Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауышым – балбұлағым

Мерекелік ертеңгілік «Бастауышым – балбұлағым»

«Қамажай» биі Жанель мен Анель билеп мені алып шығады.
Мұғалім: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда, - деп Міржақып айтқандай тарыдай болып кіріп, ақыл ойларың толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Бастауышым балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған шығар баршаңызда.
Қол соғып, қошаметтеп қарсы алайық,
Бітіруші түлектерді ортамызға.
Вальс (оқушылар қатармен кіреді, вальс билейді).

Мұғалім: Міне, сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «а»сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын алты жасар бала болса, бүгін міне ес білген шәкірт Міне, бүгін біздің оқушыларымыз бастауышпен қоштасып тағы бір жасқа есейгелі отыр және ұстаздарына, ата - аналарына өз өнерлерін көрсеткелі отыр.
Енді сөз кезегін жүргізушілерімізге берейік.

1 - Жүргізуші Шашу, шашу, шашайық,
2 - Жүргізуші Ақ сандықты ашайық.
3 - Жүргізуші Бұл мереке, бұл тойдың
4 - жүргізуші Бастаңғысын жасайық.
(шашу шашылады)

1 - жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым ардақты.

2 - жүргізуші: Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

3 - жүргізуші: Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын жетелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.

4 - жүргізуші: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар алғысымыз көп біздің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.

1 - жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, достар, бұл мектептен қаншама адам білім алған.
2 - жүргізуші Менің ағамда, апамда, менде осы мектептен білім алудамын.
3 - Жүргізуші Олай болса мектебімізге арналған әнімізді шырқайық.

Жүргізуші Қабыл алыңыздар Хор: «мектебім!»

1 - жүргізуші: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады.
2 - жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ерғанат, Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

1 - оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
2 - оқушы: Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Барлығын төрт жыл бойы ата - анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.

3 - оқушы: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын.
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4 - оқушы: Мектебім алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырайың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

5 - оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алған өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

6 - оқушы: Мектеп үйім, ұстазым менің, ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Барлығы: Мектеп кеме білім теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.

3 - жүргізуші: Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға - деп Абай атамыз айтқандай алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танысқан, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені белгілі.
4 - жүргізуші: Әр шәкіртін баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен ұстаз еңбегі шексіз. Мұғалім мектептің жүрегі, - деп бекер айтпаған.
1 - жүргізуші: Дұрыс айтасың,, Ғылым иесі ғылымда, ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақында, тегеуіріні күшті жұмысшыда, көкті шарлаған ғарышкерде, бәрі, бәрі ұстазда тәлім алады.
2 - жүргізуші: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: Болашақтың басшысында, данасында, ғалымында, еңбекшісінде ұстаз өсіреді деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнайық. Ұстазым әні қабыл алыңыздар.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым - балбұлағым

Мақсаты: бастауыш сыныпты бітіруді салтанатты түрде атап өту Міндеттері: 1. Оқушылардың еліміздің тәуелсіздігін алғанына 24 жыл толу қарсаңында...
Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!

Бүгінгі шәкірт көгершін, болашағың көгерсін!

«Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәнінің мұғалімі Чыкаева Кульбаршын Советовна...
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, №86 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смат Айжан Нұржәліқызы...

"Қош бол, бастауыш сыныбым!" сынып сағаты

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×