Сайтқа кіру Тіркелу

Достық – қасиетті сөз

Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Құсайынова А. А.

5cынып
Сабақтың тақырыбы: Достық – қасиетті сөз
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:« Достық» модулі бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде пайдалана білу.
2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Достықты бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, жұппен, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, карточкалар, мақал – мәтелдер.

Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі. Диалог:
- Никита, сен кіммен отырсың?
- Бұл кім? Ол қандай оқушы?
- Света, сен кіммен отырсың?
- Бұл кім? Ол қандай қыз?

ΙΙ. Жаңа сабақ.
1. Сабақтың тақырыбын ашу жағдаяттық
Тақтада суреттер мен мақал - мәтелдер
- Суретте не бейнелеген? Мақалдарды оқу
Күлме досына – келер басына.
Жолдасы көптің - олжасы көп.
Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
Жүз сомын болғанша – жүз досын болсын
- Балалар, мынау суреттер мен мақал - мәтелдер не туралы?
- Дұрыс, бүгінгі сабақтың тақырыбымыз Достық – қасиетті сөз
а) мәтінді оқу
ә) жаңа сөздермен жұмыс
б) сөз тіркестерін құрастыру
в) грамматикалық тапсырмалар
Дәптерлерді ашып
Желтоқсанның жиырма бірі
Сынып жұмысы жазайық.

2. Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріңізге жазыңыздар
Адал – честный
Адалдық - честность
Күшті – сильный
Сенімді - верный
Нашар – слабый
Сенімді емес - не верный
Сөзде тұрады - держит слово
Алдамайды - не обманет
Көмек көрсетеді – помогает
Алдайды - обманывает
Тастайды – бросает
Қасиетті - святой
Ұғым – понятие
Белсене қатысады - активно участвует

Жұппен жұмыс: сөздермен сөз тіркестерді, сұрақтарды құрастыру, өзара бағалау

3. Тапсырмаларды орындаңдар
Оқушыларды 2топқа бөлу
Кіріспе сөз:- Әрбір адамның досы бар. Досың болса, досыңмен әнгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың көмектеседі. Бірақ достар әр түрлі болады. Мысалы: жақсы, жаман, қайырымды, қамқоршы. Бір мақалда айтқандай: Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
– Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
-«Адал дос” пен “Айнымалы дос” деген сөз тіркестерін аудармасын тап.
- Адал және айнымалы сөздерге синоним сөздерді тап./жақсы, күшті, сенімді/,/жаман, нашар, сенімді емес/
- Синонимдермен сөз тіркес құрастыр./жақсы дос, нашар дос, т. б./
Сұрақтарға жауап беріңдер
- Адал дос қандай адам?
- Айнымалы дос қандай адам?
- Адал дос не істейді?/тастамайды, алдамайды, сөзде тұрады, көмек көрсетеді/
- Айнымалы дос не істейді?/тастайды, алдайды,
- Бұл сөздерді қалай атайды?
- Етістік дегеніміз не?/етістіктің ережесі/Заттың, қимылын, әрекетін білдіретін сөздерді етістік деп атайды. Не істейді? Не қылды? Қайтты? сұрақтарға жауап береді.
Етістіктермен сөйлем құрастырып, дәптерге жазыңыз.
Адал дос ешқашан тастамайды, алдамайды. Адал дос қол ұшын береді.
Айнымалы дос қиын жағдайда тастайды, қол ұшын бермейді

III. Сергіту сәті: Фонетикалық жаттығулар
IV. Жаңа мәтінмен танысу - 51бет «Достық – қасиетті сөз»
Мәтіннің негізгі ойды айту/оқу, аудару/
Достық – қасиетті сөз
Дос дегеніміз ең қасиетті ұғым. Әр адамның досы болады. Адалдық – достықтың ең сенімді серігі. Мен өз достарыммен мақтанамын.
Достар, достығымызға берік, бір — бірімізге адал болайық!
-- Достық – қасиетті сөз. Қалай түсінесіңдер/оқушылардың жауаптары/

V. Топпен жұмыс
Екі топқа тапсырма беру. Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді оқып, аударып, мәтіннің негізгі ойды айту.
2. Әр топтан бір оқушы шығып, достық туралы ассоциацияны көрсетеді.
3. Дәптерлерде «достық» деген сөзді септе.
VI. Сабақтың қорытындысы: Балалар, біз бүгін не істедік? Нені білдік? Немен таныстық?
VII. Оқушыларды бағалау:
- Тақтада тілек ағашы ілулі тұр – Сендер достарыңызға не тілейсіңдер?/стикерге тілек жазу/
VIII. Үйге тапсырма: «Достық - қасиетті сөз» деген мәтінге диалог құрастыру, сөздерді жаттау

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×