Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлыстың Ұлы күні

Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні»

Мақсаты:
Оқушыларды ұлттық ойындар ойнату арқылы, өз салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, білімдерін шындап, ой - өрісін кеңейту.
Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд,сурет, мақал - мәтелдер,тыйым сөздер.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті ұстаздар, ата – аналар мен оқушылар! Бүгінгі “Ұлыстың Ұлы күні” деп аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді
22- наурыз көктемнің Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Келген қадамдарыңыз құтты болсын! Жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл тілейміз.
Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
(Бір ата - ана шашу шашады)
Мұғалім:
Ата - аналық – үлкен сын,
Бала өсіру – ұлы өнер.
Жақсылардың артынан
Жарқын ұлмен қыз өсер – демекші, «Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын қатысып отырған әділқазыларды таныстырып өтейін.
Той бастаңдар балалар, той бастаңдар,
Той бастаған балалар, көп жасаңдар,
Бүгінгі күн,сейсенбі, той қылыпсыз.
Құтты болсын тойыңыз деп бастаңдар!!!
Балалар Наурыз тойына кімдер тілек айтады?

1- оқушы:
Сәрсембек Иса
Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз тойы құтты болсын!
2- оқушы: Қажымұқан Аида
Наурыз тойы салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Көңілдері жадырап,
Жүрсін аман қартымыз.

3- оқушы:
Жақан Зарина
Наурыз айы тамаша,
Жар салайық жаңаша!
Мереке көп наурызда
Қуанатын балаша
4- оқушы:
Тойлыбеков Мирамбек
Көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ойын
Наурызда ойналады ұлттық ойын
Төлдейді сиыр,түйе, бие,қойын
Құтты болсын жанары келген тойын
- Балалар мына менің жедел сұрақтарыма жауап берейік
- Қазір қай мезгіл?
- Наурызда қандай мереке бар?
- Наурыз қай мезгіл?
- Наурызда біздің сыныпта кімдердің туған күндері бар?
Қазақ халқының аса бір құрметтеп, асыға күтер мерекесі- Наурыз. Наурыз- «Жаңа жыл » деген мағынаны білдіреді.Наурыздың 22- жұлдызы күн мен түн теңеледі. Жаңа жылдың бірінші күні- Ұлыстың ұлы күні деп аталады. Наурыз мерекесі кезінде халық жақсы киімдерін киіп, жастар қарттарға жарқын жүзбен сәлемдесіп, батасын алып, мерекемен құттықтайды. Ұлттық ойындар ойналып, ән айтылып, би биленеді. Қара қазандарға жеті тағамнан тұратын Наурыз көже жасалып, тегін таратылады.
- Ендеше балалар, ұлттық ойынымызды бастайық. «Хан талапай»
Ойынының шарты: Асықты таңдап алып, сол асықтағы тапсырманы орындайды. Егер сол тапсырманы дұрыс орындаса, асықты ұтып алады

- Асықтағы тапсырмалар:
- Ұлттық ойындарды ата.
- Жеті атаны таратып айтып беру.
- Дүниеде ең жақынын кім?
- Дүниеде не қымбат?

- « Қара жорға» биі орындалады.
Ойынның шарты: Теңгенің артындағы сұрақтарға жауап беру.
1. Ұлттық тағамдарды ата.
2. Қыз балаға байланысты тыйым сөздерді ата.
3. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
- Балалар, келесі ойынымыз « Қыз қуу» ойыны.

- Қызға сұрақ қойылады.
1. Жеті байлық дегеніміз не?
- Қыздың жауабы.

- Ұл балаға сұрақ қойылады.
- Жеті қазына дегеніміз не?
- Ұлдың жауабы.
- Келесі ойынымыз « Ат жарысы» . Ойынның шартты:
- 3 оқушы атпен жарысып, шарды жарып, жазылған сұрақ - тапсырмаларды ата - аналарға жеткізу.
1- ші ат жарысынан озып келген оқушының сұрағы.
1.Қазақ халқының ұлттық тағамдары.
2. Қыз қуыршақ дейді, ... ... ... .
3. Жеті санына байланысты.
Жауаптары:
1.Ет, жент, қымыз,сүт...
2. Бала құлыншақ дейді.
3. Ата, жұт, қазына, жетім.

2- ші ат жарысынан озып келген оқушының сұрағы.
1. Мұсылманның парызы.
2. Балаң жаман болса, ... ... ... .
3. Үш санына байланысты.

Жауаптары:
1. Меккеге бару.
2. Көрінгеннің мазағы.
3. Жұрт, тәтті, арсыз, мақсат.

3- ші ат жарысынан озып келген оқушының сұрағы.
1. Қазақтың төрт тойы.
2. Қыз бен ұл балаға байланысты мақал- мәтел айту
3. Үш алысты атаңыз
Жауаптары:
1. Наурыз, қымызмұрындық,сабантай, соғым басы.
2. Баланың ұяты - әкеге,
Қыздың ұяты - шешеге.
3. Жер мен көк, кәрі мен жас, жақсы мен жаман
- Келесі бөліміміз: «Ас адамның арқауы» дей келе ата- аналар өз қолөнерімен жасаған ұлттық тағамдар көрсете отырып, қалай жасалғанын түсіндіру.


- Келесі ойынымыз « Арқан тартыс» ойыны. Ойынның шарты: қыз балалар мен ұл балалардың ата- аналары ортаға шығып, арқан тартысады.
- Осымен бүгінгі «Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сабағымызды аяқтай отырып, әділқазылар алқасына және ата- аналарға сөз беріледі.
- Сіздерге «Ұлыстың ұлы күні!» сіздерге, отбастарыңызға құт- береке, мол бақыт әкелсін!
- Сау болыңыздар! Рахмет!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×