Сайтқа кіру Тіркелу

1-желтоқсан тұңғыш Президент күні тәрбие сағаты

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Мақсаты: а) Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәдесыйлықтар, әнұран, т. б.
Түрі: тәрбие сағаты

Әнұран
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

I бастаушы: Гүлназ
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
2 бастаушы: Сағындық
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
Ән: «Елім менің»
Сөзжұмбақ: «Тәуелсіздік»
1. Мемлекетіміздің аты?
2. Елбасының әкесінің аты?

1 оқушы: Әлия
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Мұғалім:
Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.
Зухра: Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Орынжан: Нұрсылтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы

Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Мирас: Нұрсылтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі

Тілші: Сағызбай Назерке
1. Президенттің атын кім қойған
- Наурызбек
- Тілші: Қазақстанда көптеген Нұрсұлтан атты азамат өсіп келеді. Осы туралы не дер едіңіз?
- Іңкәр
Тілші: Абзал азаматтарға балдырған аттастарыңызға тілектеріңіз?
Интерактивті тақтамен жұмыс
Қолмен жазылған хаттар
- Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері
Тілші: Елбасының кітап - журналдар оқуға уақыты бар ма екен?

- Медет
Гүлмаржан: Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

Нұрлы: Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Астанаға саяхат
Тілші: - Іңкәр Астанадан қандай әсер алдың?
Кәде сыйлықтар

Тілші: - Бүгінгі тәрбие сағатына қатысқанына ризамын

Гүлназ:
Ошақтың аяғы үшеуі болғанымен ұлт біреу
Ұлт тағдырын ойлауымыз керек
Ұлттық теңгеміз өз бабында
Сағындық:
Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызда бастан теппейік ағайын

Хор: Қазақстан - Ақ Ордасының іші халқына құт болсын, ынтымақ, бейбітшілік ордасына айналсын.

Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс

Дипломдар
Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын.

Хор: «Елім менің»
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі: Қарабатырова Қалимаш
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×