Сайтқа кіру Тіркелу

Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер

Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер
Егіншілік пен мал ұстау адамдардың өмірін қатты өзгертті. Жұрт отырықшы болды, көршілесіп топталатындар саны артты. Топтар іріленіп, ұйымдасып, қатаңдана түсті. Осылардың біразы белгілі бір тілдер мен тіл топтарының өзгелердің есебінен тарауында шешуші рөл атқарды.
Егіншілік пен мал бағу әсер еткен Таяу Шығысқа назар аударсақ. Ауыл шаруашылығы қазіргі Ирак, Түркия, Сирия және Израиль аумағында пайда болды, бұл жерлер «Құнарлы жарты ай» деген атаумен де белгілі. Адам өмір сүру дағдысының өзгеруі үндіеуропа тілдерінің таралуына қалай әсер еткенін түсіндіруге тырысқан белгілі екі тұжырым бар.
Біріншісі соғыстар мен басқыншылықтың төңірегіне шоғырланған. Біраз археологтар үндіеуропалықтарды Қара теңіздің солтүстігіндегі шағын аймақтан шығып, бүкіл Еуропа мен Азияның жартысына билік жүргізген жауынгер ретінде таниды. Бұл бес мың жылдай бұрын басталып, қысқа ғана мерзім ішінде іске асты. Олардың жолында кездескен халықтар ана тілдерін ұмытып, басқыншылардың тіліне ауысты.
Бұл, әрине, оқиға осылай өрбуі мүмкін деген жорамал ғана, тарихтан осыған ұқсас оқиғаларды кездестіруге болады. Рим билігі осылай бірнеше жүз жыл кеңейген. Одан бөлек, б. з. д. VII - VIII ғасырларда мұсылмандар Солтүстік Африка мен Азияның оңтүстік - батысын жаулап алған, ал бірнеше ғасырдан кейін осы жерлердің басым бөлігі араб тілін ана тілі ретінде таныды.
Бірақ бес мың жыл бұрын болуы мүмкін параллель іс жүзінде соншалықты жақын емес. Римдіктер мен арабтардың мектептері, жазуы, ресми тілді қолданатын әлеуетті мемлекеті болды. Мұның бәрі тілдің пайдасына қызмет етеді. Ал мұндай мүмкіндігі жоқ ғұндардың еділі (Аттиласы) немесе моңғолдардың Шыңғыс ханы сияқты басқыншылар өз тілін тарата алмады. Ал үндіеуропалықтардың мектебі де, мемлекеттік бюрократиялық аппараты да, жазуы да болған жоқ. Сонда олардың тілі қалайша соншалық үлкен аумақта тұратын көп халық арасында сондай қысқа уақыттың ішінде өте табысты болды? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес, сондықтан өзге де тұжырымдарды қарастырайық.
Бұдан біз екінші және негізгі көзқарасқа келеміз. Ол бойынша шешуші фактор – басқыншылық емес, егіншілік. Археологиялық қазбалар жаңа технологияның Таяу Шығыстан шығып, жайлап Оңтүстік - Шығыс Еуропаға тарап, одан Оңтүстік - Батысына жетіп, бірнеше мың жылдан кейін Солтүстік Еуропаға жеткенін көрсетеді. Бұрын айтқанымыздай, технологиядағы прогресс халық санының айтарлықтай өсуіне алып келді. Ауыл шаруашылығымен айналысқан адамдар үндіеуропа тілдерінде сөйлеген алғашқы адамдар болса керек. Толассыз өзгеру процесінің себебінен ол көп кешікпей басқа тілдерге айналып кетті.
Мұны соғыс пен басқыншылықтан көрудің еш қажеті жоқ. Сан жағынан басым, өндіріс әдісі жаңадан келгендер саны аз терімшіліре мен аңшыларды ығыстырып жіберді. Жер әдетте соғыс арқылы алынған жоқ. Фермерлердің балалары әке - шешесіне жақын орналасқан жерлерді игеріп, ауыл шаруашылығының ауқымын кеңейте түсті.
Бұл бір тіл тобының қалай мұншама үлкен кеңістікке тарағанын жақсы түсіндіреді. Көңілге жағымды сөз. соған қарамастан, мұны тілдердің таралуына байланысты кейбір деректер хронологиясымен байланыстыру қиынға соғады. Археологтер мен тарихшы - лингвистер арасында бұл сұрақтар төңірегінде үнемі қызу тартыс болып тұрады.
Қалай болғанда да, үндіеуропа тілдерінің кеңінен таралуы шамамен соңғы он мың жылда жүрген болуы керек. Ал басқа үлкен тіл топтары қалай пайда болды?

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл тарихы: Герман, Славян және Роман тілдері

Тіл тарихы: Герман, Славян және Роман тілдері

Ежелгі ағылшын, ежелгі неміс және ежелгі норвег тілдерін салыстырсақ, ол тілдердің қазіргі заманғы нұсқаларына қарағанда, бір - біріне ұқсас екенін...
Тіл қашан пайда болды?

Тіл қашан пайда болды?

Әлбетте, Адам атаның жаратыла салысымен сөйлегенін білеміз. Өйткені Адам атаға бірден мынадай тапсырма берілді: «Жаратқан Ие топырақтан түрлі...
Оңашадағы ойлар

Оңашадағы ойлар

Қалай туып, қалай өлетінің маңызды емес, қалай өмір сүргенің маңызды. Келесі шынайы өмірің осыған байланысты болғандықтан....
КХДР билігі Оңтүстік Кореямен ынтымақтастық жөніндегі штабты жарды

КХДР билігі Оңтүстік Кореямен ынтымақтастық жөніндегі штабты жарды

Оңтүстік Корея шенеуніктерінің айтуынша, Солтүстік Корея шекаралас Кэсон қаласының жанында орналасқан Оңтүстік Кореямен өзара әрекеттесу үшін...
Ұлы Жібек жолы

Ұлы Жібек жолы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×