Сайтқа кіру Тіркелу

Мемлекеттік рәміздер тарихы

Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 23 орта мектептің
орыс тілі пәнінің мұғалімі
Бозжигитова Ляззат Конакбаевна

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тарихы.
Мақсаты: Оқушыларды мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен таныстыру. Оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеуге шақыру.

Жүру барысы
1. Қызығушылықты ояту сатысы
Біз бүгін мемлекеттік рәміздеріміздің шығу тарихы туралы білетін боламыз. Осы рәміздердің неге керек екені туралы ойланайық. Рәміздер туралы не білеміз немесе не білемін деп ойлайсыз? 4 минут ішінде білгендеріңіздің тізімін жасап шығыңыз. Енді жұбыңызбен 5 минут ішінде бөлісіңіз де, өзіңіздің жазғандарыңыздан 3-4 мысал айтыңыз. Берген мысалыңыз нақты білетін мысалдарыңыздан болу керек.

Мұғалім БҮҮ кестесін тақтаға сызады. Енді маған осы кестенің бірінші бағанын толтыруға көмектесіңіз. Әр жұп ең маңызды идеяларын айтады, ал мұғалім жазады.

Білемін
Үйренгім келеді
Үйрендім

Мұғалім жазылғандарды оқиды және сонан соң:
Сонымен біз рәміздер туралы көп білеміз. Бірақ біз көбірек білгіміз келеді. Біз тағы не білгіміз келеді?
Өз сұрақтарын ойластыруға 4 минут уақыт беріледі. Сонан соң оқушылар жұпта өз сұрақтарын талқылай отырып, ең жақсы 3 сұрақты таңдап алады.
Мұғалім: екінші бағанды толтыруға көмектесіңіз. (жұптар өз сұрақтарын айтады)

2. Мағынаны тани білу сатысы
Оқушыларға мақаланы оқу үшін 10 минут уақыт беріледі. Оқу барысында кестенің үшінші бағанын толтырып отырыңыз.(мақала әр топқа таратылып беріледі)

Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді. Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.

Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.

Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. Кезінде Түркі қағанаты (552-630 ж, 682-743 ж), Хазар қағанаты (651-983 жж.), Ұлы Селжұқ қағанаты (1040-1157 жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының (1465-1737 жж.) бірқатар хандары мен батырлары көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің (1920 - 1991 жж.) мемлекеттік жалауында да шағын көк жолақ республиканың төл болмысының нышандық белгісі ретінде пайдаланылады. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі бір нақты географиялық ақпарат алуға болады. Ол геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жер шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен бастау алатын, тамыры тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай.
Ал, күн бейнесі - байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.

Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсар, жан дүниесінің кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.

Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздер бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран. Олардың әрқайсысының мәні, өз орны, тарихы бар.

Ту – ертеден келе жатқан мемлекет белгісі. Алғаш рет ту осыдан бес мың жыл бұрын Таяу Шығыста пайда болды. Бұл құстардың, аңдардың, құдайлардың бейнелері салынған ту болатын.
Ең көне ту Иран елінің аумағында табылған. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Бұл ту – төртбұрышты металдан жасалған.

Қазіргі қолданылып жүрген тулардың алғашқысы болып Чжод деген Қытай императорының туы саналады. Оның түсі ақ болған. Бұл түс көштің, биліктің белгісі болып есептелген. Сондай-ақ осыған ұқсас тулар Үнді елінде және Таяу Шығыста пайда болған. Біздің заманымыздың бірінші мың жылдығында олар Еуропаға келген.

ХІІ ғасырда геральдика ілімінің негізі қаланған. Геральдика – латын тілінен алынған сөз. Ол “елтаңба тану” дегенді білдіреді. Геральдика ілімінің негізін салушы ХVII ғ. француз ғалымы Менестре болған.

Әр елдің ұлттық туларында әртүрлі түстер қолданылады. Соның ішінде жиі кездесетіні – үш рең, яғни үш түрлі түстен тұратын тулар.

Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс – аспанның белгісі. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Алғашқы геральдистердің бірі Аксельм жасаған кесте бойынша, көк түс – адалдықтың, тазалықтың белгісі. Сенімділік, үміт сияқты адам қасиеттеріне жақын келеді.

Біздің республикамыздың мемлекеттік рәміздеріне шетелдік мамандар жоғары баға берген. Мемлекеттік рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген. Туымыздағы күн бейнесі – шекарамыздың бұзылмайтындығын бейнелейді. Шексіз далада ұшқан қыран, ою-өрнек – еліміздің ұлттық жиынтық бейнесі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір фонда киіз үйдің шаңырағы бейнеленген, одан күн сәулелері тәрізденіп ертегідегідей арғымақтардың қанаттарымен безендірілген уықтар тарайды. Мемлекеттік Елтаңбаның негізіне алынған шаңырақ ошақты, дүниенің біртұтастығын білдіреді. Елтаңбаның төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу бар.

Ендеше, мемлекеттік рәміздерді мақтаныш етейік, себебі Отаншылдық сезім осы рәміздерге әрқайсымыздың құрметімізден басталады.
Мұғалім: үшінші бағанды толтыруға көмектесіңіз. (жұптар өз жауаптарын айтады)

3. Ой толғаныс сатысы
Жауапсыз қалған барлық сұрақтарды белгілеңіз. Осы сұрақтарға оқушылар жауапты қайдан таба алатыны туралы талқыланады.
Рәміздер сөзіне «Бес жол өлең» жазу. (оқушылар жазғандарын оқиды)
Сабақты Әнұранмен аяқтаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×