Сайтқа кіру Тіркелу

Менің анам - Алтын!

Өнеге сағат тақырыбы: Менің анам - Алтын!
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер, бейнефильмдер арқылы аналарды, сыныптас қыздарды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, шарлар, бейнефильмдер, презентация, мақал - мәтелдер.
Барысы:
(Музыка әуені ойнап тұрады.)
Ана туралы монолог.

1 - Оқушы: - Әлішер
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!
«Менің атым - Алтын» атты өнеге сағатын бастауға ұлықсат етіңіздер!
Хор: «Менің анам - Алтын!» әні орындалады.
КІРІСПЕ
Мұғалім:
Құрметті Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! әжелер мен әпкелер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай 1 сынып оқушылары «Менің анам алтын! Өнеге сағатын ұсынбақшы. Біз сіздерді мерекемізге шақырған себебіміз, сіздерге зор махаббатымызды, сүйіспеншілігімізді, сыйластығымыз бен ілтипатымызды және шексіз алғысымызды білдіреміз. Бала деген ана үшін ең қымбат. Ананың махаббаты ең пәк, ең қасиетті. Ана - баланың бірінші мұғалімі және жақын досы. Әлемде анадан жақын, ыстық адам жоқ. Осы әдемі, қасиетті мереке тарихына шолу жасайық. Бұл мерекені тойлауды алғаш ұсынған неміс саясаткері Клара Цеткин екен. Себебі 8 наурызда Францияда болған әйелдер шеруімен тікелей байланысты. Ал 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні 1910 жылдан бастап мерекеленетін болды.

2 - Зерда
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
3 - Мейрамбек
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
( гүлдерді аналарға ұсыну рәсімі жүргізіледі.)
4 - Диас
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
5 - Руслан
Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

. Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы АНА кім?
АНА - нұр, өмір сыйлаушы, дана. данышпан, кемеңгер, ұстаз, күн, тәрбиеші т. б.
- АНА - бұл біз үнемі, күн сайын айтатын үздік, ерекше есім. Ана - бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн. Біз өз аналарымызды қалай атаймыз?
- Иә, МАМА - бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де мейірімді, жылы естіледі.
- Ендеше аналарың қандай адам?
АНА - ақылды, сұлу, нәзік, мейірімді, ардақты, аяулы т. б.
- Ақылды да сұлу аналарға арналған өнеге сағатын бастайық.
Өнеге сағаты 5 бөлімнен тұрады. Таныстырып өтейін.
1. Таныстыру (баласы анасын, анасы баласын. Ән мен немесе қарасөзбен не көрініспен)
2. «Ақ мамам» әнін балаларымен айту.
3. «Ас - адамның арқауы» (мерекелік салам үйден жасап алып келу. Құрамымен балалар таныстырады.
4. Ойын «Анама гүл сыйлаймын»
- көз байлау аналарын тауып алу
- шармен аналар ойнайды. Шар жарады ішіндегі сұраққа жауап береді.
Ойын: "Анаңды даусынан таны"
Алты ана өз балаларымен ортаға шығады. Балалар аналардан теріс бұрылып, «Құттықтаймыз, ана!» деп біркелкі дауыстайды. Жетекші нұсқаған ана «Рахмет!» - деп жауап береді. Кімнің анасының дауысы екенін бала танып айту керек.

5. Өнерлерін көрсету.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×