Сайтқа кіру Тіркелу

Адам болам десеңіз...

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы.
Бастауыш сынып мұғалімі
Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжанқызы

Тақырыбы: «Адам болам десеңіз...»
Сабақтың мақсаты:
Адам бойындағы моральдік, этикалық, мінез-құлық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру; Оқушы өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге, өзін-өзі тануға ұмтылу.
Түрі: сыр - сұхбат
Әдіс – тәсілдері: сауалнама жүргізу, ситуациялық жағдаяттар, өзін - өзі тексеру тесті, проблемалық сұрақтар, жадынама арқылы түйін жасату, бейтаныс адамға хат жазғызу.

1. «Адам қандай болу керек?» деген тақырыпқа сауалнама жүргізу.
Өмір дегеніміз жақсы ма, жаман ба?
Өмірдегі менің мақсатым не?
Келешекте мен өз өмірімді қалай құруым керек?
Мен тамақ ішу өмір сүремін бе немесе өмір үшін тамақтанамын ба?
- Мен кіммін?
- Менің достарым көп болуы үшін не істеуім керек?
- Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?
- Мен қандай болуым керек?

2: «Мен жақсы, әлде жаман адаммын ба?» ситуациялық жағдаяттар.
1 – жағдай:
- Сіз үйіңізден маңызды кездесуге бет алғаныңызда, кенеттен телефон шылдырлайды. Телефон шалып тұрған сіздің ең жақын досыңыз, өзінің сәтсіздікке душар болғанын хабарлайды. Сіз не істемексіз, досыңызға көмек беруге ұмтыласыз ба, әлде өз шаруаңызға бет аласыз ба?
2 – жағдай:
- Сізді достарыңыз кешке шақырды. Оған сіздің барғыңыз келіп тұр. Бірақ, ата - анңыз біліп қалса, сіздің пікіріңізді қоштамайтынын анық білесіз. Сонда не істемексіз?
3 – жағдай:
- Сен құраққа дайын емессің, бірақ оның белгілі себептері бар. Мұғалім саған жаман баға қойды. әділ екеніңді өз тарапыңнан қалай дәлелдер едің?

3. «Адамды әділетті деуге бола ма, егер.......?»
Тексеру тестін жүргізу.
- Сыныптағы балалардың бәрі бір балаға жабылып, ызаландырып тиіссе,........
- Бсақалар туралы ешқашан жаман пікір айтпаса,..........
- Ненің жаман, ненің жақсы екенін айыра білетін болса,...........
- Әлсізді біреу ренжітіп жатқанда, оған ара түспессе,..........
- Әрқашан өзінде барды тең бөліссе,..........
- Жіберген қателігіне лайықты жаза алуға дайын болса,...........
(Сұрақтарға оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

4. «Өмірдегі ең басты мәселе не?».
Проблемалық сұрақтарға жауап беру.
- Әрқашан адал болу керек пе, әлде жағдайға сәйкес өтірікті пайдалануға бола ма?
- Бақытты болуды тек материалдық байлыққа жету деп түсінесіз бе, әлде өзіңіз ұнататын, бірақ, еңбекақысы онша жоғары емес қызметпен айналысуды немесе отбасындағы жақсы қарым – қатынасты сақтау деп «күнәсіз» ойлайсыз ба?
- Сіз, барлық адамдар тең құқықты деп санайсыз ба, әлде басқаларды нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына қарай қабылдайсыз ба?
- Болашақ мамандық таңдауда шешуші рөл атқарушы - дәрежесі жоғары институтта оқу ма, жоғары еңбекақы алу ма, шетелге жиі іс – сапарға шығу ма, әлде өз қабілетіңізді толық ашу ма?

5. «Мен кіммін?» бейтаныс адамға хат жазу.
- Бейтаныс адамға хат жазыңыз. Өзіңізді таныстырып, кім екеніңізді әңгімелеңіз. өзіңізді, өміріңізді, өмірде неге қызығатыныңызды, неге құштар екеніңізді суреттеп жазыңыз. Өзіңіздің тұратын немесе оқитын жеріңізді және сіздің өміріңізге маңызды рөл атқаратын адамдар жайлы жазуыңызға да болады.
Өзіңізді бейтаныс адам деп ойлап, жазған хатыңызды оқыңыз. Хаттан алған әсеріңізді жазып қойыңыз.

6. «Адам болам десеңіз......»
Балаларға арналған жадынама тарату.
1. Балалар, естеріңе сақтаңдар!
- Жұртың бәрімен, әсіресе қартаң адамдармен қай жерде, қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас.
- Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты сүй.
- Өз бойындағы сараңдықты, жалқаулықты, тойиейілдікті, екіжүзділікті, менмендікті, пайдакүнем есепшілдікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа, біреудің ғайбат сөзіне сене салма.
- Ой мен істі бір – бірінен бөліп қарам. Оқығаның жақсы – ақ, бірақ ең бастысы – істеу керек.
- Қарапайым бол!
- Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланба.
- Егер, сіз, дұрыс жасамасаңыз, кемшілігіңізді тез түзетуге тырысыңыз. Жақсылыққа апарар жолға бастаңыз.
- Сәтсіздіктеріңізді емес, қуанышты күндеріңізді жиі еске түсіріңіз.
- Өзге адамдардың ой – пікірі мен талап – тілегіне түсіністікпен қараңыз.
2. мына нақыл сөздерді жадыңда сақта.
Дүниедегі ең оңай нәрсе кісіге ақыл айту, ең қиыны өзіңді - өзің түсіну. (Әл – Фараби).
Өзіңді - өзің тану – даналықтың бірінші белгісі. (Карл Маркс).
Адам, ғалам ғажайып жеке дана,
Жан құмары – ізденген мәңгі сана.
Өзіңді - өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана. (Әл – Машани).
«Адам болам десеңіз....» атты жадынама негізінде түйін жасату.
«Жақсы адам болу дегеніміз не?», жасөспірім көзімен....
- Басқаларға ұнау, айналадағыларды қайран қалдыру;
- Материалдық игілікті өз қолымен жасай білу;
Қиындықсыз, қайғы – қасіретсіз өмір сүре білу;
Айналадағыларға ықпал ете білу;
- Өзгелердің маған ұнайтын іс атқара білуі.
Оқушылар ой – пікірін тыңдай отырып, ортақ түйін жасадық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×