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тарих пәнінен Ұлы Отан соғысы жайлы сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941 - 1945)
Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы, қазақ халқының батырлары туралы түсінік беру...Қазақ халқының ерлік істері
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосымбаева Қатира Жауынқызы...Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары»
Халқымыз Отан үшін от кешіп, елдік пен ерлік сынға түскен сәтте қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батыр ұл - қыздарын қастерлеп, қадір тұтады. Тарихи...Тың игеру кезіндегі Қазақстан
Жалпы мақсаты Тың игеру саясатының ерекшеліктері, оның табыстары мен зардаптары және аталмыш саясаттың Қазақстан халқының демографиялық жағдайына...Есім хан кезіндегі қазақ хандығы
Қазақстан тарих пәнінің мұғалімі Н. Жұмағалиева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.