Көгілдір от
9 - 11 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеші.
Мақсаты: Оқушыларды әдемілікке, ұжымдыққа, әртістік қабілеттерін дамытуға, танымдық көзқарасын, ой - өрісін кеңейту. Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға үйрету
Жарық сөндіріліп, май шам жағылады.
Жаңа жыл
(Фанфармен ашылады)
1 - Жүргізіші. Ассалаумағалалейкум! Армысыздар ағайын қадірменді Үштөбе жұрты! Бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер!
2 - Жүргізуші. Здравствуйте уважаемые гости! Мы поздравляем вас вновь с новым годом, с новым счастьем!
1 - Жүргізуші: Ендеше, жаңа жылдық құттықтау сөз кезегі ауыл әкімі ------------------------------- беріледі.
2 - Жүргізуші: Слово предаставляется директору нашей школы -------------------------------
1 - Жүргізуші: Шырша шамын жағу құрметі ауыл әкімі Бралин Бауыржан Сабыржановичке беріледі.
Қыс келді – ең керемет ғажап кезең,
Аппақ қар мұз жамылып алды өзен.
Айнала пәк табиғат неткен ғажап,
Бұл кезде қуаныш пен бақыт сезем!
Ендеше біз кешімізді бастаймыз!
(Жарық өшіріледі, тек шырша жанып тұрады, биишілер шығады)
Диктор: Дыбыс! Жарық!
(Би басталады билеп жатады. Бір кезде музыка өшеді. Бишілер аң таң болып қалады. Сол кезде қарақшылар келеді)
Қарақшы: Кетіңдер! Жаңа жыл мерекесі болмайды! Кетіңдер!
(Бишілерді алып кетіп бара жатқанда, оларды патшаның нөкері көріп қалады)
Нөкер: Ей, сендер кімсіңдер? Біздің мерекемізді неге құртасыңдар? Бұл хабарды біздің қаһарлы патшаға жеткіземіз.
Қарақшы: Жеткіз! Жаңа жылдарын болмайды!!!
Диктор: Жарты әлемді жаулаған Восточный мен Үштөбе арасында алып жатқан атыраптың иесі, оң қолына найза ұстап жауды шаншыған, сол қолымен қалқан ұстап бораннан қорғанған хан мерекені тойлауға келді.
Уәзір: Аса мәртебелі патша келе жатыр!
(Патша келіп орнына отырады)
Хан: Мына кешті ұйымдастырушылар қайда?
1 - жүргізуші: Хан ием, бүгінгі кешке өнерпаздарымыз дайын. Біздің сарайдың жезтаңдай әншілері мен бишілері өз өнерлерін сізге көрсетпекші. Олай болса, «Жаңа жыл» әнімен Исламбек пен Мұхтарханды қарсы алыңыздар!
2 - жүргізуші:
Көп күттірдің сағынышты, Жаңа жылым!
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қоян жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын, - дей отырып ортаға Жандосты шақырайық
1 - жүргізуші: Халайық, біздің хан иеміздің сіздерге дайындаған тосын сый бар екен, соған кезек берелік!
Хан: Менің қазынам қайда? Әкеліңдер! Халқыма лотерея билетін ойнатайық! (Лотерея ойнатылады, сыйлықты патша береді).
2 - жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып басып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Мың бұралған биші қыздарымыз Әйгерім мен Оразкүлді қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші: Ханымыздың іші пысты керемет бір ойынға берейік. (11 - сынып дайындаған ойын)
2 - жүргізуші:
Ақ ниетпен нәр алған
Сенсіз менің өлеңім
Әнге бөлеп әлемді — дей отырып Исламбек пен Әйгерімді «Қыдырып қайтайық» әнімен ортаға шақырайық.
2 - жүргізуші: Оу, біздің басты қонағымыз Аяз ата қай жерде келе жатыр екен? (1 - видео) Аяз атамыз жақындап қалыпты ғой, біз онда кешімізді жалғастыра берелік.
(Сол кезде қарақшылар келеді)
Қарақшы: Ей, хан сендердің мерекелерін болмайды, кетіңдер! Жоғалыңдар!
Хан: Ей қарақшы, келген екенсін мерекемізе қонақ бол! Жаңа жылды бірге тойлайық.
Қарақшы: Жоқ! Алып кетіңдер мыналарды!
- Мына жер әдемі екен! Манағы бишілер қайда? Билесің! Көңіл көтерейік!
Би: Брэйк данс биімен биші жігіттерді ортаға шақырайық!
1 - жүргізуші:
Әрқашанда ойыннан жалықпаймыз,
Әрі қарай самғаймыз, қалықтаймыз.
Ойын ойнап көңілді көтерейік,
Шырқап көңіл, ары - бері шалықтаймыз
Қазір сіздермен ойын ойнаймыз. (9 – 10 сынып ойындары)
2 - жүргізуші:
Көрдіңдер ме сыныптың өнерін,
Өнерсіз деп айта алар оны кім?
Кәне, тағы сынайықшы соңғы рет
Пародияға салып айтсын әншінің өлеңін, демекші. Владяславты ортаға шақырайық.
(Әншіні пародияға салып айтады.)
Қарақшының адамы: Әміршім! Жаман хабарым бар! Ханды құтқаруға Аяз ата келе жатыр! (2 - видео)
(Аяз ата келе жатады. Қарақшылар қорқып қаша жөнеледі.)
Аяз ата: Армысыңдар балалар! Хандарың тағына отырсын! Сендерге әкелген сыйлықтарым бар балалар! Менің дайындаған жеребемен алынған 2 билет бар, сол бақытты жандарға сыйлығымды табыстайын. Оу, балалар! Осы сіздердің ескі жылдарың қайда? «Ескі жылда есіркеп, жаңа жылда жарылқа!», - демекші ескі жылдағы жетістіктеріңді айтып өтпейсіздер ме?
1 - жүргізуші: О, аяз ата! Біздің өткен жылда жетістіктеріміз баршылық. Соның бірі өркен олимпиадасында алған орнымызды айтуға болады.
2 - жүргізуші: Олай болса, мақтау қағаздары мен медальдарды табыстауға мектебіміздің директоры ----------------------- кезек берелік. (Директорға сөз беріледі).
1 - жүргізуші: Онда не тұрыс? Кешімізді жалғастырайық!
2 - жүргізуші: Ақжол биылғы жыл тауық жылы емес пе, осы?
1 - жүргізуші: Ия, Спандияр неге сұрадың?
2 - жүргізуші: Олай болса, тауық неден жаралады?
1 - жүргізуші: Жұмыртқадан.
2 - жүргізуші: Жұмыртқа ше?
1 - жүргізуші: Тауықтан. Тоқта, тоқта не болып кетті өзі.
2 - жүргізуші: Жарайды, дауласып не қыламыз? Биылғы тауық жылына қарсы біздің жаңа жылдық кешімізге біздің қарындастарымыз «Шөжелерім» биін билеп бермекші.
1 - жүргізуші: Олай болса, ортаға 3 - сынып бишілерін ортаға шақырайық, қарсы алыңыздар! (Бишілер билейді).
2 - жүргізуші: Аяз ата! Енді біздің әнші қызымыз Ситораның әнін қабыл алыңыз!
Ән: Ситораның әні
1 - жүргізуші: Қарақшылар қолды қылған екінші қазынаны тауып алдық. Ендеше лотерея ойынына кезек берелік.
(Хан сыйлықтарын беріп тұрады. Наурызбай мен Жандос ойнатады.)
2 - жүргізуші: Біздің ханымыз тек батыр ғана емес, сонымен қатар ол кісі өнерлі адам. Олай болса, тамаша әнімен Абылайды ортаға шақырайық!
Аяз ата: Балалар мен кетейін. Басқа да өздерің сияқты достарым күтуде, мен соларға барайын. Сау болыңдар!
1 - жүргізуші: Мерекемізді құтқарғаныңызға көп - көп рахмет сау болыңыз Аяз ата!
2 - жүргізуші: Халқымызды күлкіге қарық қылатын әзілкештерімізді ортаға шақырайық!
(КВН кетеді.)
1 - жүргізуші:
Сәнге толы қазағымның тірлігі
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді
Сезіміңді серпілтетін жыр гүлі, - дей келе жаңа жылдық көңіл күймен Асхатты ортаға шақырайық!
2 - жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді, дей келе құрметті көрермендер осымен «Хан сарайындағы жаңа жыл» атты жаңа жылдық кешіміз өз мәресіне жетті. аяқталды.
Ән: Спандиярдың орындауында «Мерекем» әнін қабыл алыңыздар!
2 жүргізуші бірге сау саламатта болыңыздар!
Жаңа жыл мерекесіне арналған «Көгілдір от»
- Asem_abusabitovna
- 6 қаңтар 2017
- 4363
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жаңа жылдық сценарий, көгілдір от, жаңа жыл мерекесіне арналған, тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Айгөлек би байқауы
«АЙГӨЛЕК» ән би байқауы Байқаудың мақсаты бастауыш сынып оқушылар арасынан ән - би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау...Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын....Қош келдің Жаңа жыл
Барлық жандар бір білікке қосқан үн, Бақытты боп бастады жыл дастанын. Қуанышпен келді той деп жаңа жыл, Құтты болсын жаңа бақыт достарым....Наурыз мейрамы
Семей қаласы, Қ. Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ажмагамбетова Бакжамал Ногайбаевна...Жаңа жыл - Жаңа жыр
Кел, жаңа жыл, Төрле, төрле жеріме, Құт береке боп келгейсің еліме, Үміт артып армандарға аяулы. Шаттығына бөлегейсің бізді де...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.