Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Тақырыбы: Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, аяулы білім алушылар және қадірменді қонақтар. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары»атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Қазақ елі тәуелсіздігін алғанына биыл 24 жыл толды. Өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз ел атанды, қазақ халқы үшін, әрине, үлкен қуаныш. Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса көз жетпейтін кең, таулары айбатты, халқы мерейлі ғажайып өлке.

1 - жүргізуші: Еркіндік, азаттық біздің халқымыздың ежелгі арманы еді. Атажұрт үшін, азаттық үшін жан беріп, жан алысқа небір сұрапыл шайқастар өтті. Сол шайқаста қаншама арыстың қаны төгілді, жаны қиылды. Тамыры тереңге байланған алып бәйтеректей қазақ халқы талай боздағынан айырылды, талай тозақты көрді, талай теңселді, бірақ құламады. Құламау үшін қаншама қыршынды құрбандыққа шалды. Мінеки, бүгінде біз – Тәуелсіздіктің берік тұғырына мінген егеменді елміз.

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай дәрежеге жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

1 - жүргізуші: Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгелдеп, тілімізді, дінімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт - дәстүрімізді жандандырдық.

2 - жүргізуші: Мемлекетіміздің өсіп - өніп, алға жылжуы өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
(гимн орындалады)

1 - жүргізуші: колледжіміз облыс көлеміндегі жастарға мамандық беру ісі алға жылжытып келе жатқан оқу орны. Тәуелсіздіктің тұғыры биік болу үшін оқу бітірген жас мамандар ел экономикасын көтеруге үлес қосуда. Жастар биік рухты, өткен тарихын білетін патриот болу үшін былтырғы жылы колледжімізде тұңғыш рет колледж гимні жазылды. Келесі кезекті 253 топ білімгерлері колледж гимнін орындайды.
(колледж гимні)

2 - жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

1 - жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2 - жүргізуші: құттықтау сөз колледждің өсіп - өркендеуіне, республикамызға танымал болуына зор еңбек сіңіріп келе жатқан, колледж директоры Жұмаділов Әсет Қазиұлына беріледі.

1 - жүргізуші: бүгін біз колледжде қос қуанышты тойлағалы отырмыз. Бірі Тәуелсіздік күні болса, екіншісі – Тәуелсіздік күні қарсаңында колледж басшысы, біздің қамқоршымыз Әсет Қазиұлының туылған күні. Құттықтаймыз!

2 - жүргізуші: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан - бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

1 - жүргізуші: Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.

Талдықорған қаласы,
Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі
Химия және биология пәнінің оқытушысы
Ахметова Жаннэль Абилдақызы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...
Елім менің – еңселі!

Елім менің – еңселі!

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәрбиеленушілерді отаның сүюге, байлығын қорғауға, әдет - ғұрпын...
Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!

Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!

Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің! 1 - жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және мерекелік концерттің қонақтары. 2 - жүргізуші:...

"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" (сценарий)

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету