Кештің тақырыбы: «Үздік информатик» сайыс сабағы
Кештің мақсаты:
- Оқушылардың информатикадан алған білімдерін жетілдіру, толықтыру;
- Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, пәнге деген қызығушылығын ояту;
- Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжымдасып жұмыс жасай білуге баулу.
Кештің өту барысы:
Құрметті оқушылар, ұстаздар өткізгелі отырған «Компьютердің озат меңгерушісі» атты сайысымызға қош келдіңіздер! «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзімді есімізге берік ұстанып, сайысымызды бастайық. Сайысқа дайын болсаңдар сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру
2. «Бәйге»
3. «Кім жылдам» сайысы
4. «Сиқырлы қалам»
5. «Жасырын сөз» топ жетекшілеріне арналған сайыс
1. Таныстыру
Алдағы біз баратын бағыт анық,
Озат жан екеніңді тағы таныт,
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық. Топтарды таныстырып өтейін
1 - топ «Компьютер»
2 - топ «Интернет»
3 - топ « Ақпарат»
2. «Бәйге» сайысы
Информатика болашаққа бастайды,
Компьютер ортаға сұрақтарды тастайды,
Бисмилля деп – «Бәйгені» бастайық
Сұрақтарға жауап беріп тастайық. Төмендегі ұяшықтарды таңдау арқылы
сұрақтарға жауап береміз. (1 сұрақ 10 балмен бағаланады)
1. Алғашқы есептеу құралы (саусақ)
2. Қандай құрал? (Лупа)
3. Қандай құрылғы? (Принтер)
4. Компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы? (Пернетақта)
5. Қандай құрал? (Кетіргіш немесе өшіргіш)
6. Paint - та не үшін қолданылады? (Дөңгелек фигура салу үшін)
7.
Қандай құрал? (Диск)
8. Компьютермен жұмыс жасағанда қандай қашықтықта отыру керек?
(50, 60, 70см қашықтықта)
9. Компьютердің миы болып не саналады? (Процессор)
Жүргізуші:
3. Нақтылы жауап, сапалы шешім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл – деп « Кім жылдам?» атты сайысымызға көшейік.
Сайысқа қатысушылар «М» және «П» және «К» әрпінен басталатын информатика терминін жазыңдар. (1 сөз 5 баллмен бағаланады)
Монитор Пернетақта Компьютер
Мышка Принтер Клавиатура
Жүргізуші: 4. Сиқырлы қалам Жұмбақтардың шешуін тауып, суретін салу (Топ бойынша жұмыс)
1. Көзіменен көрсетеді,
Сөйлемей – ақ айтар бәрін,
Алдына оның келсе теңі ( монитор)
2. Білмейсің өлі, тірісін,
Қолыңа алсаң әпсәтте,
Бітер жылдам бар ісің. ( тышқан)
3. Компьютермен енеді
Қағазға басып береді? (Принтер)
Жүргізуші: Көрермендер сендермен «Ойлан тап» ойынын ойнайық: Мына жұмбақтың шешімін кім табады?
Үш отау ауылдың шетінде орналасқан. Олар сол ауылды басқарады.
Бірінші отаудың есігін қақсаң, ауыл түгел оранып жатып алады.
Екінші отаудың есігін қақсаң, жайылып қалпына келеді.
Үшінші отаудың есігін қақсаң, есіктерін тіпті тас қылып жауып алады.
Жүргізуші: Жанкүйерлерге әріптердің орнын ауыстырып, информатикаға байланысты сөз табу керек.
6. «Жасырын сөз»
Келесі турды бастайық,
Ұяшықтарды ашайық,
Асығыстық қылмаймыз
Ұпайларды жинаймыз – дегендей топ жетекшілеріне арналған «Сөз кезегі» сайысымызға көшейік. (Жас өркендердің тіл білімін тамашалайық). Қойылған сұрақтың жауабын 3 тілде айту керек: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
20 Қатныш
20 Нимотор
20 Тернпри
30 Формаинкати
30 Терпьюком
30 Тапертақне 20 Тышқан
20 Монитор
20 Принтер
30 Информатика
30 Компьютер
30 Пернетақта
Жүргізуші:
Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана таластап жана берер.
Әділқазыларды ортаға шақырайық,
Сайыскерлерге әділ баға берер.
Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Бүгінгі көріп тамашалаған «Компьютердің озат меңгерушісі»атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Қош, сау болыңыздар!
Үздік информатик
- Aisaule
- 26 маусым 2014
- 4410
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үздік информатик сайыс сабағы, жазғы лагерге арналған сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Ең үздік информатик
Бұл сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Ойын...«Үздік информатик»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға XXI ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын...Жас білгірлер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпеісов атындағы №105 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі...Информатика әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі...Алғыр достар
Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.