Сайтқа кіру Тіркелу

Қарты бардың қазынасы бар

Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір қасиеттерін сіңіруі, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып, өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке жаман мен жақсыны ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқушылардың өздері жасаған стенгазеталар, нақыл сөздер, слайд, шарлар.
І. Ұйымдастыру.
- Оқушылар, біз Қазақ елінің ұрпағымыз, болашағымыз. Қазақ елінің өзінің елтаңбасы, әнұраны, тууы бар. Ендеше өз гимнімізді орындайық. (барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды кеудемізге қоямыз).
ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім: Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз – дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар, кешіміздің қадірменді қонақтары. 5 «А» сынып оқушыларының қатысуымен 1 қазан – Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарты бардың – қазынасы бар» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата - әжелеріміздің төл мерекесі. 1990 жылы қыркүйектің 30 күні БҰҰ - ның Бас Ассамблеясы қазанның 1 - ін Халықаралық қарттар күні деп бекітті. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні - мәні бар.
Қарт кісінің құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты. Біздің қаламызда да қарт ата - әжелеріміз бар. Солардың бірі бүгін бізде қонақта.
Қадірлі ата - әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Мөлдір: Мерекеңіз құтты болсын ата - апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипаты батаға.
Абылай: Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар
Ақыл кенін арқалаған аталар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
- Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар, кешіміздің қадірлі қонақтары! Бүгінгі мерекелеріңізбен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Хормен: Мерекені көңілді өтіңіздер!

Абылай: Сыныптың әншісі Динараны «Мерекем» әнімен ортаға шақырайық.

Мөлдір: Біздің халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен беріледі. Өзіндік қасиеттерімізді қалыптастыру көзделген.
Абылай: Ендеше, «Мен ата мен әженің жалғасымын» бөліміне құлақ түрейік.
Аружан: Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем,
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Диас: Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Атам менің әманда
Әділетті бол деген
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен.
Мөлдір: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын, ырыс береке
Құттықтаймыз, шын жүректен сіздерді
Өмір думан бақ әкелсін мереке.
Абылай: Ата - әжелерімізге арнап біздің мың бұралған бишілерімізді _____ биімен қарсы алайық.

Мөлдір: Қарттық деген қасиетті ұғым бір
Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр
Балалардың болашағын аңсаған
Бойларында бір керемет жылу жүр – дей келе, келесі бөлім «Ата - әжемен сұхбат».

Абылай: Қазақстан арнасынан тележүргізуші Зарина мен бейнесюжетке түсіруші Дәулет ортамызға келіп қалыпты. Біздің достарымыздың үлкен кісілерге қояр сұрақтары көп - ау деймін.

Мөлдір: Ендеше, сөз кезекті соларға берейік Абылай (Оқушылар дайындап келген сұрақтарын ата - әжелеріне қойып, жауап алады).

Альфия: - Саламатсыздар ма ата - әжелер! Бүгінгі мерекелеріңізге орай бізде келіп қалдық. Ал, кәнекей достар кімде қандай сұрақ бар?
1. Жас кездеріңізде қандай қызықтар мен қиындықтар болды?
2. Мектеп қабырғасында болған ерекше есте қалған жағдайлар бар ма? Болса айта отырсаңыздар.
3. Ата - әже, сіздер біздей болған кезде қандай болдыңыздар?
4. Өмірлік серігіңізді қалай таптыңыз?
5. Қазірде қанша балаңыз, қанша немере - шөберелеріңіз бар, қызығын айтып, мақтанып өтсеңіздер.
6. Немерелеріңізді қалай және қайтып еркелетесіздер?
7. Туған жер сіздерге несімен ыстық?
8. Жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба?
9. Мектепте қай пәнді сүйіп оқыдыңыз?
10. Ата - әже, ән салып беріңізші?
11. Біздің сыныпқа тілектеріңіз қандай?
Абылай: Мөлдір біз сыныптастардың арқасында ата - әжелерімізден одан да көп мағлұмат алған сияқтымыз

Мөлдір: Әрине, Абылай ол кісілер бізге мейірімді жүздерін, «күнім», «балапаным», «қошақаным» деген жылы сөздерін, бар тәтісін бізге аямайтын жандар емес пе?

Абылай: Ендеше, немерелер болып ата - әжелерімізге арнап ән шырқайық.
Ата - әже
1. Қалмасын деп қатардан
Ойлайтынын сезем мен
Айналайын атамнан,
Айналайын әжемнен,
Мақтанбаймын бекер мен,
Өшпейсіңдер санамнан
Айналайын әкемнен,
Айналайын анамнан,
Күн сияқты ашылар
Қамқоршымда осылар.
Қайырмасы:
Ата, әже
Мен сіздерді сүйіп өсемін,
Ана, әке
Сыйлаймын ғой бәріңді
Мен сіздерге қарап өсемін.
2. Қанша көрдім дегенмен,
Көрмегенім көп менің.
Қанша білдім дегенмен,
Білмегенім көп менің.
Мен дегенде ештеңе
Аямайтын осылар,
Таң ертең де, кешке де
Аялайтын осылар
Қалай жаман боламын,
Мен бақытты баламын.

ІІІ. Қорытынды.
Мұғалім:
- «Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!», - деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата - әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын.
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын! – дегендей, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтай келе, біздің ұрпақтарымызға ақ баталарыңызды берсеңіздер (Үлкен кісілер балаларға өздерінің ақ баталарын беріп, оқушылар соңында ата - әжелеріне келгендеріне алғыстарын айтып, сыйлықтарын табыстайды).
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қарттарым - асыл қазынам тәрбие сағаты

Қарттарым - асыл қазынам тәрбие сағаты

Көп жасаған қария, Ақылы теңіз - дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі соқпақ, сөзі нәр....
Аман жүрші, Қарттарым

Аман жүрші, Қарттарым

Ой - өрісін кеңейту және тіл байлығын дамыту. Үлкенді, қарттарды, ата - ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу және қариялардың үлгі -...
Қарттарым аман-сау жүрші

Қарттарым аман-сау жүрші

Тәрбие сағат мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке...
Ата және әже

Ата және әже

Мақсаты: 1. Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. 2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері,...
Қарттарым – асыл қазынам

Қарттарым – асыл қазынам

Мақсаты: Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×