Тақырыбы: Таңдай қақтырар таңғажайыптар.
Мақсаты: 1) Адамзат тарихында орын алған таңғажайып оқиғалар мен құбылыстар туралы түсінік беру, адам қабілетінің шексіздігіне көздерін жеткізу.
2) ой - өрістерін кеңейту, интеллектуалдық қабілеттерін жетілдіру.
3) адамзат мүмкіндігінің молдығын мойындату, осы ұлы адамзаттың перзенті ретінде табиғат алдындағы жауапкершілігін сезіндіру.
Көрнекілігі: слайдтар.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың қызығушылығын ояту. Шарадалар шешкізу.
Өзім жәндік, өзім журнал,
Әрі еңбек құралымын.
«Қ» әрпін қойсаң алдыма,
Лезде бояу болып шығамын.
(ара – қара)
Түнде бармын, күндіз жоқпын,
Егер «Б»- дан бастап оқысаң,
Мыңғырып шыға келемін.
(ай – бай)
Біріншісі – құс аты,
Ал екіншісі – бояу түсі.
Екеуін біріктіріп, оқысаң
Оңынан да солынан
Ұлт боп шығамын.
(қаз - ақ – қазақ)
ІІ. Негізгі бөлімі.
а) Кіріспе әңгіме.
Қандай таңғажайып оқиғалар туралы естідіңдер?
Бұл оқиғалар сендерді несімен таңғалдырды?
Бұл оқиғалар туралы қайдан естіп білдіңдер?
Бүгінгі сабағымызда адам табиғатының таңдай қақтырар тамаша қасиеттері туралы мәліметтер аламыз. Адам баласының мүмкіндіктері шексіз екендігін талай рет естіп жүрсіңдер. Дегенмен күнделікті өмірде біз бұған мән бере бермейміз. Өз мүмкіндіктерімізді толық пайдаланбаймыз. Біздің арамызда жылдар бойы жалықпай жаттығудың арқасында өз денесін өз ырқына көндірген ерекше қабілетті адамдар бар.
ә) Мәтінді оқу.
1. Сүйексіз және түрлі - түсті адам.
2. 95 тілде сөйлейтін адам.
3. Нәр татпайтын және сынаппен қоректенетін адамдар.
б) Тақырыпты талқылау.
№ Аты – жөні, ерекше қасиеттері
1 Михаил Эрестенюк Денесінің кез - келген мүшесін, кез - келген буынын орнынан шығарып, басын 360 градусқа бұра алады.
2 Валерий Лаврененко Денесін түрлі түске құбылта алады, 100 градус ыстық суда жүзеді, су астында дем алмастан 10 минутқа дейін шыдайды.
3 Нурки Гвиниашвили шегенің, әйнектің, пышақтың жүзіне жалаңаш денесімен жатады, денесін өткір затпен кескенде міз бақпайды.
4 Вилли Мельников Әлемнің 95 тілінде сөйлейді.
5 Хира Ратан 1 жыл бойына нәр татпай, тек сумен және күн энергиясымен қоректенген.
6 Эргаш Мухидинов 20 жыл бойы сынаппен қоректеніп келеді. 500 - дей градусник пайдаланған.
Ерекше қабілетке ие адамдардың қасиеттерін жүйелеп жазып шыққаннан кейін, оқушыларға мынадай кестені толтыру ұсынылады:
Туа біткен қасиет
Жаттығулар нәтижесінде пайда болған қасиет
Кестені толтыра отырып, оқушылар өз жауаптарын дәлелдеп, тұжырымдар жасайды.
ІІІ. Қортынды.
- Бүгінгі тақырып сендерді несімен таңғалдырды?
- Осындай ерекше қабілетті сендер өз бойларыңда дамыта алар ма едіңдер?
- Қай қабілетті игеру мүмкіндігі бәрінен жоғары?
Таңдай қақтырар таңғажайыптар
- ramuk_b
- 8 қазан 2014
- 7714
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Адамзат тарихында орын алған таңғажайып оқиғалар
Ұқсас жаңалықтар:
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың...Ринолалия балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...Отбасындағы жылылық
Ұрпақты тәрбиелеуде ата ананың алар орны ерекше екендігін айта кеткім келеді. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» деген дана сөз де бекер...Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы Есмурзаева Лазда Адсадыковна...Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.