Сайтқа кіру Тіркелу

Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі

«Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі»

Тәрбиеші: - Балалар жадыраған жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1 - ші қыркүйек. Бұл ата - аналар үшін де, балалар үшін де, тәрбиеші мен ұстаздар үшін де ең қуанышты күндердің бірі. Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарыңа лайықты білім алып, тәрбие алып жүрсіңдер. Білімге талпынған балапан қанаттарың қатая берсін! Білім күні құтты болсын!

Әнұран орындалады.
Кел, балалар
Ойын ойнайық.
Бақшамызда «Білім күнін»
Бірге тойлайық.

Залға әдемі әуенмен Суретші келеді.
Түрлі - түсті қарындаш, тату - тәтті қарындас
Ақ қағаздың бетіне, түрлі өрнек салыпты
Көбелекті, гүлдерді, әсем қала, үйлерді
Түрлі түске бояпты.

Сәлематсыздар ма, балалар! Тойларың тойға ұлассын!
Балалар: Сәлематсыз ба! Рақмет.
Суретші: - балалар, сендер түстер туралы не білесіңдер?
(Балалар түстерді атайды)
Суретші: - Керемет, ал сендер ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: - Иә.
Ойын: «Өз түсінді тап»
Шарты: Еденге төрт түсті гүлдер қойылады, сол түстер қарындаштар беріледі. Әуенмен билеп жүріп, әуен тоқтағанда өз түсіне сәйкес гүлдің тұсына тұрып үлгеру керек.
Суретші: - Балалар, сендер түстерді жақсы айыра алады екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Мен енді кетейін. Сіздерге сәт сапар!
Балалар: - Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Қандай ғажап күн бүгін
Күміс күлкі жан - жағың
Көрдің бе дос, құрбыңның
Қолға портфель алғанын.
Орман көрінісі бейнеленген. Залға аңдар аю, түлкі, қоян, мұғалім келеді. Балалармен амандасады.
- Сәлематсыздар ма, балалар!
- Сәлематсыздар ма!
Аңдар орындыққа отырады.
Мұғалім: - Ал, аңдар, сендер мектепке оқығыларың келеді ме?
Аңдар: - Келеді, келеді.
Мұғалім: - Ал, сендер, мектепке дайынсыңдар ма?
Аңдар: - Дайынбыз, дайынбыз!
Мұғалім: - Онда сендердің білімдеріңді тексеріп көрейік. Мына тақтада не жазылған?
Аю қорбаңдар орнынан тұрып, тақта алдына барады. Білем, білем. Бұл жазылған ең тәтті сөз «Бал».
Түлкі қуланып шығады. Білем, білем. Бұл жазылған сөз «балық».
Қоян секіріп шығады. Білмейсіңдер, сендер. Бұл жазылған сөз «Сәбіз»
Мұғалім: - Сәл сабырлық сақтаңдар.
Балалардан сұрайды. Айтыңдаршы, балалар, тақтадағы бұл қай сөз?
Балалар: МЕКТЕП
Мұғалім: - Дұрыс балалар. Сендер мектепке дайын екенсіңдер. Оны дәлелдеу үшін, ойын ойнайсыңдар ма?
Ойын: «Портфель жинау»
Шарты: Үстел үстіндегі заттар ішінен оқу - құралдары іріктеп, портфельге салу қажет.

Залға Жалқаубек келеді: Балалар, сендер мені көрген жоқсыңдар. Мен анамнан тығылып жүрмін. Апам келсе, мені жоқ деп айтыңдар.
(Жалқаубек балалардың артына тығылып қалады)
Жалқаубектің анасы келеді: Амансыңдар ма, балалар! Менің баламды көрген жоқсыңдар ма?
(іздеп жүріп тауып алады)
- Балам, тығылып неғып отырсың? Тұр кәне.
Жалқаубек: Ту - у. Қойшы апа.
Анасы: Балам мынауың не? Мынау менің орамалым ғой, ал мынау әкеңнің галустугі ғой. Мынау не, беліңдегі? Балам, жүр мектепке апарайын.
Жалқаубек: Жоқ, бармаймын мектепке.
Анасы: Балалар, көмектесе көріңдер. Менің балам мектепке барғысы келмейді.
Тәрбиеші: - Жалқаубек, сен санау білесің бе?
Жалқаубек: - Иә, білем.
Тәрбиеші: Ал, ендеше тақтаға қарайық. Тақтамен жұмыс.
Жалқаубек: - ой, керемет, өздері менен кіші болса да құлшынып тұр ғой тегі. Әттең босқа уақытымды өткізіп алғаным ай - а?! Эх, ерінбей, жалқауланбай балабақшаға келсем ғой, мен де көп нәрсені үйреніп білмек екенмін.
Тәрбиеші: Олай деп өкін бе, Жалқаубек, әлі де кеш емес, тек жалқаулықты тастасаң болды.
Білім жалғыз мектепте емес
Білім үйде, көшеде
Білім сені аялаған
Әлпештеген шешеде - емес пе?
Жалқаубек: - рас па, онда келістік, балалардың алдында сөзімді бересің, бүгіннен бастап, жалқаулықты тастаймын, мектепке барамын.
Тәрбиеші: Талабыңа нұр жаусын.

Ортаға қоңырау соғылады.

Тәрбиеші: Жаңа оқу жылы, кел, төрлет
Дүбірлі думан басталсын
Жүректерді ән тербеп
Шапалақ ұрсын асқар шың.
- Мінекей, 2013 - 2014 оқу жылының да алғашқы қоңырау үнін естідік. Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Би көңілді топтар жалаушалармен.

Тәрбиеші: Барына риза болсын көрермендер
Үйреттік өнердің біз не керегін
Осымен бұл қызықты тәмәмдасақ
Тағы да үйретерміз, аман болсақ.

СОҢЫ
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×