Сайтқа кіру Тіркелу

«Алпамыс батыр» жыры – ерліктің дастаны

Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры – ерліктің дастаны
Сабақтың мақсаты:
Ата - бабамыздан қалған өшпес мұра «Алпамыс батыр» жырын жаттау, батыр туралы әңгімелей отырып, топпен жұмыс жасау, қызығушылықтарын арттыра отырып, сөздік қорын, таным - ықыласын дамыту. Оқушыларды батылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, сурет көрмесі, слайдтар, шашка, ойыншық аттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Батыр болып жүректі,
Батыр болып білекті,
Қарсыласқан дұшпанды
Қайратымен жасқапты.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Топқа бөліну. «Байбөрі», «Алпамыс», «Жәдігер» (түрлі түсті конфет арқылы)
Топ ережелері:
Белсенді қатысу, тыныштық сақтау, бірін бірі тыңдау, ынтымақтастық.
ІІ. Негізгі бөлім.
А) «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, батырлар жырын айтамыз»
Оқушылар жаттаған жыр шумақтарын оқиды.
Ә) Сурет көрмесіне шолу (ата - ата баласының салған суретін әңгімелеп береді, баласы толықтырады)
Б) Топтық жұмыс
Тапсырмалар:
1. «Мықты болсаң, тауып көр» әріп жұмбақ шешу
2. «Атадан қалған асыл сөз» мақал - мәтел сайысы
3. «Ханталапай» блицтурнир, «Жекпе - жек» жұмбақ шешу
4. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» балалар шашка ойнайды, ата - аналар ермексаздан бес қару жасайды.
5. «Шұбар атпен сайыс» ойыншық атпен жарысып барып, тақтадағы мысалдарды шығару.
Мұғалім:
Сендерге артар міндет көп,
Көтерген биік ата салтын құрметтеп.
Ақтай білсең ата - баба үмітін
Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп.
1. «Мықты болсаң, тауып көр» әріпжұмбақ шешу
Сөзжұмбақтар: берілген торға сөздер жазу (зат есім)
Б
Б
Б
Б
Б
2. Мақал сайысы
Батырлық, ерлік туралы айту.

3. 1 - деңгей «Ханталапай» Блицтурнир сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991ж16желт)
2. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын (Абай)
3. Қазақша жылдың басы? (тышқан)
4. Алпамыстың ұлы кім? (Жәдігер)
5. Шаршының ауданын қалай табамыз?
6. Рақымжан Қошқарбаев тапсырманы қашан орындады? (30 - сәуір, 6 сағат 30 минут, 1945жыл)
7. Ақжолтай Ағыбай батыр әкесінен неше жасында айырылды. (екі)
8. Күндіз көрмейтін құс? (жапалақ)
9. Алпамыстың әкесіне отын тасытқан кім? (Ұлтан)
10. Үш биді ата (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
11. Жақсылардың жақсысын ата (өрмек, ұршық, кітап)
12. Қазақстан тұңғыш президентін қашан сайлады? (1991ж1желт)
13. Екі ақынның жарысы қалай аталады? (айтыс)
14. Ең кіші төрт таңбалы сан? (мың)
15. Алпамыс зынданда жатқанда үстіне не түсіп кетеді? (екі серке)
16. Алпамыстың атасының аты, жөні (Байбөрі)
17. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
18. Алпамыстың қарындасы кім? (Қарлығаш)
19. Абай қай жылы туылды?
20. Байбөрі кіммен құда болды? (Сарыбай)
21. Ыбырай қай жылы туылды?
22. Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болған? (отыз)
23. «Мен мұнда картоп аршу үшін келген жоқпын, фашистерді жайрату үшін келдім» кімнің сөзі? (Әлия Молдағұлова)
24. Алпамыс зынданда неше жыл жатты? (жеті)
25. «Күнәдан таза басым бар, жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, бозторғайдай жасым бар» кімнің сөзі? (Қайрат Рысқұлбеков)
2 - деңгей «Жекпе - жек» Жұмбақтар шешу (топ басшылары шығады)
Тұратұғын әр үйде,
Жайлы орын сәбиге.
Шаңғы табан үйшік ол,
Тербететін, әрине. (бесік) Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек. (домбыра)
От ішінде үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі,
Ілгегінде ілгені. (мосы, шәугім)

4. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» балалар шашка ойнайды, ата - аналар мен қыз балалар ермексаздан бес қару жасайды. (садақ, айбалта, қанжар, найза, шоқпар)
5. «Шұбар атпен сайыс» ойыншық атпен жарысу (ұл балалар )
Мәре сызығындағы математикалық тапсырманы орындап келу.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Ұпайларды санау, мадақтау.
Ұлтымыздың батыр жырын қадірлейік,
Жастарды иманды етіп әзірлейік.
Тәрбие мен білімді тең игерген,
Болашағы қазақтың деп тілейік.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алпамыс батыр жыры

Алпамыс батыр жыры

Қазақта «Алпамыс» эпосы халық аузынан ХІХ ғасырдың аяғында жазылып алынған. Бірінші рет басылуы - 1896 жыл. Ең соңғы, толық варианты 1957 жылы ғана...
«Алпамыс батыр» жыры

«Алпамыс батыр» жыры

БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы, Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Саламатова Рашида Сымғалиқызы...
Алпамыс батыр

Алпамыс батыр

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жырдың мазмұнын ашу, композициялық құрылысын, көркемдік ерекшелігін талдау. Жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып,...
Айбыны елдің - Алпамыс

Айбыны елдің - Алпамыс

Сабақ тақырыбы: «Айбыны елдің - Алпамыс» Мақсаты: 1. Білімділік Оқушыларға эпос, жыр, жырау, жыршы ұғымдарына толықтай түсінік беру. 2. Дамытушылық...
Тайбурылдың шабысы. Алпамыс батыр

Тайбурылдың шабысы. Алпамыс батыр

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Керимкулова Меруерт Бахытжановна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×