АТА - АНАМЕН ЖҰМЫС
Проблема:
Тәрбие саласында ата - анамен жағымды қарым - қатынасты реттеуде ұстаз небір қиыншылықтарға тап болып жатады. Қазіргі жаңа педагогикалық ойлауға орай ата - анамен жұмыс жүйесін дұрыс құру және оны жаңаша ұйымдастыру бүгінгі күннің талабы
Өзектілігі:
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата - аналармен ынтымақтастық мектептің бірлескен әрекетінде екені рас. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Демек, баланың алғашқы тәрбиешісі - ата - аналар. Мектепті ң отбасымен бірлесіп оқу - тәрбие үрдісінің табысты болуы үшін тәрбие саласына жаңа факторлардың маңызды кешенін туғызу - бүгінгі күннің талабы.
Сондықтан, жобада жаңа технологияларды негізге ала отырып, ата - анамен жұмыстың қазіргі заман талабына сай өзекті мәселелері қарастырылады.
Мақсаты:
Ата - аналарды мектеппен, қоғамдық ұйымдармен өзара белсенді әрекет етуге тарта отырып, қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рухани құнды, рух - жігері шыңдалған, белсенді тұл ға қалыптастыру
Міндеттер:
• Ата - аналардың белсенді педагогикалық көз қарасын қалыптастыру;
• ата - аналарды педагогикалық білім - білікпен қаруландыру;
• ата - аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру;
Болжам
Егер, мектеп, ата - ана, әлеуметтік ортаның оқушы тұлғасын сомдау үшін саналы түрде бағытталған іс - әрекеттері үйлесімін тауып жатса, бәсекеге қабілетті, білім - білікпен қаруланған, шығармашыл тұлғаны дайындап шығар едік.
Күтілетін нәтиже
• ата - ана өз баласы туралы өзін мазалап жүрген сұрақтарға мұғаліммен бірге жауап таба біледі;
• ата - ананың мектепке, мұғалімге деген сенімі күшейеді;
• Мектеп пен ата - ана ынтымақтастығынан тәрбиелі, білімді, ұлтжанды, жаңа заманға сай тұл ға дамып қалыптасады;
АТА - АНАМЕН ЖҰМЫС
Ұстаздар мен ата - аналар қарым – қатынасының функциялары
- тәрбиелік – дамытушылық;
- қалыптастырушылық;
- бақылаушылық;
- тұрмыстық;
- хабарламалық
Педагогикалық ұжымның міндеттері
- ата - аналардың белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру;
- ата - аналарды педагогикалық білім – білікпен қаруландыру;
- ата - аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру
АТА - АНАМЕН ЖҰМЫС
Ата - анамен жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудың формасы
Ата - аналардың педагогикалық, психологиялық білімін көтеру
• Сыныптың ағарту жұмыстарын өткізу
Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата - анаға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру
• Педагогикалық білім университеті
Педагогикалық, психологиялық, медициналық, заң туралы кеңестер беру
• Тренингтер Ата - аналарды оқу - тәрбие үрдісіне тарту
• Ата - ана жиналысы
• Біріккен шығармашылық істер
• Отбасылық және мектеп байқаулары
• Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу
• Жалпы мектептік дәстүрлі іс - шараларды ұйымдастыруға ата - аналарды қатыстыру
Ата - аналарды мектеп басқару ісіне қатыстыру
Сынып кеңесі, сыныптағы ата - аналар комитеті
Мектеп кеңесі
Қиын балалар мен жағдайы төмен отбасына көмек көрсету
Қоғамдық бақылау комитеті
Отбасы мен мектептің өзара әрекетін қалай ұйымдастырамыз?
- Отбасын зерттеу Мақсат: отбасының тәрбиелік мүмкіндігін, күш қуатын анықтау
- Топтастыру Мақсат: отбасының тәрбиедегі бағыт - бағдарын тану
- Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерді талдау
АТА - АНАМЕН ЖҰМЫС
Отбасын зерттеуде педагог төмендегідей мәліметтерге басты көңіл бөлуі керек
Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік материалдық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет;
Отбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейі;
Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері.
Отбасын зерттеуде сынып жетекшісі мына ережелерді сақтағаны дұрыс
- ата - аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс;
- зерттеу мақсатты, жоспарланған, жүйелі болуы қажет;
- зерттеу әдістері мен тәрбие әдістері өзара байланысты болуы керек;
- психологиялық - педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолданылуы керек;
Отбасын зерттеу педагогқа не береді?
Оқушы отбасын зерттеу педагогке отбасының тәрбиелік мүмкіндігімен оның күш - қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық - психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу - сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.
АТА - АНАМЕН ЖҰМЫС
Топтастыру.
Ата - анамен жұмыста дифференциалды ықпал ету.
Жанұя 5 типке бөлінеді
Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерге, сараптау, талдау жұмыстарын жүргізе отырып, төмендегідей қорытындыға келу
АТА - АНАМЕН ЖҰМЫС
Төрт одақ жұмысын жандандыру
(отбасы, бала, мұғалім, қоғам)
Ынтымақтастықты нығайтуда, мұғалімнің оқу - тәрбие жұмысындағы міндеттердің жүзеге асуына, ата - аналарды педагогикалық біліммен қаруландыруда, олардың белсенділіктерін көтеруде - ата - аналар жиналысының маңызы ерекше.
Ата - аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы тәрбие жұмысының іс - шараларына, сыныптың жас ерекшелігіне, ағымдағы міндеттерге байланысты іріктеліп алынып, бір апта бұрын жиналыстардың өткізілу кестесі бекітіледі.
Ата - аналар жиналысын дайындау ережесі
Бірінші ереже
- Ата - аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек.
Екінші ереже
- Ата - аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс.
Үшінші ереже
- Ата - аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы қажет.
Төртінші ереже
Жиналыс ата - аналармен сыйластық қарым - қатынаста өтуі керек.
Бесінші ереже
Жиналыс жоғары дайындықпен өтуі тиіс.
Ата - аналар жиналысының түрлері
- ұйымдастыру
- тақырыптық
- қорытынды
АТА - АНАМЕН ЖҰМЫС
«Ұйымдастыру» ата - ана жиналысы
Жиналыстың мақсаты: Сынып оқушыларының ата - анасымен танысу, ата - аналарды өзара таныстыру, ата - аналарды мектептегі жұмыстарға тарту.
Ұйымдастыру жиналысының міндеттері:
- Ата - аналардың қызығушылық басымдылықтарын білу;
- Ата - аналарды сынып жетекшісінің сынып ұжымымен өткізетін шығармашылық,
- белсенді іс - әрекеттерінің жоспарымен таныстыру;
- Ата - аналар комитетінің сайлауын өткізу;
- Ұйымдастыру ата - аналар жиналысында төмендегі сұрақтарға жауап алынуы тиіс:
1. Ата - аналардың аты - жөні, тегі.
2. Туған жылдары, білімі.
3. Мекен - жайы, телефоны.
4. Ата - аналардың мамандығы, кәсібі. 5. Жанұядағы бала саны, жас мөлшерлері.
6. Толық немесе толық емес жанұя.
7. Бала дамуындағы ерекшелік (дәрігерлік есепте, жиі ауырады, созылмалы ауруы бар т. с. с.).
Ұйымдастыру ата - аналар жиналысының үлгісі
Ата - аналар отырған со ң алдын - ала дайындалған сауалнамаға жауап береді.
1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.
2. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық тәжірибесі жөнінде, сол сыныптың жетекшісі ретінде оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудағы жоспары туралы айтады. 2. Оқушылардың ата - анасы өзара танысады.
3. Ата - аналарға ескерткіш кітапшалар таратылады.
Бұл кітапшаға ата - аналар тәрбие туралы ұлағатты сөздер, өз баласының тәрбиесі жөнінде ұсыныс, ой - пікірлерін жазады.
4. Сынып жетекшісі ата - аналарды оқу - тәрбие жұмысының жылдық жоспарымен,
мектеп дәстүрлерімен таныстырады.
5. Ата - аналар төмендегідей кестені толтырады:
Сіздерді Сыныпта ұйымдастыра аламыз Ата - аналар
толғандыратын Тәрбие Үйірме Секция Студия комитетінің
тәрбиедегі сағаты құрамына кіре
кедергілер аламын. Көмек
көрсете аламын.
6. Ата - ана комитетін сайлау
АТА - АНАМЕН ЖҰМЫС
Тақырыптық ата - аналар жиналысының үлгісі
Адамның тұлғалық, мәдени қасиетін дамытудағы кітаптың рөлі
Өткізу формасы: дөңгелек үстел
Жиналыс оқушылармен бірге өтеді. Ата - аналар арасында сауалнамалар жүргізіледі.
Сауалнама қорытындысы сынып жетекшісінің келешектегі жұмысына қажет. Пікір алысатын сұрақтар:
1. Мектеп кітапханасының оқырмандар туралы қорытынды сипаттамасы. Кітапты көп оқитын оқушыларды марапаттау.
2. Пән мұғалімдерінің оқулықтардың сақталуы, оған қойылатын талаптар туралы пікірлері.
3. Ата - аналар мен оқушылардың ой - пікірлері
• Жанұядағы кітап қоры;
• Біздің жанұядағы дәстүр;
• Оқушылардың кітап оқуға көз қарасы;
4. Ата - аналарға әзірленген анкеталық сұрақтар
1) Балаңыз кітап оқуды сүйе ме?
2) Балаңыз жақсы кітапты сыйлық санай ма?
3) Жанұяда қандай кітап оқисыздар?
Қорытынды ата - аналар жиналысының үлгісі
Тақырыбы: Өткен оқу жылының қорытындысы –«Сынып парақтары»
Өткізу формасы: Ауызша журнал Жиналыс ата - аналар мен оқушылардың бірігуімен өтеді. Кездесу ерекше, салтанатты түрде өтуі керек.
1 - парақ: «Біздің сабақтардағы сәтіміз...» (Сабақтардан фрагмент)
2 - парақ: «Біз үзіліс кездерінде...» (Сергіту сәттері, ойындар)
3 - парақ: «сабақтан соңғы уа қытта...» (Сыныптағы жыл ішінде ең жақсы өткен іс - шаралардан көріністер)
4 - парақ: «Біздің шығармашылық...»
(Оқушылардың шығармашылық көрмесінен, үйірмелерден көрініс)
5 - парақ: «Біз және біздің ата - аналарымыз...» (Сыныптағы белсенді ата - аналарға алғыс айтып марапаттау)
6 - парақ: «Біздің жазғы жоспарларымыз...»
АТА - АНАМЕН ЖҰМЫС
Ата - анамен жүргізілетін жұмыс жұмыстардан күтілетін нәтиже
- Отбасының әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат құрылады
- Мектеп өміріне қатысуға ата - ана өз қажеттігін сезінетіндей жағдай жасалады
- Ата - аналар тақырыптық кеңестер алуына мүмкіндіктер туады - Шығармашылық кештер бағдарламасы жүзеге асады - қызығушылықтарына орай отбасылық клубтар құрылады
- Әр түрлі типтегі жанұя мен мектеп арасындағы кері байланыстар ұйымдастырылады
Ата - анамен бірлескен іс - әрекет арқасында тәрбиеленген тұлға диагностикасы шығады:
- Қарым - қатынас мәдениетін меңгерген;
- Алған тәрбие мен білімін өз өміріне пайдалана алатын;
- Отбасылық құндылықтар мен этномәдени құндылықтарға сүйіспеншілігі бар;
- Ата - ана мен Отан алдындағы перзенттік парыз бен борышты сезінетін тұлға тәрбиелеу.
Қорытынды
Сынып жетекшісінің ата - аналармен жұмыстың табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым - қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлылығына байланысты болатынын ұмытпау керек. Қазіргі кезде сынып оқушыларының тәрбие ісін әрі қарай жетілдіру отбасы мен мектептің бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы жүзеге асады. Отбасы мен мектептің немесе сынып жетекші мен ата - ананың бірлесіп жасаған жұмыс нәтижесі талапқа сай, жаңашыл, шығармашыл, жан - жақты мәдениетті, саяси сауатты жеке тұлға қалыптастырмақ.
Баланың тәрбие алуына әсер ететін жағдай
Отбасы (ата - анасы, өскен ортасы)
Мектеп (мұғалім, оқу көрнекі құралдары)
Қоғам (еліміздегі құралдары, саяси – әлеуметтік оқыту техникалық жағдай)
Ақпарат құралдары (газет, журнал, құндылы қатары теледидар, театр)
Қоршаған орта (табиғат, экология)
Бала
Осы 5 саланы қамтитын
4 одақ
Қоғамдастық
АТА - АНАМЕН ЖҰМЫС
Глоссарий
Отбасы — бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Тәрбие, тәлім - тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез - құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік.
Дифференция – бір нәрсені танып - білу үшін әр түрлі дәйектерді бір - бірінен ажырату, ерекшелеу.
Сауалнама – вербальдік комуникация негізінде бастапқы социологиялық және әлеуметтік – психологиялық ақпараттар алу үшін қолданылатын әдістеме.
Ұжым [ лат. collektivus - жинақ ] – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Педагогикалық ұжым - педагогикалық көзқарастарының, сенімдері мен іс әрекеттерінің бірлігімен ұйымдасқан оқу - тәрбие мекемесі (мұғалімдер, тәрбиешілер, директор, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп дәрігері) қызметкерлерін біріктіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Б. И. Иманбекова, Ф. Т. Саметова Бастауыш мектепте оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру Алматы 2004
2. А. М. Исагулова Ата - ана жиналысын тартымды өткізу де - басты мәселе Қарағанды 2008
3. Тәрбие құралы 2/2006
4. Сынып жетекшісі 1/2005
5. Сынып жетекшісі 3/2005
6. Ф. З. Буланова Сынып жетекшісі және АТА - АНА Сынып жетекшісі 4/2004 6. Бастауыш мектеп 10/2001
7. Бастауыш мектеп 7/2005
8. Мұғалім 1/2009
9. Воспитание школьника 5/2009
10. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 6/2008
11. http/kk. wikipedia. org
Ата - анамен жүргізілетін жұмыс
- Динагуль Ермекқызы
- 2 ақпан 2017
- 16959
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ата - анамен жүргізілетін жұмыс, Ұстаздар мен ата - аналар қарым – қатынасының функциялары
Ұқсас жаңалықтар:
Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қары ...
Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастығы мына төмендегідей негізгі бағыттарға көңіл бөледі: — педагогикалық және...Мектеп, оқушы, ата - ана: үштік одағы
ШҚО, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульмира Тельмановна...Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай – балабақшасының әдіскері Имангалиева Айгул Лукпановна...Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып...Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.