Сайтқа кіру Тіркелу

Мемлекеттік Елтаңба

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
«№2 Лицей» КММ орыс мектептеріндегі
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Оспанбай Талғат Оспанбайұлы

Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік Елтаңба
Сабақтың мақсаты: а) Елтаңба туралы толық мағлұмат беру, ондағы бейнелердің мағынасын ашып түсіндіру. Оқушыларды сөйлем мүшелеріне талдау жасауға үйрету.
ә) Тілдік - эстетикалық сезімге, Рәміздерді құрметтеуге баулу, Отанды сүю және патриоттық сезімдерін ояту.
б) Оқушының ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы, сын тұрғысынан
ойлау стратегиясының элементтерін қолдану. Интерактивті
тақтамен жұмыс, сұрақ - жауап әдісі. Көрнекілік әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, тапсырмалар, Презентация

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеріп, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Өткенді пысықтау, қайталау.
І. тапсырма. Мағынасы ұқсас сөздерді жұптастырып жаз.
Ту байрақ
Ат пырақ
Ою өрнек
Құрметтеу сыйлау
Шұғыла сәуле
Айналасында жанында
Қоршап тұр көмкеріп тұр
2. тапсырма. Мақалдарды жаттап ал.
Ұлтарақтай болса да
Атақоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып - өскен жер қымбат
Өзін - өзі билеген ер бақытты
Өзін - өзі билеген ел бақытты
3. Тудың авторы. Шәкен Ниязбеков туралы мәлімет жинап келу.

ІV. Жаңа ұғымды түсіндіру.
• Әнұран орындалады.
• «Елтаңбасы Елімнің» презентация арқылы жаңа ұғымды түсіндіру.
• Елтаңбасы елімнің өлең жолдары оқылады.
V. Жаңа ұғымды бекіту тапсырмаларын орындау.
Деңгейлік тапсырмалар.
«Мемлекеттік Елтаңба» мәтінін оқып, түсінгеніңді әңгімелеп айтып бер. ( айтылым)
1 - деңгей.
1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз. (оқылым)
Шаңырақ, пырақ, уық, көгілдір, алтын, жоғарғы жағында,
астынғы жағында, Елтаңбаның.
1. Елтаңбада......................,..............................,......................... бейнеленген.
2. Қазақстан Республикасының рәміздерінің түсі....................... және.........................
3. Елтаңбаның......................................... бес бұрышты жұлдыз бар.
4. «Қазақстан» деген жазу елтаңбаның............................................
5.............................. екі жағында қос пырақ бейнеленген.
2 - тапсырма. Елтаңба белгілері нені білдіретінін жаз.
Шаңырақ _____«Отан отбасынан басталады»___________________
Пырақ _________«Жылқы - адамның қанаты»_____________________
Бес бұрышты жұлдыз __ Мемлекетіміз бес құрлыққа есігін кең ашып тұр_

2 - деңгей.
1 - тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар(жазылым).
Елтаңбамыздың, шаңырақ,, бейнеленген, ортасында.
1. Елтаңбамыздың ортасында шаңырақ бейнеленген.
Мемлекеттік рәміздерді, міндеті, әрбір адамның, сыйлау.
2. Мемлекеттік рәміздерді сыйлау әрбір адамның міндеті.
Қабылданды, 4 маусымда, Мемлекеттік рәміздер, 1992 жылы.
3. 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер қабылданды.
(сөйлем мүшелеріне талдау) грамматика
2 - тапсырма. «Сұхбатты рөлмен оқыңдар». (тілдесім)
3 - деңгей.
Ар намысы бар Қазақстандық азаматтың Отан алдындағы парызы қандай? жауап жазыңыз.(айтылым)
VІ. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасымен салыстыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×