Сайтқа кіру Тіркелу

Тарихты білу – парызым

Сабақтың тақырыбы: Тарихты білу – парызым

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Еліміздің тарихы туралы оқушылардың білімдерін пысықтау.
2) Тәрбиелік: Отанын, елі сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Р Карта, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Сайыстың кезеңдері
1) Топ басшылар сайысы
2) Сандар сыры
3) Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында
4) Тарихи терминдер

1) Топ басшылар сайысы
Екі топ жетекшісіне ортақ 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап – 2 ұпай.
1. Ежелгі тас дәуірі ( палеолит)
2. «Диуани хикмет» еңбегінің авторы: (Қ. А. Яссауи)
3. Наурыз мерекесінде жасалатын ұлттық тағам ( Наурыз көже)
4. Қазақ халқының негізін қалаған хандар: ( Керей мен Жәнібек)
5. Халықтардың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін зерттейтін ғылым ( Этнография)
6. ХVІІІ ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет (Жоңғар)
7. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі қанша жылға созылды? (150 жылға)
8. Ш. Уәлихановтың дүниеге келген жері (Құсмұрын)
9. Қазақстанның ең биік шыңы (Хан Тәңірі)
10. «Алтын адам» табылған жер? (Есік қорғаны)
2) Сандар сыры
Берілген сұрақтарға тек қана санмен жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап - 3 ұпаймен бағаланады.
І. топ
1) Әл - Фараби қай жылы дүниеге келді? (870)
2) «Отырар опаты» болған жыл? (1218)
3) С. Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? (14)
4) Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл:(1723)
5) Қазақ ғылым академиясы ашылды: ( 1946)
6) Қазақстанда тың жерді игеру басталды: (1954)
7) Екінші дүниежүзілік соғыс қай жылы аяқталды? ( 1945)

ІІ топ.
Шілікті қорғанынан табылған қола жебе саны (13)
Әл-Фарабидың қайтыс болған жылы? (950)
Қазақтардың қалмақтарға Бұланты өзенінің бойында соққы беруі (1726)
Патша үкіметі Бөкейді екінші хан етіп сайлаған уақыты: (1815)
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? (10)
Астана Ақмолаға қай жылы көшірілді? (1997)
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған жыл ( 1939)

3) Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында
(шығармашылық тапсырма)
Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі еліміздің жетістігін суретпен бейнелеу тапсырылады. 10 ұпаймен бағаланады.

4) Тарихи терминдер
Берілген мәліметтер бойынша лауазым иесін табу қажет. Дұрыс жауап - 5 ұпай.
1. Әділдігі, әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам (би)
2. Қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым ( елтебер)
3. Оғыз мемлекетінің билеушісі (жабғу)
4. Моғолстандағы хан кеңестшісі (инақ)
5. Ру билігін жүргізетін адам ( рубасы)
6. Феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы (бек)
7. Хан кеңесшісі (уәзір)
8. Ауыл билігін жүргізетін адам ( ауылбасы)
9. Жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ержүрек қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ ( батыр)
10. Хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші, олардың қамқоршысы ( атабек)
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Жеңген топты марапаттау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жүйріктер, алғырлар

Жүйріктер, алғырлар

Ел тарихын білудің маңызын ұғындыру; Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдерін саралау арқылы өзіндік көзқарастар қалыптастыра отырып ой -...
Әдебиет пен өнер

Әдебиет пен өнер

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Әбуова Гүлназ...
Батырлар - ел қорғаны (танымдық сайыс)

Батырлар - ел қорғаны (танымдық сайыс)

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы, №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әбішева Мөлдір...
Қазақстан-біздің ортақ үйіміз

Қазақстан-біздің ортақ үйіміз

Астана қаласы №63 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Серикбаева Индира Аманкелдиевна...
ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×