Сайтқа кіру Тіркелу

Ғұн тайпаларының бірігуі

5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғұн тайпаларының бірігуі.
Зерттеу сұрағы: «Неге Мөде шаньюй жер - мемлекеттің негізі» деді.
Оқу мақсаты: 5. 3. 1. 2. Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Ғұндар мен көрші мемлекеттер арасындағы қарым – қатынастарын анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі: Карта арқылы көрші мемлекеттермен жауласу себептерін түсіндіреді. Ғұндар үшін жер маңызды болғанын түсіндіреді.
Кейбір оқушылар: Ғұндардың мемлекеттік дәрежеге қалай жеткенін түсіндіреді.
Бағалау критерийі: Ғұн тайпалық бірлестігінің құрылу алғышарттарын анықтайды.
Тілдік мақсаттар: «Ойлан - жұптас - бөліс» тәсілі арқылы, ғұндар туралы жазған көне заман тарихшыларының жазбаларынан үзінді оқып айтады.(айтылым).
Жер туралы аңыздың идеясы неде? екенін мәтіннен оқып негізгі ойды анықтайды. (оқылым).
Мемлекеттің басқару жүйесін талдайды.(жазылым).
Пәнге қатысты лексика мен терминология: шаньюй, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы, халық жиналысы.
Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
- Мөде шаньюй«жер мемлекеттің негізі» деді, өйткені....
- Не себепті.... мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары түменбасы деп аталды.
- Шаньюй бұл....
Құндылықтарға баулу: М. Е. Өз тарихымызға, мәдениетімізге құрметпен қарау.
Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, әдебиет
Алдыңғы білім: Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар туралы білімдері қалыптасқан.
Сабақтың басы:
Ұйымдастыру шаралары: амандасу, оқушыларды түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, шаттық шеңберіне тұрып, гүл сыйлау арқылы, бір - біріне тілектерін айту.
Топтарға бөлу: I - топ: сақтар, II - топ: үйсіндер, III - топ: ғұндар
Үй тапсырмасын тексеру: «Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша тарихшылардың жазбаларынан мәтін жасыру.
«Кім жүйрік» ойыны арқылы төрт оқушыны тақтаға шығарып, маңдайларына: гүньмо, хан, патша, шаньюй деп жазылған смайликтер жапсырып, бұл қай елдің титулы екенін тауып, рет - ретімен орналастыру. (смайликтер арқылы бағалау)

Тапсырма 1. Электронды оқулықтан көрсете отырып, сұрақтар қою арқылы диалогке тарту.
- Суреттен не көріп отырсыңдар?
- Бұлар туралы не білесіңдер?
- Көріністі сипаттап айтып беріңдер?
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар? (Ауызша мадақтау)

Шығыс Қазақстан облысы,
Қабанбай ауылы, Тарбағатай ауданы,
К. Төгісов атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі C. Канагатова
Ғұн тайпаларының бірігуі, жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×