«Жас тарихшы» танымдық білім сайысы
Білімділік: Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге, білімдерін тиімді пайдалануға баулу.
Дамытушылық: Ой - әрекетін дұрыс талдай отырып, топтастыруға, жинақтай, нақтылай білу, арнайы есте сақтау, шапшаң ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бір - бірін силауға, сын көтере білуге баулып, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл зерделі тұлға тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, пікір талас
Көрнекілігі: Нақыл сөздер
Жүргізуші сөзі: Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта Жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы - білім. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Жүргізуші сөзі: Құрметті аяулы көрермендер
Білімнен сусындаған жас өрендер
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге
Бұл кеш қалсын мәңгі есіңізде - дей отыра бүгінгі «Жас тарихшы» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер
Жүргізуші сөзі:
Әділеттік болмаса егер шығар алға
Бұл дүние жақсылардан қалар ада
Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз
Мықтыларға берер деп әділ баға - дей келе, бүгінгі ойынымызға төрешілік жасайтын әділ - қазы алқаларымен таныс болайық.
1.
2.
3.
Жүргізуші сөзі:
Шақырамыз сайыскерді ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана
Сайыскер өнеріңді ортаға сал
Осы кеште біліміңді сынап ал
Білмегеніңді осы кеште біліп ал. Олай болса ойынымызға қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1 - сайыскер
2 - сайыскер
3 - сайыскер
4 - сайыскер
5 - сайыскер
6 - сайыскер
Жүргізуші сөзі:
Таныстырып өздерін
Ұрандарын айтады
Білімдерін көрсетіп
Әділ баға алады. Ойынға қатысушы сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтеді.
Сайыскерлерді таныстыру.
Жүргізуші сөзі: Құрметті сайыскерлер, сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1 - кезең: Бәйге
2 - кезең: Жеті жұрттың тілін біл
3 - кезең: Ғажайып әлем
4 - кезең: Маңызды сегіз сұрақ
5 - кезең: Шешендік өнер
6 - кезең: Жорға
Бір ескере кететіндігі әр бір екі кезеңнен кейін ұпайлары төмен екі оқушымен қоштасып отырамыз.
Жүргізуші сөзі:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма
Біліммен өнер жарысып
Тәрбие - тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда!
Деп сайысымыздың бірінші кезеңі: «Бәйге»
Шарты: әр оқушымызға жеке - жеке бес сұрақтан қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Онда сәт сапар тілейміз!
1 - Сайыскер:
1. Еліміздің оңтүстік астанасы: (Алматы)
2. Астана қаласының символы: (Бәйтерек)
3. 1993 ж. 15 - қарашада болған оқиға (Валюта енгізілді)
4. Тарихтың атасы: (Геродот)
5. Қазақстан Республикасының «Мәдениет және ақпарат» министрі (Мұхтар Құл - Мұхаммед)
2 - Сайыскер:
1. «Мен қазақпын» поэмасының авторы: (Ж. Молдағалиев)
2. Елбасымыздың мамандығы: (Инжинер - металлург)
3. Қазақтың соңғы ханы: (Кенесары)
4. «Алтын адам» қайдан табылды? (Есік қорғанынан)
5. Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы: (Н. Тілендиев)
3 - Сайыскер:
1. Жоғарғы Заң шығарушы органы: (Парламент)
2. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған мемлекет: (Түркия)
3. «Екінші ұстаз» атанған ғұлама (Әл - Фараби)
4. 2009 жылы 25 - ақпан мен 6 - наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға: (Халық санағы)
5. Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет: (Ресей)
4 - Сайыскер:
1. 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды?(ғасыр)
2. Қ. Р - ның туының авторы (Ш. Ниязбеков)
3. Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген мемлекет (Жоңғар)
4. Әмір Темір қай жерде қаза болды (Отырарда)
5. Тасқа салынған сурет (Петроглифтер)
5 - Сайыскер:
1. Қ. Р - на сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден. (Халық қаһарманы)
2. Қазақтың тұңғыш суретшісі: (Ә. Қастеев)
3. Астана қаласының бұрынғы атауы: (Ақмола, Целлиноград)
4. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы: (А. Құнанбаев)
5. Қ. Р - ның «Білім және ғылым» министрі: (Б. Жұмағұлов)
6 - Сайыскер:
1. Тәуке ханның заңдар жинағы: (Жеті жарғы)
2. Қазақтың тұнғыш ғарышкері (Т. Әубакіров)
3. Көшпенділер трилогиясының авторы: (І. Есенберлин)
4. Қазақтан шыққан академик (Қ. Сатпаев)
5. Ж. Жабаевтың ұстазы (С. Аронұлы)
ІІ - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Шарты: Ойыншыларға жалпылама мақал - мәтелдер айтылады. Сол мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды шешіп жауабын үш тілде айтуы керек. Бір ескерте кететіндігі осы 2 - кезеңнен кейін ұпайлары төмен екі ойыншымен қоштасамыз.
1. Тіл тас жарады, тас жармас бас жарады
Бас - голова - хед
2. Өнер алды қызыл тіл
Қызыл - красный - ред
3. Қыстың қамын жаз ойла
Жаз - лето - самме
4. Денсаулық зор байлық
Байлық - богатство - уелс
5. Білім өмір шырағы
Өмір - жизнь - клен
6. Кіта білім бұлағы
Білім - знание - чолидж
7. Батыр қол бастар,
Шешен сөз бастар
Сөз - слова - ут
8. Ер бір рет өледі
Қорқақ мың рет өледі
Мың - тысяча - уан таузент
9. Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас
Жер - земьля - өз
10. Алуан сурет салады
Көргендер сурет салады, бұл не?
Аяз - мороз - уери колт
11. Ұстай қалсаң еріп кетер,
Әуре болма теріп бекер, бұл не?
Қар - снег - снөу
12. Жазудан бір жалықпаған
Жаза - жаза арықтаған
Бор - мел - шок
Жүргізуші сөзі: Олай болса келесі сөз кезегін әділ - қазы алқаларына берейік.
Жүргізуші сөзі: 3 - кезең «Ғажайып әлем»
Шарты: бұл кезеңде 3 тақырып берілген. Әр тақырыпта 10 нан 40 қа дейінгі сандар жазылған. Әр ұяшықтың астында тақырыптарға сәйкес сұрақтар жапсырылған.
1. Есімдер сыр шертеді
2. Ұлы тұлғалар
3. Өлең тарихтың ажары
1. Есімдер сыр шертеді.
10 ұпай. Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр
20 ұпай. Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхамад - Қанафия
30 ұпай. Қабанбай батырдың шын есімі: Ерасыл
40 ұпай. Әйтеке бидің шын есімі: Айтақ
2. Ұлы тұлғалар.
10 ұпай. Бұл тарихи тұлға 1802 - 1847 ж. ж аралығында өмір сүрген Абылай ханның немересі. 1837 - 1847 ж. ж болған ұлт - азаттық көтерілістің басшысы, қазақтың соңғы ханы: Кенесары Қасымұлы.
20 ұпай. Бұл тарихи тұлға ұлтымыздың ағарту саласында көп еңбек еткен. Қазақ даласында бірінші болып қыздарға арнап мектеп ашқан ағартушы педагог, балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай Алтынсарин.
30ұпай. Ол - жазушы. Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы. 2010 жылы ол кісінің 100 жылдық мерей тойы тойланып, Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Оның «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Артымызда Москва» т. б еңбектері белгілі. Бауыржан Момышұлы.
40 ұпай. Ол - ұлт - азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тілі мен әдебиет тану ғылымдарының негізін салушы. Өзінің сенімді достары Ә. Бөкейханов, М. Дулатов пен бірге 1913ж. бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ахмет Байтұрсынұлы.
3. Өлең сөзің ажары.
10 ұпай.
Ағынды менің Ақсуым
Арқырап әлі ағарсың
Ақиланған ашумен
Ақтарды асқар сабағын. І. Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым»
20 ұпай.
Мектетегі балалар
Айтайын біраз сөзімді
Ұядағы түлектей
Білімге сал көзіңді. Қ. Терібаев «Оқушы жастарға»
30 ұпай.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған. М. Мақатаев «Отан»
40 ұпай.
Қазағым, елім
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып
Талауды малың
Қанауда жаның
Аш көзіңді оянып. Кімнің өлеңі? А. Байтұрсынұлы «Жиған - терген»
Жүргізуші сөзі: 4 - кезең «Маңызды 8 сұрақ»
Шарты: Бұл сайыста әр сайыскер сан таңдайды, артында пән аттары, және сол пәнге байланысты сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауап 10 ұпай.
1. Математика: Әл - Фараби 870ж. туылып, 950 ж. қайтыс болды. Ол қазір неше жаста, неше жыл өмір сүрді. (1141 жаста болар еді, 80 жыл өмір сүрді.)
2. Қазақ тілі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай? Ол Конституцияның нешінші бабымен бекітілген? Конституцияның деген сөз қай септікте тұр? (Қазақ тілі; 7 бабымен; Ілік септігінде)
3. География: Қазақстан территориясының көлемі дүние жүзі бойынша нешінші орын алады? Онда неше облыс бар? (9 орын; 14 облыс)
4. Биология: Қазақстандағы қорықтар саны қанша? Оларды ата? Қандай аңдар мен құстар мекендейді?
5. Әдебиет: Абай Құнанбаев кім? Оның жазушылығы мен қатар қандай қырын білесіңдер? Еңбектерін ата? (Ұлы ақын; Аудармашы;)
6. Тарих: Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? Көтеріліс қанша жылға созылды? (1783 - 1797ж. ж; көтеріліс 14 жылға созылды)
7. Музыка. Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген, сазгер, аспаптық музыканың классигі, аса көрнекті күйші кім? Еңбектерін ата: (Құрманғазы Сағырбайұлы, «Ақсақ киік», «Қайран шешем», «Адай» т. б)
8. Спорт әлемі: Афины олимпиадасында алтын медальға ие болған кім? Және спорттың қай түрінен? (Бақтияр Артаев, бокстан)
Жүргізуші сөзі: Сайысымыздың келесі кезеңі, яғни 5 - кезеңі «Шешендік өнер».
Жақсы сөзге жүрегі жай табатын
Өз ойын дәлелдеп нақты айта алатын
«Егер мен деп» шәкірттер шықсын алға
Шарты: ойыншыларымыз қима қағаздарды таңдайды, қандай тақырып шықса, сол тақырып бойынша өз ойын айтады.
1. Егер мен ауыл әкімі болсам...
2. Егер мен ауылдан шыққан депутат болсам...
3. Егер мен президент болсам...
Жүргізуші сөзі: Сайысымыздың соңғы кезеңі, яғни 6 - кезеңі
«Жорға». Шарты: Сайыскерлеріміз конверт таңдайды. Ол конвертте қай нұсқа көрсетілсе, сол нұсқаның сұрақтарына жауап береді. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Сұрақтарға тез әрі толық жауап беру керек.
А - нұсқасы:
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? 42
2. Қазақтың 3 биі: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би.
3. Партизан жазушы: Жұмағали Саин
4. Исатайдың ақын досы: Махамбет
5. Абылай тұсындағы атақты жырау: Бұқар жырау
6. Қазақтың музыкалық аспабы: Домбыра
7. Жиренше шешеннің жары: Қарашаш
8. Абылайдың шын есімі: Әбілмансұр
9. Адай күйінің авторы: Құрманғазы
10. Мына мақалды жалғастыр: Отан -...........(Оттан да ыстық)
Б - нұсқасы:
1. Нақыл сөз түріндегі сөз мәйегі: мақал
2. Қазақ хандығының негізін салушы: Керей мен Жәнібек
3. Шығыстың қос жұлдызы атанған Кеңес Одағының батырлары: Әлия мен Мәншүк
4. Абылайдың лақап аты: Сабалақ
5. Ашытылған бие сүті: қымыз
6. Қазақтың соңғы ханы: Кенесары
7. Қобыландының жүйрік аты: Тайбурыл
8. 1986 ж. болған оқиға: Желтоқсан оқиғасы
9. Шыңғыс ханның шын есімі: Темучин
10. Мына мақалды жалғастыр: Өнер алды -......... (қызыл тіл)
Жүргізуші сөзі: Ойынның шешуші сәті, әділ - қазы алқалары сөз кезегі өздеріңізде.
Осымен бұл қызықты тамамдайық
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ
Үйрендік білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі көріп тамашалаған зердені жетілдіру «Жас тарихшы» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.
«Жас тарихшы» танымдық білім сайысы
- Mika
- 20 наурыз 2013
- 11996
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жас тарихшы, танымдық білім сайысы, тарих
Ұқсас жаңалықтар:
Жігіттің сұлтаны
Бүгінгі «Жігіттер сұлтаны» атты сайысымызға хош келдіңіздер! Енді сіздердің рұқсаттарыңызбен бүгінгі кеште өз өнерлерін көрсететін өнерпаздарымыздың...Қазақстан менің отаным
Мақсаты: Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық белсенділігін арттыру. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;...Жас тарихшы танымдық білім сайысы
Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...Батырлар - ел қорғаны (танымдық сайыс)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы, №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әбішева Мөлдір...Тәуелсіздік – ел тұғыры
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебі Жақыпбекова Асемгул...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.