Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлы жеңіс

Тақырыбы: Ұлы жеңіс
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Плакат, газет, нақыл сөздер.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Отан үшін отқа түскін - күймейсің,
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
9 мамыр – Жеңіс күні
түрлі – түсті шарлар, гүл шоқтары.

Жүру барысы: 1. Ұйымдастыру.
(оқушылардың сыртқы киімі көк түсті пилотка, кеуделеріне көк лента, барлығы орындарынан тұрып тұрады, қонақтарды қарсы алады, үнтаспадан Жеңіс туралы ән қойылады).

2. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі. Мұғалім: Міне, Ұлы Жеңіс мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан - ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

3. Оқушылар жеңіс күніне арнаған өлеңдерін оқиды.
Оқушы: Жеңіс күні
(Т. Молдағалиев)
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Оқушы:
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары. (Қонақтарға гүл беріледі)
Оқушы:
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Оқушы: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу)

Оқушы: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Оқушы: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Оқушы: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
Иә, зұлмат соғыстың оты түпкір – түпкірді шарпыды, қасіретті сұм соғыс жыр алыбы Жамбыл
атамыздың да шаңырағын шайқалтып кетті.

ІІ. Үнтаспадан күй естіліп тұрады. Ортада жыр алыбы Жамбыл «Балама хат» өлеңі оқылады.

ІІІ. Сахна сыртында дауыс естіледі.
Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз
Сұрапыл басқа төнгенде
Кетіпті қара қағазсыз.
Міне, соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті.
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жеңіс күні

Жеңіс күні

Құтты болсын жеңіс күні ағайын Көптен күткен ұлы күнде жар салайын. Ата - бабам қан берісіп шайқасқан, Ата - бабам намыс бермей айқасқан...
Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді!

Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді!

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік...
Ердің аты мәңгі өшпейді

Ердің аты мәңгі өшпейді

Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Шарбану...
Бейбіт күн жасасын әлемде (9 мамыр жеңіс күніне)

Бейбіт күн жасасын әлемде (9 мамыр жеңіс күніне)

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз...
Ұлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×