Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектер бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдық мінез - құлықтың беки түсуіне ықпал ету. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Өткізу әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ассоциациялау
Көрнекі құралдар: Еліміздің рәміздері, слайдты альбом (интерактивтік тақтаны пайдалана отырып), тірек - сызбалар
Сабақ барысы:
- Құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің «Биік сенің мәртебең, дархан елім!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қорғауға, қадірлеуге, сүюге тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді, - демекші, еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болуы үшін біз туған жерімізді, туған елімізді, оның символдарын құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
- Оқушылар, «Тәуелсіз ел» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай ұғымдар ойға келеді?
1 - жүргізуші:
Қазақстан арайланып азат таңы,
Тағдырдың артта қалды азаптары.
Үмітін үкілеумен өткен жылдар,
Жасампаз жазып жатыр парақтарды.
2 - жүргізуші:
Аңсаған азаттықты ұлы халық,
Бостан күнге жеткенді белі талып.
Бет түзеп өркениет ауылына,
Арманның алаулайды шамын жағып.
1 - жүргізуші:
Заңғар тау, шалқар жазық маң далалы,
Атырау, Алтай, Арқа таңданады.
Сексен көл Көкшетаудың бауырында,
Сылаңдап сәнге бөлер кең даланы.
2 - жүргізуші:
Ауылым өткен жылдар белестері,
Бүгінде жерім жомарт, ел еңселі.
Тәу етіп тәуелсіздік ақ таңына,
Тілеймін биік шыңды белестерді.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 16 - желтоқсанда Тәуелсіздік туралы Жарлығы жарияланысымен - ақ дүние жүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел. Еліміздің егемен екенін танытатын жұрт таныған ұлттық белгілері бар.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Еліміздің туы мен елтаңбасы 1992 жылы 4 - маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.
Тәуелсіз елім, тау – елім,
Қойнауың жақұт бау елім.
Көк байрақ туым желбіреп,
Шаттықтықтың салам әуенін.
Күндердің аппақ сағымын,
Қайраққа қайта жаныдым.
Қырандай самғап қияға
Мұқалмас енді қарымым. (Батырхан)
Уақыттың ашып кезеңін,
Бақыттың кештім өзенін.
Ғасырдың жаңа бетінен,
Ғарыштың отын сеземін.
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді Ту болмады дегенге. (Нұрбақыт)
Ту туралы Мейірбек баяндайды.
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер Түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен - таңба. (Абылай Н.)
Биік сенің мәртебең, дархан елім!
- Акбота2426
- 10 қазан 2015
- 3066
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Биік сенің мәртебең, дархан елім атты іс шара
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік күні
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан...Гүлдене бер, Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар аралығында жеткен жетістіктерімен таныстырып, әлем таныған ел екенін дәлелдеу. Міндеттері:...Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы
Мақсаты: Студенттердің рәміздердің пайда болуы және оның тарихтағы орны жайлы білімдерін тереңдету; Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа,...Рәміздерім - мақтанышым
№35 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Баймуханова Гульназым Куанышевна...Рәміздерім - мақтанышым (тәрбие сағаты)
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.