Тақырыбы: Менің денсаулығым, менің болашағым
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер т. б.
Барысы:
Құрметті оқушылар сіздер білесіздер мектебіміз салауатты өмір салты мақсатында жұмыс жасайды. Сол жұмыс бағытында бүгінгі біздің өткізгелі отырған сабағымыздың тақырыбы: Менің денсаулығым, менің болашағым деп аталады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу, қажеттілігін атап айтты. Ендеше денсаулықты сақтау өз қолымызда
Өтілу барысымен таныс болыңыздар: 2 топқа бөлініп отырамыз
1 - бөлім - Таныстыру
2 - бөлім Мақал мәтелдер ( денсаулыққа байланысты)
3 - бөлім. Пайдалы, пайдасыз кеңестер(конверт тарату, тапсырманы топпен оқып қарау)
«Денсаулық» себетіне өзіңе пайдалы, дәрумендері мол жеміс - жидек, көкөністерді жина. Денсаулык себетіне өз денсаулығына зиянды тамак түрлерін жина.
4 - бөлім. Жарнама(ұлттық тағамдар)
5 - бөлім. Салауатты өмір салты (ұлттық ойындар)
Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
Денсаулық. Денсаулықтың достарына нелер жатады? Ендеше денсаулыққа не қажет?
табиғи күш, тамақ, тазалық, дене шынықтыру.
«Денсаулық» Күн шапағаты болып тұрады
Денсаулық: Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Табиғи күш: Жадыраған күндейміз, жайнап өскен гүлдейміз.
Су табиғат байлығы, тұнық таза ауамыз.
Тазалық: Тазалықты сүйеміз, таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан, денсаулығы мықты жан.
Тамақ: Ас адамның арқауы, аспен күш артады.
Тағам ішіп жағымды, тазартады жаныңды.
Дене шынықтыру: Жаттықсаң шымыр боларсың, шынығып шымыр боларсың.
Спорт көркі өмірдің, спорт досың - серігің
Денсаулық дегеніміз - табиғи күш, тамақ, тазалық,
дене шынықтыру екен. Ендеше Балалар енді сабағымызды бастамас бұрын денемізді қыздырып қазақтың қара жорға биімен бастайық.
Би «Қара жорға» 2минут қара жорға биі қол аяқ буындарына, дене қимыл қозғалысына пайдалы екен.
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№21 жалпы білім беретін орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Абитаева Айтолкын Алтынбековна
Толық нұсқасын жүктеу
Менің денсаулығым, менің болашағым
- ramuk_b
- 10 қазан 2019
- 11920
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу
Ұқсас жаңалықтар:
Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да...Дені саудың - жаны сау
Заттармен жалпы дамыту жаттығуында үйлесетін қабілетін дамыту төрт тағандап жүруді. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза...Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ!
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп – интернаты тәрбиешісі Абишева Нұргүл Шаймерденқызы...Денсаулық - зор байлық
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.
Ақтөбе облысы. Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ақарыс Кәдірқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.