Мұғалімнің алғы сөзі:
Сәлеметсіңдер ме, бүгінгі үлкен тойға жиналған қауым! Иә, жиналып отыруымызға себеп - кеше ғана оңы мен солын танымай жүрген ойын балалары бүгін, міне, мектеп табалдырығын аттап, «Тілашар» мерекесін тойламақшы. Бақытты балдырғандар, ардақты ата - аналар, құрметті меймандар, тілашар тойы құтты болсын! Мектеп есігін алғаш ашқан шәкірттерім қадамдарың сәтті болсын!
Көз салып қараңызшы тойымызға
Ортақ боп, бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз құрметті ата - аналар
Тілашар атты мерекелік тойымызға
Нұрлы үмітін арқалаған
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп
Оқушыларды шақырайық ортаға
1. Сабырлы жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі, бәрі сыйлайды
Сыныбымызда Жасұланды
2. Қандай да болса игі ісі
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Жомартқызы Айсәулені
Жауқазын гүлге теңейміз
3. Біздің топта қыздардың
Ішіндегі дарасы
Арайдың өткірдей ер мінезіне
Таң қаламыз бәріміз
4. Күллі жұртты тамсантқан
Мың бұрала билейді
Талабымен қуантқан
Біздің Қайратқызы Арай өнерлі
5. Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы бір сырлы
Намысшыл жігіт Мейрамбек
6. Өзі алғыр жан - жақты
Қызымыз бар салмақты
Тоғжан біздің әрқашан
Ұстайды өзін салмақты
«Батаңды бер қазағым, мен мектепке барамын» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Кішкентай бүлдіршіндердің осы 1 ай ішінде жеткен жетістіктері де аз емес. Олар әріп танып, оқуды, жазуды меңгеріп келеді. Бірақ ол бұл тек бастауы ғана.
Айналайын, балалар,
Алдарыңда мектеп - ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер, даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
1 - ші сыныпқа келдіңдер,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті, міне, бойларың,
Өсті ақыл, ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
1 - оқушы Жасұлан
Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын.
Батаңды бер, қазағым...
Мен мектепке барамын.
(бата алу)
Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді.
Қуантуға жүректі,
Қуантуға түлекті
Мектепке мен барамын.
2 - оқушы Арай
Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
3 - оқушы Тоғжан
Алтыға толдым биыл мен
Оқушы болып киінем.
Арқама сөмке асына,
Мектепке барам асыға.
4 - оқушы Қ. Арай
Тану үшін бабаңды
Тану үшін анаңды
Тану үшін ғаламды
Мектеп керек, адамға
Ән: «Мектебім» Қайратқызы Арай
Жасұлан:
Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз
Суретті де саламыз
Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Мейрамбек:
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.
5 - оқушы Азанбек Арай
Әліппені ұстап мен,
Мақтанбаймын мен текке.
Дайын дәптер қаламым,
Жақсы оқушы боламын.
6 - оқушы Айсәуле
Барлық бала таң қалып,
Әліппені ашады.
Сөз құраған әр әріп
Білім нұрын шашады
Арай:
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз
Тоғжан:
Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып өссек те
Даярлықты қимаймыз.
Көрініс: «Жетпіс пен жеті»
«Біз не үйрендік?»
Балалар біз мектепалды даярлық сыныбында қандай пәндерді өттік?(балалар пән аттарын атап шығады)
1. Сауат ашу пәні бойынша:
- Алфавитте неше әріп бар? 42
- Дыбыс нешеге бөлінеді? 2
- Дауысты дыбыс нешеу? 15
- Дауыссыз дыбыс нешеу? 25
- Неше белгі бар? 2 белгі
Сөздер, сөйлемдер құрату.
2. Математика пәні бойынша:
3. Тіл дамыту пәні бойынша:
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Біз қандай мемлекетпіз?
- Елбасымыз кім?
- Елордамыз қай қала?
- Рәміздерді ата!
Міне, балалар, сендер жаңа оқу жылын білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңырау соғылғалы бір ай уақыт өте шықты.
Еліміздің ертеңі - сендерсіңдер! Елдің тізгінін мықтап ұстап, сапалы білім алып, өнегелі азамат болып өсе беріңдер.
- Балалар Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
Жасұлан:
Отан деген - атамекен.
Отан деген - туған ел.
Отан деген - анам екен,
Отан деген - туған жер.
Мейрамбек:
Отан - әкем, Отан - атам
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса, неге біздер
Дейміз оны «Атамекен»
Айсәуле:
Отан - әжем, Отан - анам
Құшақ жайған қатар маған
Туған ел!- деп, туған жер - деп
Ол бекерге аталмаған
Тоғжан:
Атам, әжем, әкем, анам
Төртеуі де Отан маған
Төртеуі де ботам дейді
Ер азамат атан - дейді
Мақтанамын Отаныммен
Отаныма ботамын мен
Ән: «Отан» (хор)
Дұрыс балалар, қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны Қазақстан
Біздің ана тіліміз?
Дұрыс, біз қазақпыз, біздің ана тіліміз қазақ тілі. Біз ана тілімізді құрметтеуіміз керек.
. Арай:
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Мейрамбек.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді
Тоғжан:
Ардақты тіліңді,
Ал одан білімді,
Өз тілің үйретер
Өнерді, ғылымды.
Тіліңсіз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Ән: «Ана тілін сүйемін»
Көрініс: Балаға көңіл бөлу(Жасұлан, Айсәуле, Тоғжан)
Жаңылтпаштар
1. Шеше, неше кесе сынды кеше.
2. Қызым жүзім же, жүзін үзіп же.
Жұмбақтар:
1. Алмада бар, жүзімде жоқ
Анарда бар, шиеде жоқ қандай әріп? (А), өлең айтады ма?
2. Тауда бар, бауда жоқ
Таста бар, құмда жоқ
Ән: «Сыңғырла қоңырау»
Даялық топта оқытқан апайымызға не дейміз?
Жасұлан:
Мен тілеймін ұстазыма
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.
Қайратқызы Арай
Сайысында өнердің,
Аламын деп бас бәйгені.
Барлығына мен елдің,
Әнші болам әйгілі.
Ән. Қайратқызы Арай
- Міне, қадірменді қонақтар, бүлдіршіндер және ата - аналар, бүгінгі 1 - сынып оқушыларының тілашар тойы өз мәресіне келіп жетті.
Балалар ата - аналарыңа, ұстаздарыңа, достарыңа сыйлы болыңдар! Тек қана биік белестерден көріне беріңдер. Сіздердің назарларыңызға рахмет.
Ендігі сөз кезегін қонақтарға береміз.
Мен мектепке барамын, батаңды бер қазағым
- Гүлбаршын2015
- 10 қазан 2015
- 7138
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мен мектепке барамын, батаңды бер қазағым
Ұқсас жаңалықтар:
1 қыркүйекке арналған тақпақтар
Соқ, соқ қоңырау Сыңғырлайды қоңырау Сылдырлайды қоңырау Сыңғырлайды, сылдырлайды алғашқы қоңырау!...1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар
Биыл мен де мектепке Біріншіге барамын. Мақтанбаймын мен текке, Дайын дәптер, қаламым. Мектепке енді барамыз, Біз оқушы боламыз. Жақсы оқып сабақты,...Біз мектепке барамыз
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы, №49 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл...Сәлем білім ордасы
Өскемен қаласы, № 26 орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі Қабылбаева Алзинат Советбекқызы...Тілашар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.