Сайтқа кіру Тіркелу

«Арулар, асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты кештің бағдарламасы

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Арулар,асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты кештің бағдарламасы
1-жүргізуші:
Кеуделерде жас көктем жайраң күліп
Келді көктем көрген көзді қайран қылып-
Құйып кетті көшеге нұр шуағы
Қыздарды қызыл гүлге айналдырып-деп Зейнулла ағамыз жырлаған,асыл жандар,жаны нәзік жандарға жыр арнаған.
2-жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым бүгінгі 8-наурыз халықаралық қыз,келіншектер, ана,апаларымыздың мерекесіне орай ұйымдастырылған «Арулар,асыл жандар.жүрегі жарқын жандар» атты кешімізді сіздерге ұсынып, көңілдеріңізді көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлау біздің ер жігіттердің яғни азаматтардың міндеті деп білеміз. Бүгінгі кеште сіздерді таң-тамаша қылар, жүректеріңізден ерекше орын алар мерекелік кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Іздесе мені кімде-кім
Шырағдан етсін әнімді
Әнімнің жайсаң өрнегін
Табарда ұғар сырымды- дей келе сіздердің құрметтеріңізге қымбатты да аяулы жандар Сүйінтаев Нұрлыбектің орындауында «Сезім гүлі» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Елеусіздей ел ағасының
Студенттерінің жағасының
Жүрек жарды лебізін тыңдайық
Аудандық мәслихат депутаты ағамыздың –дей келе келесі сөз кезегін мектебіміздің басшысы Елеусіз ағайға береміз.
1-жүргізуші:
Жұлдыз куә, түн куә сөздеріме
Сезімімді мен саған сездірдімде
Бар шынымды,өзіңе жайып салдым
Қарап тұрып сенің әсем мүсініңе-деген өлең жолдарымен Тұрымбетов Қанаттың орындауындағы ән осындағы барша аруларға арналған «Қыз мүсіні» әнін бірге тыңдайық.
2-жүргізуші:
Президентіміз бар өзімізбен бірге жүрген
Жанымызды түсінуге уәде берген
Тыңдайық Рауанның тілектерін
Сіздерге арнау үшін алып келген-дей келе мектебіміздің «Өзін-өзі басқару ұйымының» президенті Бұрқашев Рауанды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:
Ортаға үш жігіттер намысқа тырысып шықсын.Барынша 1 курстан. Сіздерге мен сұрақтар қоямын сол сұрақтарға жауап беру арқылы сіз бағалы сыйлыққа қол жеткізесіз. Мында үш конвертте Маханбетова Құралай, Орымбетова Фариза, Мұхашева Айнұр деп жазылған. Сол конверттің бірін таңдап ішіндегі сұраққа жауап бересіздер. Осы үш министр сіздердің жауаптарыңыздың қаншалықты нақты екенін анықтап, сіздерге бал береді. Ал алға арулар.
2-жүргізуші:
Жаралғанбыз о бастан біз намыстан
Жерін аңсап,оралған қазақ алыстан
Өмір қымбат,сіздер қымбат біздерге
Әрқашанда бас иеміз сіздерге.
Арулар біздің мектебіздің ақыны, мақтаулы жігіт, жақтаулы жігіт, қыздардың жүрегіне жақын жігіт Шамшатты ортаға шақырып сіздерге арналған туындысын барлығымыз тыңдайық.
1-жүргізуші:Арулар қазір ортада «Көктем аруы» байқауы өтеді. Сайысқа 5 қыз қатысады. Сайысқа Құралай,Айнұр, Фариза,Құндыз сынды министрлеріміз төрелік етеді. Сайыс соңында жеңімпаз анықталып, оған бағалы сыйлық беріледі. Сайысқа қатысушы аруға қосымша бал алып беру үшін сол арудың мастері немесе топ жетекшісі өнер көрсетіп бал алып бере алады. Аруларды ортаға шықырамыз.
2-жүргізуші:
Сайыс шарттары:
1.Таныстыру
2.Өз өнерін көрсету
3.Жоқтан бар шығару.Сән үлгісі
4.Ситуациялық сұраққа жауап бер. (Сұрақты сол жерден жюри қояды.)
Ал ендеше арулар іске сәт. 1 тур таныстыруды бастаймыз.

1-жүргізуші:
Жаның таза мөлдірсің-ау бұлақтан,
Өзге әнші іздемейміз жырақтан
Шарықтап ән салғанда шаттанып,
Азамат ұлдың әні кетпес құлақтан-дей келе Азаматтай асыл жігіт, дара жігіт сіздерге өзінің әнін тарту етпек. Ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Ал қазір арулар сіздерді сынайтын кез келген сынды. Ең ақылдымын,ең сұлумын, тәтті қылығыма ел куә деген арулар ортаға шықсын. Арулар бүгінгі кеште бағалы сыйлықтар алып, өз өнерлеріңізді, білімдеріңізді шыңдаңыздар. Арулар сайыс шарты былай: Сіздер осында жиналған ер жігіттерің ішінен бір жігітті таңдап және оның атын атап ең жаман қылықтарын бетіне айтасыңдар. Есесіне ол жігіт ренжемиді,тек өз кемшіліктерін біліп жүреді деген мен жақсы ойдамын. Әрине ол ер азамат болса.
-Рахмет арулар.
1-жүргізуші:
Қай жағына алып бір қарасаңда,
Әзілсіз сірә кештер жараса ма?
Кәнекей ортамызда қызықтайық
Кезек беріп тапқыштардың көңілді клубына. Ортада лицейіміздің әзілкеш жігттерінің өнерін тамашалап, бар жақсы жағынан мақтап,жақтап отырайық арулар.
2-жүргізуші:
Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып
Көңілім әнді ұғады
Жүрегім бойды жылытып-деген тамаша өлең жолдарымен ортаға «_____________» шақырамыз.
1-жүргізуші:
Көрерменге қызықты ғой би деген,
Мың бұрала бишілер бар билеген
Талай өнермен тамсандырар бұл сәтте
Енді бір сәт танысайық бименен. Қымбатты арулар лицейіміздің жас бишілері,спортшылары сіздердің назарларыңызға брэк биін ұсынбақ.Қол шапалақтап қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Ал келесі кезекті мектебіміздің апайларына берсек. Ортаға мен тобымның намысы үшін барлығын істеймін дейтін 3 апаймыз шықса. Ол апайлары біздер сынақтан өткіземіз.
1-Апай сіз Ахметов Болат ағайдың орнында бір күн директордың оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары болсаңыз не істейсіз?
2-Апай сіз Роза Рымбаева сынды ән айта аласызба?
3-Сән үлгісін көрсетуші болып көре аласыз ба, қалай?
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×