Шымкент қаласы, № 51 жалпы орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Анашбекова Айгүл Әбдіқадырқызы
7 - сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан - ынтымақ ордасы
Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу. Ынтымаққа, бірлікке үндеу.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші: Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Қазақстан – ынтымақ ордасы» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1 - жүргізуші: Баршаңызды алдағы 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
2 - жүргізуші: Әр отбасына береке – бірлік, бақыт - байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
1 - жүргізуші: Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
2 - жүргізуші: Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан – біздің туған жеріміз. Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Ерболат:
Тәуелсіздік кіндігін,
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың,
Нұрын шашқан күн бүгін.
Бәйбек:
Ағайын туған бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын, тыныштық.
Жансая:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.