Сайтқа кіру Тіркелу

Ежелгі Парсы патшалығы

Сабақтың тақырыбы: « Ежелгі Парсы патшалығы»
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Ежелгі парсылар, және олар құрған патшалық, Кир мен Дарийдің кезіндегі патшалықтың жағдайы, олардың басқыншылық жорықтары туралы танымдық білім беру.
Тәрбиелік: Сақтардың елін, жерін қорғау жолындағы күресін ашып көрсету арқылы жастарды өз елінің, ата - бабаларының өткен тарихына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу, Отаншылдыққа, патриотизмге баулу.
Дамытушылық: Түрлі елдерінің тарихын біуге деген қызығушылықтарын дамыта отырып, ата - бабаларымыздың дүниежүзілік дамуға қосқан үлестерін сезінуге әкелу, оқушылардың рөлдік ойындарды мәнерінде орындауы мен оның мән - маңызын терең түсіне алуы дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: театрландырылған сабақ
Сабақтың әдісі: Рөлдік ойындар, интерактивті тақтаны пайдалану, әңгімелеу, картадан көрсету, сұрақ - жауап, пікірлерін айту т. б.
Көрнекіліктер: Парсы патшылығының картасы,
- Сақ елінің картасы,
- «Бехистун жазуы»
- Рөлдік ойындарға байланысты киімдер, «қару - жарақтар»,
- Тұмар патшайымның суреті,
- Шырақтың суреті,
- Тарихтың атасы - Геродоттың суреті,
- Заратуштра мен Ахура - Мазда құдайы,
Пәнарлық байланыстар: Әдебиет, Қазақстан тарихы, Дінтану,
Қатысушылар:
1. Тарих - Ата
2. Кир патша
3. Томирис патшайым
4. Сақ жауынгерлері
5. Парсы жауынгерлері
6. І Дарий патша
7. Шырақ
8. Иданбарыс
Сабақтың жүрісі мен мазмұны:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Сабағымызды бастамас бұрын сіздерді еліміздің Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтаймын!
Бүгінгі сабағымыз «Ежелгі Парсы патшалығы» деп аталады және ол басқа сабақтардан ерекше болғалы тұр. Өйткені ол - Тәуелсіздік мерекесіне арналған спектакль сабақ болмақ. Ендеше, театр сабағымызды бастайық!
( Жәй музыка ойналып тұрады. Ортаға Тарих – Ата шығады).
Тарих Ата:
-(Тақтадағы картадан көрсете отырып): Ежелгі дәуірде, өздерің білетін Вавилонның оңтүстік - шығысында парсы тайпалары өмір сүретін еді. Олар сырқы жауға қарсы күресте бірігіп, тайпа одақтарын құрды. Оны ахемен деген рудан шыққан көсемдер басқарды. Солардың ішінде Кир (парсыша Кураш) есімді қабілетті көсем болды.
Кир:
- Ахемен әулетінің билігін нығайтып, бұрынғы Ассирия империясының аумағын түгел жаулап алған парсы патшасы, халықтар «Ұлы Кир» деп те атайтын Кир ІІ - ші мен боламын! Мен туралы елімде мынадай аңыз да бар:
Мені кішкентай кезімде ерекше бір аң емізіп, асырапты. Одан соң мені мал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп өсіріпті. Сөйтіп, құдіретті аң сүтінен нәр алып, қасиетті болып өсіппін. Сол айтылғандай, Мен парсы тайпаларының одағын күшейттім, басқару жүйесін жетілдірдім. Содан соң б. з. б. 546 ж. өзімді парсылардың патшасымын деп жарияладым. Бір кезде Вавилонның солтүстік - шығысында Мидия мемлекеті пайда болған еді. Ассирияның әлсіреуі - Мидияның күшеюіне мүмкіндік берді. Сол Мидиялықтар Вавилонмен одақтаса отырып, әлсіреген Ассирияны талқандады. Бұдан соң, күшейген Мидия мемлекеті Кіші Азияға, оның оңтүстігіндегі біздің парсы еліне де өктемдігін жүргізді. Бірақ Мидияның Вавилонмен достығы ұзаққа бармай, екеуінің арасында қанды соғыс басталды. Мидияның патшасы Астиаг пен Вавилон билеушісі Набонид соғысып жатқан кезде, мен парсыларды Мидияға қарсы көтердім де, Астиагты оңай жеңдім. Мидияны жеңген соң, Мен Кіші Азиядағы бірнеше мемлекетті өзіме қараттым.
Тарих Ата:- Ал Вавилонды, Финикия мен Палестинаны қалай жаулап алғаныңды айтшы?
- Бұл кезде Вавилонның өз ішінде де алауыздықтар басталған еді. Әсіресе, Абыздар мен саудагерлер патша билігінің әлсіздігіне наразы болды. Осыны білген мен өзімді Вавилон діні мен мәдениетінің қамқоршысымын, елде тыныштық орнатамын деп мәлімдедім. Маған сенген абыздар мен аудагерлерге арқа сүйеп, барлық әскерімді бастап, Вавилонға басып кіріп, билікті өз қолыма алдым. Ал әуелде Египетке тәуелді болған Финикия мен Палестина маған онша қарсылық көрсете қоймады. Осы жеңістеріме мастанған мен Орта Азиядағы сақ жерін өзіме қаратуға ұмтылдым.
Тарих - Ата:
- Кирдің айтып тұрған массагет сақтарының сол кездегі патшайымы - Томирис болатын. Ол б. з. б 570 - 520 ж. ж. өмір сүрген. Массагеттер тарихта «Ұлы сақтар» деген атпен қалған ең жауынгер, батыр ел болған. Талай елді жаулап алып, қан қақсатқан Кир патшаның ендігі ойы осы елді өзіне қарату болатын....
(Ортаға Томирис патшайым жауынгерлерімен шығады):
Кир Томириске:
- Ей, патшайым, маған тұрмысқа шық та, елің мен жеріңді менің иелігіме көшір!
Томирис:
- Мәселе менің жеке өз басыма тіреліп тұрса, мен келісер едім. Ал, халқымның тағдыры сынға түсіп тұрған шақта, мен бұл тілегіңді қабылдай алмаймын!
Кир:
- Онда тұрысатын жеріңді айт!
Томирис:
- Мұның дұрыс! Қонақсың ғой. Асау дарияның қылтасында тосып алмай - ақ қояйын! Мен өз сарбаздарымды дариядан 3 - күндік жерге шегіндіремін. Сен судан әскеріңді өткізіп ал! Содан соң, кең далада армансыз шайқасамыз!
(Сақтар мен парсылардың соғысын бейнелейтін көрініс. Сақтар жеңеді.)
- Қан іздеп келген еліме, қанішердің Кир деген, Басын кесіп алыңдар, қан майданда күйреген!
Керегі қан болса, тойғанынша жатсын, ішіп!
Тарих Ата:
- Осы соғыста патшайымның жалғыз ұлы Спаргапис қаза болып, Кир патша Ұлы Сақ Даласында өз ажалын табады. Осылайша сақтар өз елінің тәуелсіздігін сақтап қалды.
- Кирдің жеңілісінен кейін 11 жылдан соң, Парсы елінде мынадай оқиға болды:
І Дарий:
- Мен І Дарий патша б. з. б. 522 - 486 жылдары билік құрдым. Бағындырылған халықтардың көтерілісін басуға бірнеше жыл кетті. Көтерілістерді басқан соң, мен елдің басқару жүйесіне өзгерістер енгізе бастадым. Әуелі елді 20 аймаққа бөлдім. Әр аймақты басқаратын хакімдерді тағайындадым. Олар маған салық төлеп тұрды. Сонымен бірге, аймақтарда әскери бөлімдер құрып, оларды басқаратын әскербасыларды тағайындадым. Олар хакімдерге емес, тікелей өзіме бағынатын болды. Әскербасылар аймақ хакімдері үстінен маған шағым айта алатын еді де, керісінше, хакімдер де әскербасылар үстінен тікелей өзіме шағымдана алатын болды. Бұл жағдай жергілікті билеушілерді маған тәуелді етті. Менің тағы да бір енгізген жаңалығым - таза алтын теңге - «дарикті» шығаруым болды. Оны тек біз ғана емес, басқа көптеген елдер де құнды ақша ретінде пайдаланды. Бұл жағдай менің де, елдің де беделін көтерді.
Тарих Ата:
- Дарий патшаның жасаған тағы бір ісі - әр аймақтағы сауданың, байланыстың дамуы үшін үлкен жол салуы. Ол - Сарды қаласынан - Кіші Азияны басып өтіп, Тигр өзенінің бойымен Вавилон мен Сузы қалаларына дейін созылды. әр 20 шақырым сайын бекеттер мен керуен сарайлар салынды. Шабармандар мен хат тасушылар хабарды бір бекеттен екінші бекетке жеткізіп отырды. Осы жолмен патшаның жарлықтары оның шет аймақтарына тез жеткізіліп отырды. Бұл жол сол себепті де «патша жолы» деп аталып кетті.
(Картадан көрсетеді).
І Дарий:
- Мен елдің шекарасын кеңейтуге де көп көңіл бөлдім. Көрші елдерге үлкен жорықтар жасап отырдым. Сондай жорықтардың бірі - сақтарға қарсы жорық болды. Б. з. б. 518 ж. 300 мыңдық қолмен жорықты өзім бастап шықтым. Олар орасан көп әскерге төтеп бере алмады, бірақ толық жеңілмеді де.
Тарих - Ата:
- Ежелгі грек тарихшысы Полиен сақтардың ерлік істері туралы таңғала жазады. Ол оқиға былай болған еді:
Шырақ:
- Мен - Шырақ атты қарапайым сақ жауынгерімін.
Сақтардың қаһармен көсемі - Томирис патшайым бұл кезде өмірден өткен еді. Сырдариядан өткен Дарийдің қалың қолына қарсы алғашқы шайқас біз үшін сәтсіз болды. Қалған әскеріміз кейін шегінді. Осындай қысыл - таяң шақта көсемдердің алдына келіп, бұл қиын жағдайдан шығудың амалын тапқанымды айттым. Ақылдаса келіп, көсемдер менің айтқан амалымды құп алды. Өз денемді пышақпен жаралап, парсыларға барып, сақ көсемдерінен жәбір көргенімді айттым. Сөйтіп, парсы әскерін сақтарға бастап барам деп алдап, адастырып, сусыз шөлге апардым. Жүре – жүре сілелері қатып, шөлден қырылған парсылар алданғанын бір - ақ білді.
- Жеңіс деген осы! Ата – жұртымды жаулап алмақ болған қанқұйлы жауды жалғыз өзім шөлге қамап, дымын құрттым! ( Мақтанышпен айтып, шығып кетеді)
Тарих - Ата:
- Шырақ осылайша ата жұрты үшін ерлікпен жан тапсырды. Ал, Дарий болса, баяғы арийлерден қабылдап алған Ахура - Мазда құдайына жалбарынып, көктен жаңбыр тіледі. Сіркіреп өткен жаңбыр қалың әскерді құтқара алмады.
Сөйтіп, сақ еліне кек алуға келген Дарий әскерінің жартысын шөл далада қалдырып, еліне әрең жетеді. Ол еліне келген соң, сақтарды жеңіп келдім деп жар салады. Өз жеңісін тасқа қашап жаздырады. Ол жазу тарихта «Бехистун жазуы» деген атпен белгілі.
І Дарий:
Өзімнің сақтарды жеңгенімді қаншама дақпыртқа айналдырсам да, іштей Шырақтан көрген қорлығыма қатты күйіндім. Сондықтан көп ұзамай, б. з. б. 512 жылы сақ даласына екінші рет жорыққа аттандым. Бұл жолы жорыққа 700 мың қол, 600 кемемен мұқият дайындалдым. Жорықты Истр (қазіргі Дунай) өзенінен өтіп бастадым.
Тарих - Ата:
- Иданбарыс бастаған сақтар ескі әдістеріне тағы салды. Олар төбелері қылт етіп көрініп, кең далаға қарай шегіне берді, шегіне берді. Дарийдің оларды қуа - қуа әбден сілесі қатты.
І Дарий:
- Ей, ақымақ! Сен неге қаша бересің? Егер сен өзіңе сенсең, қаңғыруыңды тоқтатып, майданға шық! Ал, күшіңе сенбесең, жер - суыңды маған сыйла да, мәмлеге кел!
Иданбарыс:
- Мен бұрын да, қазір де ешкімнен сескеніп, жалтарып көрген емеспін. Біз «қаламыз қирайды - ау, егініміз шықпай қалады - ау»-, деп алаңдамаймыз, сондықтан да сендермен соғысқымыз жоқ. Қай уақытта көңіліміз қаласа, сол кезде сендермен шайқасамыз! Ал өзіңе жер мен судың орнына лайықты сыбағаңды береміз!
- Шешуші шайқасқа әзірлендім. Әскерімнің бір тобын Истрға, салған көпірді бұзуға жібердім, қалған қолмен жауды қоршай бастадым. Дарий сол сәтте тағы да алданғанын біліп, жаралы жауынгерлерін сақ жеріне қалдырып, Дунайдан өтуге асығып, кейін шегінді. Әупірімдеп судан өткен Дарий бұдан былай сақ даласын көрместей болып, еліне қарай зыта жөнелді. Бұдан кейін парсылардың Ахемен әулетінен шыққан билеушілер сақ даласына аттап баспады!
Тарих Ата:
- Дүниені қаһарымен тітіренткен Ұлы Кир, Дарий сияқты патшалардың өзі жауынгер сақ иайпаларының тегеурінді қарсылығына тап болып, жеңіліс тапты. Мыңдаған, жүздеген жылдар мен ғасырлар бойы сол сақтардың ұрпақтары тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтап келді және қанын да жанын да сол үшін сарп етті. Бүгінгі еліміздің Тәуелсіздігі мәңгілік болсын!
Оқушы білімін бекіту:
- Сақтардың жауынгерлігі мен қаһармандығы туралы қандай ежелгі тарихшылардың пікірлері мен шығармаларын білеміз?
- Осы қойылымнан қандай әсер алдыңыздар? (оқушылардың өзіндік ой - пікірлерін тыңдау).
- Картамен жұмыс: картадан Дунай өзенін (Истра), Сырдария өзенін, Сарды, Вавилон, Сузы қалаларын, Кіші Азияны, Мидия, Ассирия, Палестина мемлекеттерін тауып, көрсету.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: - материалды оқу.
- тарихи тұлғаларға сөздік портрет әзірлеңдер.
- тақырып бойынша сурет салып келуге тапсыру.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сақтар

Сақтар

ШҚО, Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 мектебінің тарих пәнінің мұғалімі: Омирбаева Меруерт Даулетбековна...
Ежелгі Бактрия

Ежелгі Бактрия

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы №52 Б.Аралбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Әбуова Гүлназ...
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі Білімділік мақсаты: Оқушыларға сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресте ерліктерін баяндап,...
Ескендір Зұлқарнайын жорықтары

Ескендір Зұлқарнайын жорықтары

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәнінің мұғалімі: Байбатырова Мира...
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×