6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы үйсін тақырыбы бойынша түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.
Тәрбиелік: Ежелгі тайпалардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Білімді жинақтау.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның картасы, тірек-сызбалары, буклет, сөз жұмбақ.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үйсіндер туралы деректер қай ғасырға жатады?
Жауабы: Б.з.б 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығында өмір сүрген
2. Ертедегі үйсіндер мекендеген жерлерді картадан көрсет.
3. Үйсін қоныстары қай жерлерден табылды?
Жауабы: Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер, негізінен, Жетісуда шоғырланған.
4. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынасын жасаған?
Жауабы: Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен сауда қарым-қатынасын орнатқан.
5. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы.
III. Үй тапсырмасын қорыту.
IV. Жаңа сабақ: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
Жоспар:
1. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
2. Егіншілік пен отырықшылық.
3. Түрлі кәсіпшілік.
4. Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары
Сөздік:
Тәті – тәж құсаған басқа киілетін нәрсе немесе металл сақина.
Балдақ – түйе мүсіншесі орнатылған көзі жоқ сақина.
Сабақ түсіндіру.
V. Оқулықпен жұмыс.
VI. Сабақты бекіту.
«Жұлдызды сәт» ойыны:
1. Үйсіндерде малдың қандай түрлері өсірілді?( Қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі )
2. Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады? (Ыдыстар, аяқ киім, тері шалбар, бешпент, киім-кешектер )
3. Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызған? (Шикі кірпіштен және тақта тастан балшық лай құйып қалады. )
4. Үйсіндердің қыш ыдыстарына ненің суреті салынған? (Күннің суреті салынған )
5. Үйсіндер қандай дақылдарды екті? (Дәнді дақылдарды екті:
арпа, бидай, тары. )
6. Үйсіндер айналысқан кәсіп түрлерін атаңыз?(Шеберлер, зергерлер, құмырашылар).
7. Үйсіндердің діни нанымдары қандай болған? (О дүниедегі өмірге сену, құрбандық шалу. )
VII. Сабақты қорыту.
Тест.
1. Ертедегі Қытай жазбаларында «Усун» атауы қай ғасырдан бастап кездеседі?
a) Б.з.б. III ғ.
b) Б.з.б. II ғ.
c) Б.з.б. I ғ.
d) Б.з.б. IV ғ.
2. Үйсіндердің астанасы қай қала?
a) Суяб
b)Қызыл Аңғар
c) Қойлық
d) Тараз
3. Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін қыстау, қоныстың аты.
a) Ақтас
b) Шу өңірі
c) Талас бойы
d) Іле аймағы
4. Үйсіндерді кім басқарды?
a) Шанью
b) Хан
c) Гуньмо
d) Патша
5. Үйсін обасынан табылған алтын жүзіктің бетінде қандай жануар бейнеленген?
a) Жылқы
b) Қой
c) Түйе
d) Ешкі
6. Қазба жұмыстары кезінде үйсіндер егіншілікте пайдаланған қандай құрал-саймандар табылды?
a) Қола орақтар
b) Темір кетпен
c) Мыс балта
d) Тас шапқы
7. Үйсін шеберлері саз балшықтан ыдыс жасауда қандай әдісті қолданған?
a) Көзе ұршықтарына таспа орау әдісі
b) Пішіндеу әдісі
c) Омыру әдісі
d) Үңгіп қазу әдісі
8. Үйсіндер ыдыс жасау үшін қандай ағаш пайдаланған?
a) Тал
b) Қайың
c) Тобылғы
d) Қарағай
9. Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызды?
a) Ағаштан
b) Шикі кірпіштен
c) Тастан
d) Құмнан
10. Үйсіндердің қыш ыдыстарына ненің суреті салынды?
a) Жылқы
b) Ай
c) Күн
d) Түлкі
Үй тапсырмасы: «Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы» тақырыбын оқу.
Оқушыларды бағалау
Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
- Kalenova
- 8 наурыз 2012
- 16281
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үйсіндердің, шаруашылығы, тұрмысы, тарих
Ұқсас жаңалықтар:
Үйсіндер
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Жетісуда шоғырланған Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер, олардың хронологиялық шеңбері, қоғамдық құрылымы мен...Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс
Көшпелі өркениет ұғымын, қалалардың өсуі, жартылай көшпелілермен қарым - қатынастың дамуы жайлы жан - жақты толық түсінік беру, темір дәуірі мен орта...Сақтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Байдосова Айнұр...“Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
Сабақтың тақырыбы: §12. “Қазақ” атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы....Қазақстан тарихынан сұрақтар мен жауаптар
Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі (Тобыр)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.