Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстандағы ұжымдастыру

Бөлім: 8. 3А Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде
Педагогтің аты - жөні: Тілеубаева Роза Күнтуғанқызы
Күні: 04. 02. 2022 жыл
Сыныбы: Қатысушылар саны: 10 Қатыспағандар саны: 1
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ұжымдастыру
Зерттеу сұрағы: Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 8. 3. 1. 7 – ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы әміршіл - әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін:
ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы әміршіл - әкімшіл жүйе саясатының зардаптарының өзгерістерін түсінеді.
Көпшілік оқушылар үшін:
ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы әміршіл - әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын сипаттай алады.
Кейбір оқушылар үшін:
ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы әміршіл - әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын біледі.
Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым - қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Cабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты Педагогтің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин. Ұйымдастыру кезеңі: Сандар арқылы оқушыларды топқа бөлу, бір - біріне жақсы тілектер айту

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай - ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір - біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Жаңа сабаққа кіріспе
«Білім ағашы» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. 1. Сталиндік ұжымдастыру деген не?
2. БК(б) П XV съезі қай жылы, қай айда өтті және онда не туралы айтылды?
3. Көшпелілерді күштеп ұжымдастыру дегеніміз не және неге оларды күштеп ұжымдастырды?
4. Қазақстандағы ұжымдастырудың қарқыны мен барысы қандай жағдайда жүргізілді және неге күшпен жүргізілді?
5. 125 беттегі қосымша мәлімет туралы не білесің?
6. 1928 - 1930 жылдардағы астық және ет дайындау науқандары қандай жағдайда жүргізілді?
7. Қазақстандағы жаппай ұжымдастыру неге алып келді? Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин. «Адресті сұрақ» әдісі. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма беріледі. Оқып болған соң қағазға сұрақтар дайындау сұралады. Екі топ сұрақтармен алмасып, бір - бірінің сұрағына жауап береді Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы әміршіл - әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын түсіндіреді. Презентация
«Броун қозғалысы» әдісі. Тапсырмалар айдарындағы 1 - тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. 1 - Топ
1931 - 33 жылдардағы зобалаң туралы мәтінді жинақтап, өз ойларымен бөліседі.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Тапсырманы орындайды және талдау жасайды. ДК экраны
8 - сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Тапсырмалар айдарындағы 2 - тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. 2 - Топ
1. XX ғасырдың 30 - жылдарындағы Қазақстандағы зобалаң мәтінін жинақтап, оқып, өз ойларымен негіздейді.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Тапсырманы орындап, өз ойларымен бөліседі. ДК экраны
8 - сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин. «Сенемін - сенбеймін» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. Жеке жұмыс: - мұғалімнің қойған сұрақтарына сенемін, сенбеймін деп жауап береді Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын!

Сонымен қатар 1 - 10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Заттардың пайда болуы мен оларға қол жеткізу

Заттардың пайда болуы мен оларға қол жеткізу

Оқу мақсаты: 6. 3. 3. 4 Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын атау және көрсету....
«Алып Ер Тоңға» жыры

«Алып Ер Тоңға» жыры

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6 Б/С1 Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және...
Статистикалық мәліметтер

Статистикалық мәліметтер

Сабақтың мақсаты: 1. Статистикалық мәліметтер туралы білу. 2. Салыстырмалы және абсолюттік сілтемелерді түсіну....
Ақпаратты шифрлеу

Ақпаратты шифрлеу

Сабақтың мақсаты - Мәтіндік ақпараттың кодтау және декодтаудың жолдарын түсіну және қолдану. - мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау әдістерін...
Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы

Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы

Шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×