Сайтқа кіру Тіркелу

Тәрбие бірінші отбасынан басталады

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер», «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар, мультимедиалық проектор

Түрі: танымдық сайыс, пікір талас
Барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу
Ата - ана, оқушыларды екі топқа орналастыру

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан - жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу - ата - ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.

І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы» тобы.
- Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат береді. Кейін әрбір отбасы өздерін таныстырады.

ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшаңдылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.
Ата - аналарға:
І топ
1. ҚР тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж. 16 - желтоқсан)
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
3. Шоғанның әжесі? «Айғаным!»
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? «Құрмаш!
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? «қазы - қарта, жал - жая, бесбармақ,
қымыз, шұбат.»
6. Үстеудің неше түрі бар? (7)
7. «Қағаз хрестоматиясын жазған кім?» (Ы. Алтынсарин)
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
9. Қазақ тілі қай тілер қай тілдер. Тобына жатады? (түркі тілдес.)
ІІ топ
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды. (1989ж)
2. Абайдың туған жылы? (1845ж)
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан)
4. Ақылды сөзінің түбірі ( ақыл)
5. Қазақ алфавитін жасаған кім? ( А. Байтұрсынов)
6. Ұлттық киімдер қалай аталады? ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешек т. б)
7. Беташар қашан айтылады? ( келін түскенде)
8. Тұңғыш кемеңгер? ( Ыбырай)
9. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т. б.
Оқушыларға:

І топ
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырақ иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра(
5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
6. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
7. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)
8. ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? ( 2002ж 8 - тамыз)
9. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)
ІІ топ
1. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
2. 18жасқа толмаған адам ( бала)
3. «Өзін - өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С. Назарбаева)
4. Екі адамның бір - біріне деген адалдығы ( достық)
5. Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде ( орта)
6. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
7. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
8. Үш қуаныш ( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
9. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)

Келесі ІІІ бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет салу байқауы. Екі топ суретін салғанша шағын көріністі тамашалық.

Көрініс (Бүлдірген, Күлдірген, Бастауыш)

Көріністен соң екі топ суреттерін қорғайды.

Келесі ІV бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі. Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.
Ата - анаға:
1. Сіздің балаңыз озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
2. Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?
3. Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойды. Сіз не істейсіз?
4. Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?
5. Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата - аналар туралы пікіріңіз қандай?
6. «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды. Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата - аналарға деген көз қарасыңыз қандай?
Оқушыға:
1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата - анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. сен не істейсің?
3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді. сен не істейсің?
4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
5. Сен тәртіпсіздік жасадың. Мұғалім саған қатты - қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?
6. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

Келесі бөліміміз
V бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.
1. Атаға қарап -..............., анаға қарап -..................
2. Ананың көңілі балада,..........................
3. Ата - ананың қадірін -................................
4. атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)
5. Ұяда не көрсең,....................................( ұшқанда соны ілерсің)
6. Балалы үй базар,..................................( баласыз үй қу мазар)
7. ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
8. Ананың сүті – бал,................................( баланың тілі – бал)
9. Туған үйдің түтіні жылы,..............................( туған ананың күтімі жылы)
10. Анаңа ауыр сөз айтпа,...............................( артыңа ауыр жүк артпа)
11............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
12. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Еліміздің келешегі – бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты» дегендей,
Келесі VІ бөліміміз Пікір талас
Тақырыбы: Қазіргі таңда жастарымыздың батысқа еліктеуі дұрыс па?
І топ: дұрыс емес
ІІ топ: дұрыс
Соңғы бөліміміз VІІ бөлім «Сөз тапқанға.....» деп аталады.
Берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.
І топ
1. Тілді қадірлейсіз бе?
2. Орысша сөйлеуге қызығасың ба?
3. Мерекеге қандай киім киесіз?
4. Кітап оқығанды ұнатасың ба?
5. Лотереядан ақша ұтсаңыз, не істейсіз?
6 Достарың кімдер, коп пе?
7 Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?
8 Түнде аспанда не болады?
9 Баланың бас ұстазы – ата - ана ма?
10 16 - желтоқсан қандай мереке тойлаймыз?
ІІ топ
1. Тіл сүйектен өте ме?
2. Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?
3. мектепке немен келесіз?
4. көршіңмен татусың ба?
5. ауа райы салқын ба?
6. Дүниедегі қымбат жан
7. Түлкі неге қу аң
8. Су тіршілік көзі ме?
9. Бақыт дегеніміз не?
10. Ит жеті қазынаның бірі ме?
Қорытындылау: Құрметті ата - аналар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, келіп қатысқан аналарға алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға қуаныш тілеймін. Балаларыңыз мына күннің шуағындай болып жайнап тек қуанышқа бөлей берсін! Ал балалар, сабақты жақсы оқып, үлкендерді тыңдау керек. Қорытынды сөз тәрбие ісі меңгерушісіне беріледі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ата-аналармен жұмыс жүргізу жолдары

Ата-аналармен жұмыс жүргізу жолдары

Мақсаты: Балабақшамен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата - ананың ықпалын арттыру. Бала тәрбиесінде ата -...
Тәрбие үйден басталады

Тәрбие үйден басталады

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің...
Отбасы – өмір аясы

Отбасы – өмір аясы

Ата - аналар мен тәрбиеленушілерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау, отбасы – Отанның...
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі

«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі

«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі. 1 - жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар, ата - аналар, құрметті шәкірттер! 2 - жүргізуші: «Мөлдір...
Баланың бас ұстазы - ата-ана

Баланың бас ұстазы - ата-ана

Баланың бас ұстазы - ата - ана «Баланы әуелі мейір - шапағатқа, Онан соң ақыл - парасатқа, ақырында Еңбек пен ғылымға баулуы» Халық даналығы Баланың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×