Сайтқа кіру Тіркелу

Білімім мен өнерім - өмірімнің өзегі

Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей Ордасы ауданы, Бисен Жаникешев атындағы
жалпы білім беретін орта мектебінің психологі
Тлепова Алия Еркаевна

Кеш тақырыбы: Білімім мен өнерім - өмірімнің өзегі

Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың ізгі қасиеттерін, салт - дәстүрін құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеу отырып, білім мен өнерге деген белсенділіктерін арттыру.
Өту барысы: Қайырлы кеш құрметті ұстаздар және оқушылар!
«Білімім мен өнерім - өмірімнің өзегі» атты танымдық байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біздің алдымыздағы негізгі міндет – бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру» деп атап көрсеткен болатын. Ал қазіргі таңдағы ұстаздар қауымы біздің мақсатымыз білімді ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бүгінгі кештің де мақсаты азда болса білім қорларын жетілдіріп, білмегенін білуге, білгенін өзгеге жеткізе білу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Білім мен өнер егіз демекші, білімімен өнерін сарапқа салатын танымдық байқауға 11 - ші сыныптықтар қатысқалы отыр. Ендеше кеш сахнасына сайыскерлерімізді шақырайық.

Танымдық байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Кәсіптік мүдделерін зерттеу (сауалнама).
2. Сұрақ - жауап (өз таңдаулары бойынша әр саладан сұрақтар).
3. Әуенді тап.
4. Қиыннан шығар жол қайсы? (ситуациялық сұрақтар)
5. «Ойнайық та ойлайық» сергіту сәті.
6. Ұлттық дәстүрді білеміз бе? (сұрақ - жауап)
7. «Өнерім өмірімнің өзегі» өнер байқауы.
Ендеше байқау шарттарымен таныс болсаңыздар әрі қарай кешімізді бастайық. Сайыс болған соң сайыскерлерімізге әділ баға берер әділқазы болады. Бүгінгі кеште әділ де, лайықты баға беріп, байқау жеңімпазын анықтауға өз үлестеріңізді қосыңыздар. Кештің әділқазы мүшелері мектебіміздегі «Болашақ» оқушылар ұйымының мүшелері.
Сайыскерлерге ақ жол тілей отырып, алғашқы турымызды бастаймыз.

І. Кәсіптік мүдделерін зерттеу (сауалнама)
1. Сіз мектеп бітіргеннен кейін немен айналысасыз?
2. Таңдаған мамандығыңызға өзіңізді қалай дайындап жатырсыз?
3. Өзіңіздің кәсіби шеберлігіңізді қайда тексересіз?
4. Таңдаған мамандығың туралы қайдан оқыдың?
5. Таңдаған мамандығыңыз бойынша кіммен ақылдастыңыз?
6. Қазіргі таңдаған мамандығыңыз тұрақты шешім бе, жоқ әлде ойланасың ба?
7. Мамандық таңдауда кімнің сізге көбірек ықпалы болды?
8. Мамандық таңдау кезінде неге сүйендіңіз?
9. Жақсы маман болу үшін сіздің ойыңызша не қажет?
10. Сіз қалай жұмыс істегенді ұнатасыз? Жеке, достармен не ұжыммен. Неліктен?
11. Сіз ұжымда кім болғыңыз келеді? Орындаушы әлде ұйымдастырушы, не себептен?
12. Таңдаған мамандығыңыз бойынша өзіңізді ойша елестетіп көріңізші.

ІІ. Сұрақ - жауап (Әр сайыскер 4 сұрақтан таңдайды. Бейне сұрақ, тұлғалар, технология, Қазақстан, қазақ тілі мен әдебиеті, химия, музыка, жалпы сұрақтар)

ІІІ. Әуенді тап. (Шәмші мен жерлес сазгер ағамыз Қ. Алесовтің әндері, Әке - Ана, Достық, Махаббат тақырыбындағы, МузАрт, Қарақат, НұрМұқасан топтарының репертуарындағы әндер ойналады, сайыскерлер өлең сөзін не атын табуы қажет).
Ән адамзат құрдасы
Ән зарлының мұңдасы
Ән сергектің серігі
Ән ғашықтың мұңдасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Біз тұрғанда Шәмші өлмейді, басқа Шәмші еш келмейді

Біз тұрғанда Шәмші өлмейді, басқа Шәмші еш келмейді

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 194 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аяпова Динара...
Еркем-ай танымдық сайысы

Еркем-ай танымдық сайысы

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен Жаникешев атындағы ЖББОМ - нің психологі Тлепова Алия Еркаевна...
«Ал, кәнекей, қыздар-ай!» сайысы

«Ал, кәнекей, қыздар-ай!» сайысы

Талай ақын жырға қосқан әу бастан, Ару - ай, күн, жұлдыздайын нұр шашқан. Сұлулықтың арнасаң да барлығын Ару деген таусылмайтын ән - дастан....
Жас тарихшы танымдық білім сайысы

Жас тарихшы танымдық білім сайысы

Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...
Мен мамандық әлеміндемін

Мен мамандық әлеміндемін

«Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру мақсатында "Мен мамандық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×