Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген ру - тайпалардың қоғамдық - саяси, экономикалық, мәдени байланыстары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген арман - тілектерінің арқасында құрылған Қазақ хандығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын арқылы тарихи танымын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа. туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Топтық әдіс
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, Қазақ хандығының ХҮ - ХҮІІ картасы, Жәнібек пен Керейдің портреттері, үлестірмелі қағаздар, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. ХҮ ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің қандай хандықтары өмір сүрді?
2. Әбілхайыр хан Ақ орда да билікті өз қолына алу үшін қанша жыл күресті?
3. ХҮ ғасырда «қазақтар, олар дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық» деп атаған кім?
4. Монғол шапқыншылығының қандай зардаптары болды?
5. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалар?
6. Қазақ халқы қашан қалыптасты?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазақ хандығының құрылуы
Сыныпты 3 топқа бөлінемін:
1. Ұлы жүз
2. Орта жүз
3. Кіші жүз
Оқушыларға бағалау парағын үлестіремін.
Мәтінді оқи отырып, постер қорғауға:
1. Ұлы жүз тобына
Керей мен Жәнібектің Жетісуға көшудегі мақсаттары
2. Орта жүз тобына:
Қазақ хандығының құрылуы, алып жатқан аумағы.
3. Кіші жүз тобына:
Қазақ хандығының этникалық құрылымы, көрші елдермен қарым - қатынасы
Әр топ өздерін қорғап шығады
3. Математикалық ойын.
1. 800*2 - 172= (1428 Әбілхайыр хан таққа отырды)
2. 424*2 - 182= (1466 Қазақ хандығының құрылуы)
3. 4300÷2 - 682= (1468 Әбілқайыр хан қайтыс болды)
4. 348*3+947 = (1991 Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды)
5. 460*5 - 589= (1711 Абылай хан дүниеге келді)
6. 299*2+5= (603 Түрік қағанатының құрылуы)
4. «Термин сөздер» ойыны.
«Інжу», «Би», «Ғаныш», «жабғу», «қағба», «қараша», «сардоба», «инал», «өмілдірлік».
5. Цифрлар сөйлейді.
603 - 704жж Батыс Түрік қағанатының құрылуы
1511ж Қасым хан болды
1466 ж Қазақ хандығы құрылуы
1711 - 1781жж Абылай хан өмір сүрген жыл
1781 ж Абылай хан дүние салды
1995 ж ҚР Конституция қабылданды
1523ж Қасым хан дүние салды
6. Картамен жұмыс.
1. Жетісуді, Шу өзенін, Сыр бойындағы қалаларды, Моғолстанды, Қырғызстанды картадан көрсету
Венн диаграммасы:
Керей мен Жәнібек
Айырмашылықтары
Ұқсастығы
Әбілхайыр
Айырмашылықтары
Қорытындылау:
1. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?
2. Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан неге бөлініп шықты?
3. Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы кім?
4. Моғолстан ханы Есенбұғаның Керей мен Жәнібекті қуана қарсы алған себебі неде?
Бағалау
Үйге тапсырма: §36 оқып шығу. «Туған елім – Қазақстан» тақырыбына эссе жазу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×