Сайтқа кіру Тіркелу

Қош бол, Әліппе!

Қош бол, Әліппе!
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; Өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін - өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, кеспе әріптер. Барысы: (Перденің артынан микрофонмен) Бәрің бері қараңдар, Бүгін бізде Болмақ қандай шара? Тағзым етем, тақсырым, Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзын құлақтан,
1 «в» сыныбынан.
Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билемекке. Қоштасқалы отыр екен Сүйікті кітап Әліппемен.
1 - жүргізуші: Жандос, мен бір түрлі жүрексініп тұрғандаймын.
2 - жүргізуші: Балжан, неге жүрексінесің?
1 - жүргізуші: Жандос, қонақтар өте көп, сөздерімді ұмытып қалатын сияқтымын.
2 - жүргізуші: Келген қонақтар өзіміздің ата - аналар мен құрметті ұстаздар ғой. Қорықпа, қасында мен тұрған жоқпын ба? Бастай бер!
1 - жүргізуші: Ардақты аталар мен аналар!
2 - жүргізуші: Құрметті аналар мен әкелер!
1 - жүргізуші: Бізге қарап отырған іні қарындастар!
2 - жүргізуші: Баршамызға мереке құтты болсын!
1 - жүргізуші: Қазақ тілінің 42 әрпімен таныстық.
2 - жүргізуші: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білдік.
1 - жүргізуші: Буынды меңгерген мына біздер «Әліппе»оқулығымен қоштасамыз.
Бірге: «Қош бол, Әліппе!»ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
2 - жүргізуші: Олай болса, «Әліппе» оқулығымен қоштасатын балаларды ортаға шақырайық.
Ән: «Мектебім»
1 - жүргізуші: Мектебіміздің директорына сөз берейік.
2 - жүргізуші: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
1 - жүргізуші: - Балалар, сұраққа жауап айтыңдаршы.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
2 - жүргізуші: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе: Менің атым - Әліппе, Аружан
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкеңде.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!
1 - оқушы: Талабы биік таудаймыз.
Мың бұралған бишіміз.
Біз шеберміз.
Ақылдымыз.
Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқоршымыз.
Көп оқимыз.
Барлығы хормен: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
1 - жүргізуші: Ән: «Әліппе»
2 - жүргізуші: Директордың оқу ісінің орынбасарына сөз беріледі.
Би: «Қазақ биі»

2 - жүргізуші: Көрініс: «Дос іздеген Жалқаубек»
(Ортаға Жалқаубек кіреді).
Жалқаубек: - Ой мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шеттерінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі, а?
Оқушы: Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.
Жалқаубек: Әліппе деген не?
Оқушы: Іші толған әріпке,
Мынау әйбат әліппе.
Барлық ілім - білімнің,
Әжесі осы Әліппе.
Жалқаубек: Сонда сендер барлық әліппені білесіңдер ме?
Хормен: Әрине
Жалқаубек: Ал мен білмеймін!
(Әріптер шығады).
3 - оқушы: Алфавитті жаттадық Арманай
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
4 - оқушы: Сан әріпті үйрендік, Әлмахан
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?
5 - оқушы: А әрпінен есімім Айгерім
Айтсам сөздің кесімін.
Айгерім мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
6 - оқушы: Әлмаханды білесіз, Әлмахан
Көңілге мені түйесіз.
Ә әрпі де атымда
Оқып - біліп жүресіз.
7 - оқушы: Ж дегенің Жаныбеков, Ислам
Ислам деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
8 - оқушы: Х дегенің Хабаров Айбекпін Айбек
Әріптерден қаламын ба мен дағы,
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық пен зор байлық алда да.
9 - оқушы: О Ару
Ораз барды орманға
Оншақты оған бала ерді
Омарташы оларға
Ожау, ожау бал берді.
10 - оқушы: Т Арманай
Таңданысты есіткен
Түлкі тәсіл тауыпты
Төбедегі тесіктен
Тағы әкетті тауықты.
11 - оқушы: Н Дильназ
Нағыз малсақ Нұркенже
Нарға барып нан берді
Нары нанды жегенше
Ноқталапта үлгерді.
12 - оқушы: М Канатов Ислам
Мүсінші болар Мүсілім
Маралдың жасап мүсінін
Мұражайға мектептің Мұны тарту етпекші.
13 - оқушы: К Ханзада
Келер көктем көңілді
Көкпен бояп өңірді
Көкжиектен кешкісін
Кемпірқосақ көрінді.
14 - оқушы: «З» Аида
Зау - зау заңғар заңғарлар,
Замандар бар, заңдар бар
З - да барлық заңдылық
Заңда з мен заң болар!
15 - оқушы: Е Анель
Есейіп кішкентай балғындар
Елге қызмет жасады
Ертең сенің алдыңнан
Есігін мектеп ашады.
16 - оқушы:«С»: Жанқозы
Жағасында Ертістің
Семей деген қала бар
Туған мұнда атақты
Абай, Мұхтар, бабалар
16 - оқушы: Анель
Қолыңа тұңғыш қалам ап,
«А» әрпін алғаш жазарсың.
Біліп ап «А - ны» саралап,
«Б - сына» көзді саларсың.
Әліппе деген алтын жол!
Апарар сені алысқа,
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа!
Ұшына жетсең тырмысып,
Озып бәйгені аларсың.
Көгінде жарық жұлдыз боп,
Жұртыңа нұр боп жанарсың.
Оқушы: Осы қыс ішінде әйбат әліппені үйреніп кел.(Әріптердің барлығын Жалқаубекке береді.)
Әдептілік, ар - ұят.
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат,
Надандықтың белгісі,
Үйрен жақсы әдеттен,
Жирен жаман әдеттен!
(Жалқаубектің тұрысын, киімін жөндейді)
Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім, мен де сендер сияқты ақылды да, тәртіпті болғым келеді. Мен өз атымды Ақылбекке ауыстырып ендігі жылы әліппені меңгеріп келемін.
Оқушылар хормен: Біз саған сенеміз, Жалқаубек. Қош сау бол! (Жалқаубек кетеді).

Ән: «Туған жер»
1 - жүргізуші: Директордың оқу - тәрбие ісінің орынбасарына сөз беріледі.
2 - жүргізуші: Директордың оқу ісінің орынбасарына сөз беріледі.
Шығыс биі
Әліппе: Кір шалмасын беттерін Аружан
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің беске толсын!
1 - жүргізуші: Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
2 - жүргізуші: Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз.
Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Сау болыңдар.
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жансерік
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Балалар енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып мені ұқыпты оқысаңдар көп нәрсені үйренесіңдер.
17 - оқушы: Ана тілің - арың бұл, Әлмахан
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
18 - оқушы: Ана тілін ақтаңдар, Ханзада
Ана тілін сақтаңдар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.
19 - оқушы: Ия, өз тіліңмен ер жетіп, Дильназ
Қол созасың күнге сен.
Өз тіліңмен еліңе,
Пайдалысың күнде сен!
Би: «Өзбек биі»

1 - жүргізуші: Директордың оқу - тәрбие ісінің орынбасарларына сөз беріледі.
Хор: «Қазақстан»
2 - жүргізуші: Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол - ата - ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келесі сөз кезегін ата - аналарға береміз.
Би: Вальс
1 - жүргізуші: Осымен «Қош бол, Әліппем» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
1, 2 - жүргізуші хормен: Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×