Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы,
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің
математика және информатика пәнінің
мұғалімі
Тақырыбы: «Мамандығым - мақтанышым» мамандық таңдау кеші
Мақсаты: Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуіне ықпал ету. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Өтілу барысы
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары – мектебіміздің түлектері!
Мектеп бітіруші түлектерімізге кәсіби бағыт - бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбындағы мамандық таңдау кешіне хош келдіңіздер!
Кез - келген саналы баланы «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандықты таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес.
Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. «Неге арналсаң, соны істе» деп, Абай атамыз айтқандай, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Осындай ниетпен шәкірттеріміздің болашағына сәттілік тілей отырып, кешіміздің шымылдығын әсем бимен ашқымыз келеді.
Би - шашу.
Жүргізуші:
Мектеп – шәкірттерді тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың болашағына даңғыл жол салып береді. Әрбір шәкірттің ертеңіне алаңдаған ұстаз олардың кемел келешектің иесі болуын көздейді. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұн білімнің тұлғаға бағытталуын, олардың белгілі бір мамандықты игеруіне ықпал етуін қамтиды. Сондықтан шәкірттеріміздің өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы білім алып, әрқайсысы дүниенің бір – бір кірпіші болып қалануын тілейміз. Кешіміздің мақсаты да – осы. Болашаққа дайындықты бүгіннен бастауымыз қажет. Осы орайда кешімізге ауылымыздың еңбектің әр саласында қызмет етіп жүрген іскер мамандарды жне кешегі оқушы, бүгінгі кезде болашақ мамандар атанып отырған студенттерді шақырып, ой бөліскелі отырмыз.
Кешіміздің қадірлі қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
ЖҮРГІЗУШІ:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілімен жыр арнады, - деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Құлғазиев Жеңісбек ағайға береміз.
Кеш қонақтарының қадамына нұр жаусын дей отырып қадірлі қонақтарымыздың құрметіне ән - шашуымызды тарту етпекпіз. Қабыл алыңыздар!
Ән - шашу:__ «Қырманға кел, қалқатай!- орындайтын Бахтияр Дінислам
Жүргізуші: Бұл күндері өмір жолы сан тарау болып басталатын мектеп түлектері қандай мамандықты таңдасам екен?- деген сұрақтың алдында біраз тосылады. Ол тіптен, жылдар, айлар бойы бұл төңіректе толғануы мүмкін, өйткені бұл оңай сұрақ емес. Бұл жерде ата - ананың, туған - туыстың, іні - қарындастың, жора - жолдастардың кеңесіне құлақ қойған да жөн. Бірақ, шешімді сөз, ақтық таңдау өзіңде, жас талапкер! Жүрегіңнің түкпірінде жатқан асқақ арманың бар. «Кім болам?»- деген сөз бар? Оған да құлақ сал!
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Тетігін тап та, бар қалан!- деген Абай сөзі бүгінгі отырған сіздер мен біздерге терең ой салса керек.
Сіздерге өз мамандықтары жайлы өз пікірлерін білдіріп, ақыл - кеңестерін беру үшін ортамызда түрлі мамандық иелері отыр. Біздің шәкірттеріміздің басым көпшілігі дәрігер болуды қалайды.
Қиялыммен шарлап бүкіл әлемді,
Арманыма қанат байлап барамын.
Асу бермес асуларды бағынтып,
Болашақтың жұлдызы боп жанамын! - деп, жас кеуделері тәтті арманға толы өскелең ұрпағымызға мамандық туралы түсінік беріп, олардың қыр – сырын тереңдей әңгімелеу үшін сөз кезегін қонақтарымызға ұсынғымыз келеді.
Алғашқы сөз............. беріледі.
Жүргізуші:
Тастап арзан ойыңды
Жақта үмітін алауын
Ортаға сап ойыңды
Қане қайсы қалауың?
Біліп жайын кәсіптің
Талай сырға қанықтық
Қандай іске машық кім
Зерделедік дәл ұқтық.
Келесі сөз.............. беріледі.
Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?
Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?
Жүргізуші. Тәртіп – табыс тұтқасы. Қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күресіп, елімізде тәртіптің орнауын көздеген полиция қызметкерлерінің еңбегі де өлшеусіз. Біздің шәкірттеріміздің арасында полиция қызметкері болғысы келетін талапкерлер де бар. Сондықтан мектеп инспекторы -------- осы мамандықтың қыры мен сыры туралы әңгімелеп беруін өтінеміз.
Қазіргі таңда шаруашылық саласында үлкен қажеттілікті талап ететін мамандықтар қоғамның сұранысына ие. Міне, осындай шаруашылық саласында шәкірттерді білім нәрімен сусындатар Келесі сөз кезегін қонағымыз................ ұсынамыз.
Ән шашу: ___ «Келіншек» күйі орындайтын Шайзада Мейіржан
Жүргізуші:
Бүгінгі келген қонақтарға мектебіміздің 11 сынып түлектерінің айтары бар шығар. Сонымен оқушыларға сөз берелік.
Студент ертеңіне жол ашады.
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға алас – армас қыр асады, - деп бүгінгі студент ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.(Оқушыларға тілектерін айтады)
Ендігі кезекті оқушылардың толғандырып жүрген сұрақтарына береміз. (Оқушылар сұрақтарын қояды)
Би шашу: «Хип - хоп» биімен Қазыбаев Нұрхан
Жүргізуші:
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін. Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін. Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін, Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін. Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін, Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер, бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап, ілім - білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіре отырып, әсем әнімен ортамызға шақырамыз.
Ән шашу: «Шофер» әні. Орындайтын Нұртаев Марғұлан
Жүргізуші:
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез - келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.
Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті. Сондықтан сіздерге мамандық таңдау жолында адаспай, өмірден өз орындарыңызды тауып, дүниенің бір кірпіші болып қалануларыңа шын жүректен тілектеспіз. «Мамандығым - мақтанышым» атты кешіміз аяқталып келеді. Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!
Кешімізді қорытындылау үшін мектеп директорының бағдарлы оқыту ісінің орынбасары Зина Аймаханқызына беріледі.
Құрметті қонақтар! Бүгінгі шәкірт – ертеңгі болашақ. Сондықтан олардың бүгінгі мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу – ұстаздар қауымының міндеті болса керек. Бұл ата – аналар қауымына да ортақ іс. Сондықтан бүгінгі кештегі ақыл – кеңес балаларымызға үлкен ой салып, болашақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болды ғой деп ойлаймыз. Келген қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз. Келесі мерекелік кеште кездескенше, сау – саламат болыңыздар!
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Ең қиын мамандық - адам боп қалу» демекші мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аласармай, жақсы азамат болуларыңа тілектеспін.
Мамандығым - мақтанышым
- ramuk_b
- 4 ақпан 2017
- 5305
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мамандығым мақтанышым атты тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Мен таңдаған мамандық
Профессия – латын сөзінен шыққан, «profession» - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және...Мамандық таңдау кеші
Мақсаты: Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуіне ықпал ету. Оларды өз пікірін еркін айтуға,...Мен мамандық әлеміндемін
«Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру мақсатында "Мен мамандық...Мамандығым мақтанышым
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Рсалина Жанаргуль Хайроллаевна..."Менің мамандығым" (студенттермен кездесу кеші)
Аты-жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы Туған жылы: 12.01.1985 ж. Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мектебі: БҚО...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.