Тақырыбы: «Үздік құқтанушылар».
Мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның өзіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру.
ә) Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрістерін дамыту, белгілі бір пікір айтуға үйрету, сөздік қорларын молайту.
б) Тәрбиелілігі: оқушылардың бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру, Ата Заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрден тыс
Әдісі: жоба қорғау,
Көрнекілігі: нақыл сөздер, кеспе әріптер, суреттер, газет, буклет, көрме т. б
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Екі топқа бөлінген оқушылар жеке - жеке отырғызылады, сайыс мақсатымен таныстырылады.
1 - топ. Ата - Заң.
2 - топ. Заң қорғаушылар
Сайыс жоспары:
1. Топтың аты, ұраны
2. «Тікелей сұрақ» 10 сұрақ беріледі екі топқа қолдарын көтеріп жауап береді.
3. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс».(Өз құқтарыңызды айтасыздар)
4. «Әріптер сыры» (әріп таңдап берілген сұраққа жауап бересіздер)
5. «Жағдайаттық сұрақтар» (Екі топ бір - біріңізге жағдайат қойып жасырасыздар)
6. Үй тапсырмасы. «Сурет қорғау»
Үйден дайындап келген сұрақтарыңыз. Суреттеріңізді қорғайсыздар.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Мектептің психологы: Ә. Даулеталиева
2. Құқ пәнінің мұғалімі: Ә. Өтеғалиева
3. Тәрбие ісінің меңгерушісі: А. Сағынғалиева
Енді, сіздерге құқтану пәнінің мұғалімі Ә. Өтеғалиева шағын мағлұмат беріп өтеді.
І кезең. «Таныстыру».
1 - топ. «Заң қорғаушылар»
Ұраны: Тәртіпке бас имеген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды.
2 - топ. Ата Заң.
Ұраны: Ата Заңым
Алтын Заңым
Мақтанышым
Ән ұраным
ІІ кезең. «Тікелей сұрақ»
1. Қ. Р Заң шығарушы органы? (Парламент)
2. Қ. Р құрылымы жағынан қандай мемлекет? (Унитарлы)
3. Құқық деген не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі).
4. Қ. Р Конституциясы қанша бөлімнен, қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 баптан)
5. Қ. Р Тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991жылы 16 желтоқсан)
6. Ең алғаш Конститутция қашан қабылданды? (1993 жылы 28 қаңтар)
7. «Балалар құқығы» туралы заң қашан қабылданды? (1989 жылы 20 қараша)
8. Кәмелеттік жасты ата? (18 жас)
9. Ата Заң бойынша қылмыскер неше жастан бастап жауапқа тартылады? (14 жас)
10. Қазақстанды ең алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел? (Түркия)
ІІІ кезең. «Мұны әрбір оқушы білуі тиіс».
Әрбір оқушы өз құқтары туралы айтып өтеді.
ІV кезең. «Әріптер сыры».
А - Адам мәселесімен айналысатын ғылым. (Антропология).
Б - 18 жасқа толмаған баланы қалай атайды? (Бала)
В - 1993 жылы 15 - қарашада болған оқиғаны ата? (Валюта енгізілді).
Г - Елтаңбаны зерттейтін ғылымды ата? (Геральдика)
Д - халық еркі немесе билігі (Демократия)
Е - ақша белгілерінде бейнеленген мемлекеттік эмблема (Елтаңба)
Ж - Тәуке ханның заңдар жинағы (Жеті жарғы)
З - Мемлекеттік белгіленген жалпыға міндетті ережелер жиынтығы қалай аталады? (Заң)
К - Ата Заңымыз қалай аталады? (Конституция)
М - Балаларды қорғау күні қай айда? (Мамырда)
П - Мемлекет басшысы (Президент)
О - Қоғамның бастапқы ұясы (Отбасы)
Р - Бүкіл халықтық дауысқа салу (Референдум)
С - Қылмыскерлердің жазасына байланысты үкім шығарады (Сот)
Т - Құжат ( Төлқұжат)
У - Қ. Р мемлекеттік құрылымы (Унитарлы)
Ұ - Біреудің дүние мүлкін құпия түрде алу (Ұрлау)
Х - Мемлекеттік биліктің қайнар көзі? (Халық)
Ш - Құран кітабының заңдары қалай аталады? (Шариғат)
Э - Халықтардың әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді зерттейтін ғылым? (Этнография)
V кезең «Жағдаяттық сұрақтар»
1 - топ. Арман мен Дархан компьютер ойнауға ақша таба алмай біраз қиналды. Екеуі біраз отырған соң көшеде кетіп бара жатқан баланы алдап шақырып, ақша беруін талап етеді. Баланы қорқытып ақшасын тартып алды. Егер басқа біреуге айтса жақсы болмайтынын ескертті.
2 - топ. Майра дос жігітінен хат алды. Сыныптастары Ербол мен Ерлан бұл жөнінде білетін еді. Екеуі хатты оқуға қызықты. Майраға сездірмей хатты алып оқыды.
VІ кезең. «Үй тапсырмасы».
Суреттерін қорғайды.
1 - топ.
Тік тұрған үймен бұзылайын деп тұрған үйдің суреті.
2 - топ.
Қызыл, көк, жасыл түспен салынған ауылдар суреті.
Әділ - қазылар сөйлеп жеңген топқа дипломдарын беріп, өз пікірлерін айтады.
Қорытынды:
- Бүгінгі таңда жастар арасында құқық бұзушылық өріс алып отыр, сол құқық бұзушылыққа біз қарсы шығып құқықтық тәрбиені күшейтуіміз қажет. Ендеше өзімізге жауапкершілікпен қарап, тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебесін жоғары ұстайық деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымды аяқтаймын.
Үздік құқықтанушылар
- Duisengaliyeva.Gulmira
- 6 қараша 2015
- 3209
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ата заң, құқтанушылар сайысы, құқық негіздері
Ұқсас жаңалықтар:
Құқықтық сауаттылық – заман талабы
Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу. 2. Оқушылардың ойлау, тыңдау,...Мен және менің құқығым
Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру; құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;...Заңды білу – заман талабы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің информатика пән мұғалімі Матеуова Жанаргүл Нұрымқызы...Құқықтық сауаттылық - заман талабы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосының Қараой мектеп - бала бақшасының аға тәлімгерімін Мамбетова Дамира Жалғасбайкызы Тақырыбы: Құқықтық...Мен және менің құқығым
Мақсаты: - оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.