Сайтқа кіру Тіркелу

Отбасы – өмір аясы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы – өмір аясы»

Тәрбие сағат мақсаты: Ата - аналар мен тәрбиеленушілерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау, отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, тәрбиеленушілерді ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Түрі: сайыс
Барысы
1 - жүргізуші:
Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

2 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата - аналар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Отбасы – өмір аясы» сайысына қош келдіңіздер!
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке – бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқан да сонны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, от анасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды. Бүгін міне осы отбасы арасындағы татулықты, дәстүрді, өнерді жалғастырып келе жатқан отбасылар бар. Олай болса, осы сайысымызға қатысатын жатақханада тәрбиеленіп жатқан балалар мен ата – аналарды ортаға шақырайық.

1. 6 – сынып оқушысы ата - анасы
2. 7 – сынып оқушысы ата - анасы
3. 8 – сынып оқушысы ата - анасы
4. 7 - сынып оқушысы ата - анасы
5. 8 – сынып оқушысы ата - анасы

1 - жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Бердибекова Ж. Ж.
2. Макарова А. А.
3. Наурызгалиева К. А.
Ахметова Аймөлдірдің орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар

2 – жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы алты бөлімнен тұрады:
1 - бөлім — Таныстыру
2 - бөлім — «Сұрақ - жауап» сайысы
3 - бөлім — «Өнерлінің өрісі кең» отбасылар өнерін көрсету
4 - бөлім — «Қылқалам шебері» атты тапсырма сайысы.
5 - бөлім — «Сазды өнер сайысы» атты тапсырма сайысы.
6 - бөлім — «Ұлттық тағам» үй тапсырмасы
1 – жүргізуші: Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

1 бөлім — Таныстыру. Бұл бөлім 5 критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері қаралады.
2 - жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында, Түседі бәйгеге білімділік — деп, сайысымыздың

2 бөлімі — «Сұрақ - жауап» сайысын бастайық. Әр отбасыға дәстүрлі сұрақтар ұсынылады.
Баласына
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырақ иесі кім? ( кенже ұл)
3. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
6. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)
7. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14жас)

Ата – анасы
1. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
2. 18 жасқа толмаған адам (бала)
3. «Өзін – өзі тану» бағдарламасының авторы кім? (С. Назарбаева)
4. Екі адамның бір – біріне деген адалдығы (достық)
5. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
6. Үш арсызды ата? (ұйқы, тамақ, күлкі)
7. Мемлекеттік рәміздерді ата (елтаңба, ту, гимн)

1 – жүргізуші:
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында - демекші
3 бөлім — «Өнерлінің өрісі кең» отбасылар өнерін көрсету бөліміне береміз.
2 – жүргізуші:

4 бөлім — «Қылқалам шебері» атты тапсырма сайысы. Бұл сайыста бала мен ата – ана бірігіп «Біз бақытты отбасы» тақырыбында шағын сурет салады. Алдарыңызға сурет құралдары беріледі.
Терме: «Пра жырау» Амангелді Шұғыланың орындауында.

5 бөлім — «Сазды өнер сайысы» атты тапсырма сайысы. Бұл сайыста 2 отбасын шығарамыз. Әр ұлттың әуендеріне би өнерін көрсету қажет. Қазақ биі, Үнді биі, Лизгинка биі, Орыс биі, Түрік биі.
2 – жүргізуші: 6 бөлім — «Ұлттық тағам» үй тапсырмасы. Бұл бөлімде алдын – ала үйге берілген тапсырма бойынша дайындап келген «Ұлттық тағамды» көрсетіп, оның жасалу технологиясын түсіндіріп

1 - жүргізуші:
Ата - аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.
Сайысты Василий Александрович Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата - аналармен бірге, жалпы күш - жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» Әділқазы мүшелері сайыстың алты бөліміне баға беріп, жалпы ұпай санын санағанша ---------------------- орындауында «Ана жаным» әнін қабыл алыңыздар.

Қорытынды:
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттайды.

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Теректі аудандық лингвистикалық
гимназия жанындағы жатақхана тәрбиешісі:
Узбекова Бекзат Исламбекқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ынтымақты отбасы

Ынтымақты отбасы

Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Отбасы - отанның бір...
Ынтымақты отбасы

Ынтымақты отбасы

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернаты тәрбиешісі Абишева Нұргүл Шаймерденқызы...
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі

«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі

«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі. 1 - жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар, ата - аналар, құрметті шәкірттер! 2 - жүргізуші: «Мөлдір...
Ынтымақты отбасы

Ынтымақты отбасы

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Аққұдық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Уразтаева Асет Куандыковна....
Ынтымақты отбасы

Ынтымақты отбасы

Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы Мүберекова Шынар Тыныштыққызы Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×