Тақырыбы: Біздің елбасы
Мақсаты:
а) білімділік:Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:Н.Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптары,
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
ІІ. Кіріспе
Мұғалім:Оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын,ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт-санасын дүр сілкіндіріп оятатын ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз.Сондықтан да еліміздің болашақта үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «…садағаң кетейін,айналайын халқым!Сенің жолыңда бойда қуат,ойда нәр-бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін,Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ»,-деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.
ІІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысындағы Шамалған селосында туған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап,Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілген.
Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ.Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген.Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады.Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз
Біздің ел басы
- Рима
- 30 наурыз 2012
- 14214
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Назарбаев, елбасы, президент
Ұқсас жаңалықтар:
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Мақсаты: 1. Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. 2. Оқушыларға...Біздің президент
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Отан...Біз таңдаған Президент
№6 орта мектеп жанындағы интернаты Өткізген тәрбиеші: Төлешова Орынгүл...Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А. С. Пушкин атындағы мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рүстемова Гүлмира Бегайдарқызы...Елбасы - ел тірегі
Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.