Сайтқа кіру Тіркелу

Желтоқсан шеруі

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақатарал ауданы, Игілік ауылы
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
кітапхана меңгерушісі
Болатбекова Салтанат Карсыбековна

Ашық тәрбие сағатының жоспары
Тақырыбы: Желтоқсан шеруі.
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасын оқушыларға танытып білдіру; Тәуелсіздікке қалай қол жеткенімізді; Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихта бағалай алуға тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, сахналық көріністерге қажетті түрлі заттар, үнтаспа, күй жинақ, ел жақсыларының суреттері, нақыл сөздер, слайдтар.
Тәсілі: тарихи шеру, баяндама оқу.

Кітапханашы: Салтанат апай
Құрметті ұстаздар, келген қонақтар, оқушылар! Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан шеруі» атты мерекелік іс - шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгін ерекше күн. Республикамыздың Тәуелсіз ел болып егемендігін жариялағанына 24 жыл толып отыр. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі - мына бүгінгі балалар, сендерсіңдер. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
(Әнұран орындалады интерактивті тақтада видео)

1 - жүргізуші: Дәуіржан
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан - туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу - барлығымыздың парызымыз. Елбасымыз - Қазақстан елін дамытып, одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға. Біз Елбасымызды мақтан тұтамыз.

2 - жүргізуші: Айару
Тәуелсіздік... Осы бір ғана сөздің астында қаншама қайғы - қасірет, қаншама жүрегі елім, жерім, халқым деп соққан, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты жастарымыз бен ұрпағым деп қасықтай қаны, шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін, атаменкен елі үшін жанын пида еткен ата - бабаларымыздың рухы жатыр.
3 - жүргізуші: Жәнібек
Тәуелсіздік - бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры. Бұл Тәуелсіздік жолында қаншама ғасырды бастан кешірдік. Туған жерімізде еркіндік орнату үшін бар жанымызды салып, болашаққа үлкен үмітпен қарадық. Азаматтық туы көкте желбіреп, бостандық қыраны көгімізде еркін самғап қалықтауы үшін өткелі қиын, бұралаң жолдардан өттік. Батырлығымыз бен жігерлігіміз және рухымыздың жоғарылығының арқасында аңсаған Тәуелсіздікке де қол жеткіздік.

Кітапханашы: Салтанат апай
Міне, биыл Тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына 24 жыл! Осы жылдар ішінде саяси жүйесі тұрақты, экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекетке айналдық. Еліміздің сайын даласы Сарыарқаның төріне көрікті де сәулетті Бейбітшілік шаһары Астана арқылы жаһандық әлемге жаңа Қазақстанды аштық. Мұндағы мақсат - Астана арқылы егеменді еліміздің қарышты даму қарқынын бүкіл әлемге паш ету. Бүгінгі елордамыз Түркі әлемінің астанасына айналып отыр.

4 - жүргізуші: Үрпия
Біз тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт - дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің негізгі Конституциялық заңды бекітіп, айбарлы айбарымызды құрдық. Көптеген елдермен экономикалық қарым - қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екенін жария еттік.
1 - жүргізуші: Дәуіржан
.... Халықпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ара дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз, егеменді Қазақстан!

Салтанат апай
«Тәуелсіздік» деген - тәтті ұғым, қастерлі сөз. Әлемде соңғы 24 жылдың ішінде Тәуелсіздік туын биік ұстап алға басқан ел - Қазақстан! Ғасырлар бойы ата - бабамыздың аңсап кеткен, біздің қолымыз әрең жеткен Ұлы мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туын биік ұстап алға басқан ел - Қазақстан! Ғасырлар бойы ата - бабамыздың аңсап кеткен, біздің қолымыз әрең жеткен Ұлы мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты да қайырлы болсын!
«Желтоқсан желі» әнінің үні баяу ғана естіледі.

1 - жүргізуші: Дәуіржан
Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата - бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді, бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
1723 - 1725 ж.- Ақтабан шұбырынды.
1730 - 1916 ж.- Қазақстан Ресей отарына айналды, Тәуелсіздік үшін қаншама көтеріліс болды.
1917 ж. Қазан төңкерісі болып Қазақстанда Кеңес үкіметі орнады.
1918 - 1920 ж.- Азамат соғысы.
1937 - 1938 ж.- Жаппай репрессия кезеңі.
1941 - 1945 ж.- ССРО - Германия соғысы кезеңі
1986 ж. Қазақстанда жастардың қозғалысы болды. Бұл «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен белгілі болды.
1991 ж. Қазақстан – Тәуелсіз, егеменді ел.

2 - жүргізуші: Айару
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге мұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік - Қайрат, Ләззат, Ерболдың
Тас көшеде тас - талқан болып өлгені,
Шалажансар қар астына көмгені.
Тәуелсіздік - ата - баба арманы.
Қандай елмін бүгін міне, көр мені!

Салтанат апай
Алаулайды, мүмкін емес сөнбегі.
Міне Тәуелсіздікке 1986 жылы «Желтоқсан оқиғасы» арқылы жеткен едік. Ол елімізге, оның өміріне мол өзгерістер әкелді. Дүниені дүр сілкіндірген, Тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдың «Желтоқсан оқиғасы» туралы айта кеткеніміз жөн. Балалар қане кім айтады екен
- Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?
- Бұл оқиға неге «Желтоқсан оқиғасы» деп аталады.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең...
Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан

Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан

Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу...
Тәуелсіз елдің ұландарымыз

Тәуелсіз елдің ұландарымыз

«Тәуелсіз елдің ұландарымыз» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!...
Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат

Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат

Тәуелсіз Қазақстаннның жас ұрпағы сіздер, саплы білімдеріңізбен, саналы тәрбиелеріңізбен Елімізідің елу елдің қатарына қосылуына өз үлестеріңізді...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×