№ 194 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Аяпова Динара
Біз тұрғанда Шәмші өлмейді, басқа Шәмші еш келмейді
Мақсаты: оқушыларды Шәмші өмірімен, өнерімен таныстыру, Шәмші сияқты бір - ақ рет өмірге келетін ұлы адамды, оның өнерін сүюге, құрметтеуге үйрету.
Көрнекілігі: тақырып, «вальс королі - Шәмші Қалдаяқов
(15. 08. 1931 - 29. 02. 1992)», «Қазақстанның Халық әртісі (29. 02. 1992)», ұлы адамдардың сөздері.
Мұғалім: «біз тұрғанда Шәмші өлмейді, басқа Шәмші еш келмейді» дейміз, себебі, оның әндері және вальсі еш уақытта ескірмейді. Егемендігіміздің арқасында қазақтың бұрынғы небір ұлы адамдарының аттары, еңбектері қайта түлеуде.
Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін, қай күні сен қырқарыңды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды,-
деп Мұқағали ақын жырлаған ұрпақтары мына сіздер мен біздер.
Мұқағали ұрпағы Шәмші ұрпағы емес пе? Осылар тұрғанда ұлы адамдардың аттары еш уақытта өшпек емес. Келесі кезекті жас ұрпақтарына берейік.
1 - жүргізуші: аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер шығарып, өзі елеусізде аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші!
Бірақ біз - ән сүйер қауым, оның өмірі дәл осылай бақытсыздау өткенін білмедік, ән әлемінің падишасы атанған талант иесі социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды. «Ештен кеш жақсы» демекші, егемендігіміздің арқасында бүгінде «Вальс каролі» атанып отырған бір - ақ адам. Ол – Қалдаяқов Шәмші! Ендеше сол Шәмшіге арналған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - жүргізуші: Шәмші Қадаяқовтың хатын оқу үшін сөз Әлимұса Сұңқарға беріледі.
Оқушы: « мені «Шәмші» деп силайтын қымбатты бауырларыма:
Мен 60 жыл өмірімнің ішінде қазақтың небір ұлы азаматтарымен сырлас, достас, дастархандас болдым. Небір өкінішті, өткір күндерімде соларға аян.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.