Сынып: 8
Пән: Дүние жүзі тарихы
Тақырыбы: §7. Осман империясы
Мақсаты: ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырлардағы Осман Империясының ішкі және сыртқы саясатын оқыту.
Міндеттері:
Білімділік: Осман империясының сыртқы саясатындағы жүргізген соғыс қимылдарын, халықтың наразылық көтерілістерін, империяның әлеуметтік - экономикалық жағдайын, елдегі реформалар жөнінде жалпы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Осман империясы жүргізген соғыстарының салдарын талдай отырып, оқушыларды бейбітшілдікке, өзге елдің мүддесін өз елінің мүддесімен қатар қоя алатын парасаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: ХҮІІІ ғасырдағы Осман империясының саясатына, халық көтерілістері мен ұлт - азаттық қозғалыстарға оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: карточкалар, хронологиялық кесте, саяси карта.
Сабақ түрі: ойын сабақ
Әдістері: карточкамен жұмыс (оқушылардың білім деңгейлеріне байланысты), баяндау, топпен жұмыс.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау, оқушыларды тексеру)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Карточкамен жұмыс, оқушылардың білім деңгейі бойынша карточка таратып беру.
І деңгей
1 карточка
Тапсырмалары
1. Сихта мемлекеті туралы айтып бер
2. Махараштра Үндістанның қай бөлігінде орналасқан?
3. Шиваджи кім?
2 карточка
Тапсырмалары
1. Үндістандағы халық көтерілістері жөнінде айтып бер.
2. Нәдір шах кім?
3. Бенгалия қай жылы бөлінді?
3 карточка
Тапсырмалары
1. Ост - Үнді бұл не?
2. Үнділерді еуропалық қай мемлекет отарлауға кірісті?
3. Уоррен Хейстинг кім?
4 карточка
Тапсырмалары
1. Үндістанның экономикасын сипаттама бер.
2. Үндістанның қолөнер және сәулет өнері бойынша даңқы шыққан қалаларды ата.
3. Ауыл шаруашылығына сипаттама бер
ІІ деңгей
5 карточка
Тапсырмалары
1. Сикха, Маратха бұл не?
2. Сикхалардың діни көсемі кім?
А) Говинид Ә) Ахмед Б) Нәдір
6 карточка
Тапсырмалары
1. Нәдір шах қай елдің билеушісі?
А) Иран Ә) Ауған Б) Пәкістан
2. 1761 жылғы Панипат жазығында маратхалар кімдерден жеңілді?
А) ирандықтардан Ә) ағылшындардан Б) ауғандықтардан
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыппен танысу.
Бүгінгі өтілетін тақырып: §7. Осман империясы
Тақырыпты жоспарлау.
Жоспар:
1. ХҮІІ ғасырдағы Осман ипериясы
2. ХҮІІ ғасырдағы империяның жүргізген соғыстары. Елдегі дағдарыс.
3. Осман Империясының әлеуметтік - экономикалық жағдайы
4. ХҮІІІ ғасырдағы империяның ішкі және сыртқы саясаты.
ІҮ. Тақырыпты түсіндіру. Баяндау.
Осман империясының негізін қалаушы Осман бей 1299 жылдан бастап нығайған Осман әмірлігінің толық құқылы басқарушысы болды. Ол әмірлікке Византияның кішіазиялық провинцияларын бірінен соң бірін қоса бастады. Османның мирасқорлары оның жаулап алушылық саясатын жалғастырды: ең алдымен, Кіші Азияның едәуір бөлігі бағындырылды, ол содан кейін ұрыс алаңы Балқан түбегі болды, 1400 жылы Константинопольге шабуыл басталып, одан кейін 1453 жылы Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтар Түркияның билігіне көшті.
Жаңа дәуірдің басында Осман империясы Еуропадығы, Азиядағы, Африкадағы орасан зор аумақты иеленді. Осман империясы көрші елдерге қауіп төндіретін ірі державалардың бірі болып саналғанымен, шын мәнісінде өз ішінде біртұтас бірліктегі, тату ел бола алған жоқ, аймақта арасында шаруашылық байланыстар нашар дамыды.
Түріктердің билігіне тәуелді басқа ұлт өкілдерінің наразылық күрестері қоғамның дамуына кедергі келтірумен болды.
Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, елді ашаршылық жайлауы, елдегі көтерілістер империяны күйзелтті.
Ү. Топпен жұмыс. Кім жылдам? І тапсырма.
Екі топқа бөлінеді, жылдар және оқиғалар беріледі, жылдар мен оқиғаларды кітаптан тауып, сабақтастыру қажет.
1475 жылы Түрік сұлтанына қырым хандығы бағынышты болды
1514 жылы Түріктерге өзінің шығыстағы көршісі – Иранның қарсылығын жеңудің сәті түсті
1516 - 1517ж Мысыр, Сирия, Хиджаз және ондағы Мекке мен Медение қалалары түрік сұлтандығы билігіне өтті.
1696 жылы І Петр Азов бекінісін Түріктерден тартып алды.
1699 жылы Карловыда келісімшарт болды
1700 жылы Ресей өзіне Азов пен оған жақын жатқан жерлерді қаратып алды.
ІІ тапсырма.
Империяның экономикасындағы сауда - саттық дамыған қалаларды тауып беру.
Стамбұл, Измир, Салоники, Александрия, Эрзурум, Токат, Трабзон, Дамаск, Алеппо.
Кім тапқыр? ІІІ тапсырма. Қисық сөздерді дұрыстау, анықтама беру.
1. Лилха – Халил – қала кедейлерінің көтерілісін бастаған қолбасшы
2. Медах – Ахмед – сұлтан
3. Сілрітөке – көтеріліс
4. Намос - Осман - империя
5. Мұдмах – Махмұд - сұлтан
ҮІ. Сабақты қорытындылау: 1) ХҮІІ ғасырда Осман империясы қуатты держава ретінде танылды; 2) Экономикалық жағынан саяси құлдырауды бастан кешкен, дағдарыс үстіндегі ел болды; 3) ХҮІІІ ғасырда Осман империясының халықаралық жағдайы оның әскери - экономикалық әлсіздігіне орай нашарлады.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: §7. Оқу, мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.
Осман империясы
- Медеубаева
- 20 қараша 2013
- 12514
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Осман империясы жайлы тарих пәнінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Дүние жүзі тарихы бойынша тест сұрақтары жауаптарымен
Португалдықтар жеткенге дейін Үндістанмен сауда жасау кімдердің қолында болды? A) Монғолдардың. B) Арабтардың. C) Қытайлардың. D) Парсылардың. E)...Византия империясының құрылуы
Шығыс Рим империясының ұзақ өмір сүру себептерін ашып көрсету. Бұл мемлекеттің ертедегі орта ғасырдағы және дамыған орта ғасырдағы аумағын көрсете...Алтын Орда
Целиноград ауданы, Р. Қошқарбаев ауылы №43 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Рүстемова Жадыра...Қытай
ШҚО, Үржар ауданы, Қызылбұлақ орта мектебі Жарқынбаев Нұржан Бейсенбекұлы...ХҮІІІ ғасырдағы сауданың дамуы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы Жаңабұлақ ОЖББМ - ің І - санатты тарих пәнінің мұғалімі Молдашев Сансызбай Пауетденұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.