Сайтқа кіру Тіркелу

Сақтар

Тақырыбы: Сақтар.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ата - тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі, сақ топтары және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.
Көрнекіліктер: сақ туралы суреттер, слайд, кестелер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйде: Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі.

«Көк» - бұдан 3000 жыл бұрын пайда болған мейрамды атаңыз?
«Қызыл» - Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында қандай шаруашылық дамыды?
«Сары» - көктемгі жайылым қалай аталды?
«Қоңыр» - көшпелілер ең дархан мезгілді қалай атады?
Енді үй тапсырмасын қорытындылайық.
Қазір қай мезгіл?
Көшпенділер осы мезгілде қайда көшті?
Қыстау сөзінің мағынасын кім түсіндіреді?
Сонымен біз кімдердің өмірімен таныстық? Көшпенділер
Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты? Б. з. б. 2мж
Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін ата? Жылқы, қой, сиыр, түйе.
Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілін ата? Пеш - көрік
Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі? Б. з. б 8 ғасыр
Көшпенділердің баспанасын атаңыз? Киіз үй
Бүгін біз ерте темір дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру - тайпалардың ішкі - сыртқы қарым – қатынастары Қазақстан жерінде алғашқы тайпалық одақтардың құрылуына әкелді. Қазақстан аумағын б. з. б. 8 - 3ғ мекендеген сақтар сондай тайпалық одақтардың бірі болды. Сендер 5 - сыныпта сақтар жайлы не білесіңдер сөзжұмбақты шешіп көрейік.
1. Сақ патшасы кім?
2. Сақтармен соғысқан ел?
3. Ер жүрек сақ жауынгері?
4. Геродот сақтарды қалай атады?
5. Шошақ бөріктілерді қалай атады?
6. Сақтарды аса жоғары құрметтеп, әлемдегі ең әділ ең шыншыл халық деп кім айтқан?
Томирис
Парсы
Шырақ
Массагет
Тиграхауда
Гректер
Қазақ халқының ата – тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерде аты елге әйгілі болған. Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы тегі Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары екен. Сақтар б. з. б. 1мың жылдықта Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан жерінде мекендеген. Олар Сырдария, Әмудария, Ертіс, Есіл, Нұра, Жетісу өңірінде мекендеген. Бүгін біз ерте дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру – тайпалардың ішкі – сыртқы қарым – қатынастары Қазақстан жерінде алғашқы тайпалық одақтардың құрылуына әкелді. Қазақстан аумағын б. з. б. 8 - 3ғ мекендеген сақтар сондай тайпалық одақтардың бірі болды. Ендеше мына кестеге қарайық. Сендер Сақтар жайлы не білесіңдер.
Сақтар
Білемін Білгім келеді Білдім

Кітаппен жұмыс.
1. Сақтар б. з. б І мж қай жерде мекендеген? Орта Азия мен Қазақстан.
2. Геродот сақтарды қалай атаған? Массагет
3. Сақ сөзі парсы жазбаларында қалай атаған? Құдіретті еркек.
4. Хаумаварга кімдер?
5. Тиграхауда, парадарайа қайда мекендеген?
6. Арал теңізінің солтүстік – шығыс жағасында мекендеген сақ тайпаларын қалай атады?
7. Сақ қоғамы неше топқа бөлінді?
Картамен жұмыс.

Дәптермен жұмыс.
Сақтар
Сақтар қай жерде мекендеген? Орта Азиямен Қазақстан жерінде мекендеген.
Сақ қоғамы неше топқа бөлінді? Жауынгер, абыздар, малшылар.
Парсылар сақтарды қалай атаған? Парадарайа, тиграхауда, хаумаварга.

• Сақ туралы қай елдің деректерде жазылған?
• Геродот жазбаларында сақтарды қалай атады?
• Сақ сөзінің парсы жазбаларында мағынасы қалай?
• Сақтарды басқарған патшайым?

Бас қатырғыш.
ҚЫШРА – Шырақ
АТИДАГРХУА – Тиграхауда
ОТИМСИР – Томирис
ІСТЕЖУ – Жетісу
ТОГЕРДО – Геродот
«Сақтар» туралы жұмбақтар.
1. Қадам бас алға сүрінбей
Болашақ кілті – білімде.
Қандай мағына береді,
«Сақ» сөзі парсы тілінде?(Құдіретті еркектер)
2. Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады.
Грек Геродот сақтарды? (Массагеттер)
3. Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші, қай сақтар,
Арал мен Сырды жайлады? (Парадарайа)
4. Таихты жаттап кешегі,
Саналы ұрпақ өседі
Аргипейлер қай жерде,
Мекен қылып көшеді? (Аралдың солтүстік шығысы)
5. Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік. (Хаомаварга)
6. Арайлып таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмен тең,
Сақтар қалай атады? (Шұбат)
7. Бел – белестен асады,
Өр сақтардың жасағы.
Тиграхауда сақтары,
Қай жерді мекен жасады? (Жетісуды)
8. Кең болып түзде түлеппін,
Шарапаты мен ізгі тілектің,
Көшпелілер қалай аталды,
Деректерінде гректің? (Дайлар)
9. Еңселі ел көпке танылды,
Ізгі ниеттілерде ағылды.
Егінші сақтар мекені,
Қай қала маңынан табылды? (Алматы)
Енді балалар осы Алматының күншығыс жағында 50шақырымдай жерде, Іле Алатауының бауырайындағы жазықта 40 - тан астам оба орналасқан. Соның ішінде «Есік обасы» бар. «Есік обасы» б. з. б 5 - 4 ғасырларға жатады. Есік обасында жерленген адам – 17 - 18 жас шамасындағы сақ ханзадасы. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт «Алтын киімді адам»деп аталды. «Алтын киімді адам» сақ мәдениетінің бірегей үлгісі.

Сонымен Сақтар: Дұшпанға – қатал
Досқа – адал болған.
Ол үшін біз не істеуміз керек? Білім алумыз керек. Сонымен бүгін сендердің білімдеріңді бағалайық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×