Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің көрші мемлекеттер – Ақ Орда, Алтын
Орда, Моғолстанға жорықтары жайлы баяндап, басқыншылық зардаптарын
көрсету.
ә) Тәрбиелік: Адамгершілікке, қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек
көруге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, ойын жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, сөзжұмбақтар, суреттер, хронологиялық
кесте, ВЕНН диаграммасы, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: География, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын
сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді:
І топ – «Түркістан»
ІІ топ – «Отырар»
Үй тапсырмасы «Кім көп біледі?» ойыны арқылы сұралады. Интерактивті тақтада 10, 20, 30 сандарынан тұратын үш қатардан ұяшықтар беріледі. Сол ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтар қойылады. «10» ұяшығының сұрағына жауап берсе сары түсті ұш бұрыш, «20» ұяшығының сұрағына жауап берсе көк төртбұрыш, «30» ұяшығының сұрағына жауап берсе қызыл бесбұрыш беріледі. Алған балдарын жауап парағына топ басшысы белгілеп отырады.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.