Тәрбие сағаттар жиынтығы:
Алматы – менің сүйікті қалам
Ұлы тұлға - Әуезов
Менің құқықтарым
Дені саудың - жаны сау
Бақытым да, байлығым да - денсаулық
Біздің елбасы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Біздің елбасы
Мақсаты:
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбие сағатының түрі: ауызша журнал
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау.
Көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер, үнтаспа, шарлар, суреттер
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Қазақстан Республикасының Гимнін орындау.
Оқушылардың көңіл - күйлерін сұрау. Түгендеу.
ІІ. Негізгі бөлім:
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Қ. Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
1 - оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
2 - оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
3 - оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия
Алматы қаласы, №128 мектеп
Дайындаған: Досполова Сауле Амангельдиновна
Тәрбие сағаттар жиынтығы
Толық нұсқасын жүктеу
Тәрбие сағаттар жиынтығы
- DSaule
- 13 қыркүйек 2014
- 17613
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, салауатты өмір салты, менің құқым, денсаулық, Алматы менің сүйікті қалам, Әуезов
Ұқсас жаңалықтар:
Елін сүйген – Елбасы
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері...«Қазақстанға саяхат» ойыны (Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Наза ...
Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 18 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жусупбаева Ризагуль...Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының бірінші президенті
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Ибраймова Гүлнар...Ел ертеңін ойлаған Елбасы
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен...Біздің Елбасы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Салтанат Тәрбие сағаты Тақырыбы: Біздің Елбасымыз Мақсаты: 1.қазақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.