Хор: «Священная война»
I жүргізуші: Армысыздар, қымбатты аталар, апалар, ағалар, апайлар, қонақтар!
Бүгінгі іс - шара соғыс ардагерлеріне, өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір жанұяға, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, Жеңістің 73 жылдық тойына арналады.
II жүргізуші:
Екпінін жаудың басуға
Үлесімді қосамын.
Тұсау болып асуға
Жайдың алдын тосамын.
Қыз демеңдер, ағалар,
Қайратымды сынайын.
Ерлермен тұрып пара - пар
Қиындыққа шыдайын.
Көрініс: Мәншүк
(Капитан соғыс алаңына келіп ) Сау - сәлеметсіздер бе, жолдастар?
( Солдаттар орындарынан тұрып) Сәлеметсіз бе, жолдас капитан?
Капитан: (төс қалтасынан хаттарды ала бастап солдаттарға) Міне, біраз хаттар келіп қалыпты, алыңдар! Мәншүк, анаңның беріп жіберген сәлемдемесін ал, ал мынау хаты (Төс қалтасынан алған хатты ұсына беріп, кідіріп қалады)
Мәншүк: Рахмет, ағай, қалай, ел - жұрт аман ба? Анамның, әкемнің дендері сау ма екен? (Хатқа қолын соза береді)
Капитан: Тоқтай тұр, Мәншүк, билемесең хатты бермеймін. Ал Алматының алмасына не айтарыңды өзің біл.
Мәншүк: Жарайды. Қане қыздар билеп жіберейік!
(Қыздар «Катюша» әніне билейді. Капитан орындыққа барып отырып тамашалайды)
Капитан: Жарайсыңдар, қыздар! Бірақ, Мәншүк, бұнымен сен құтылмайсың?
Мәншүк: Жарайды. Мен сізге Потресовтың «Алма ағашы» деген өлеңін жақсылап оқып берейін.
(Өлеңді оқиды)
Капитан: (Қарсы алдында орындыққа отырып сүйсіне қол соқты) Өте жақсы орындадың, Мәншүк. Енді саған ананың хатын бермеске болмас. (Қолыңдағы қағазды ұсынды)
Мәншүк: Қандай тамаша жазылған өлең! Мен табиғатты, өмірді соншалықты сүйемін: осындай жанға жайлы, көңілін сүйетін өлеңді естігенде жаның бір түрлі жадырап, бүкіл ауыртпалықтан арылғандай жеңілдеп қаласың. Бүгінгі соғысты, зеңбіректің дамылсыз гүрсілін, миналардың жерге түсіп жарылғанын да ұмытасың. Мен өзім өлеңді, әнді жақсы көремін.
1 - ж: Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 69 жыл өтті. Бұл күн сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.
2 - жүргізуші: Біз үшін жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау, ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіме алам сол бір апат қайғыны.
1 - жүргізуші: Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік (1 минут үнсіздік)
2 - жүргізуші: Қамықпаған қиындықтың үрейінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атаның
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
1 жүргізуші: Алпыс жеті жыл бейбіт көктем таң атқалы,
Алпыс жеті жыл шуақты күн таратты әнін
Есімде содан бері алпыс жеті рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
2 - жүргізуші: Талай құс содан бері қайта оралды.
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
Ән: Бабалар жыры (Жақсылық Марғұлан)
1 - жүргізуші: Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбыны
Желбіре тулар толықсып тұрса май гүлі,
Қуану керек, қуану керек десек те
Ұмыту қиын, ұмыту қиын қайғыны
2 - жүргізуші: Соғыс кезінде жақын адамынан айрылмаған жанұя жоқ шығар сірә. Алдарыңызда сол бір қаралы жылдардан көрініс
1 - жүргізуші: Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге,
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.
2 - жүргізуші: Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды,
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталды.
Ән: «Катюша»
1 - ж.
1418 күн мен түн оты маздап соғыс қазаны сақылдап қайнап ажал оғы ойнап жатты. Қазақстанда құрылған көптеген әскери құрамалар ұлы шайқастардың жылнамасында даңқты беттер жазып қалдырды. 316 – атқыштар дивизиясы, 238 және 312 атқыштар дивизияларының Москва түбіндегі шайқастарда, 29 және 38 дивизиялардың Сталинград түбінде, Курск доғасында, 310 және 314 дивизиялардың Ленинград қаласы үшін ұрыстарда даңқы шықты.
2 - ж
Кеңес Одағы бойынша 11 600 адам Кеңес Одағының батыры атағын алса, оның 497 – сі қазақстандықтар. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар 96 638. Кеңес Одағының батыры атағын үш мәрте алған Иван Кожедуб, екі мәрте алған Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов қазақстандықтар. Дубосеково разъезі жанындағы шайқаста 28 панфиловшылардың ерлігі дүние жүзіне мәлім болды.
1 - жүргізуші: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс аты естілгенде құлаққа
Елестетер қара тажал өлімді.
2 - Жүргізуші: Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,
Самал желі, шашты тарап, бетті өпкен
Ұмытуға қақымыз жоқ оларды
Олар біздің бақыт үшін қан төккен.
Ән:
1 - ж. 300 мың жауынгер қыз – келіншектердің ішінде 86 - сы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, оның екеуі бүкіл Шығыстың даңқты қыздары – Әлия мен Мәншүк.
2 - жүргізуші:
Ару қыздар, алаулап от кешкендер,
Сыздап тұр - ау әлі күнге оқ тескен жер.
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде
Ару қыздар, алаулап от кешкендер.
Ән: «Әлия»
1 - ж: ж
1 - ж
Өткізді олар сызды окопта күндерін
Елестетем қанды кешіп жүргені
Естігендей болам жаудың шебіне
Атой салған сарбаздардың үндерін.
2 - ж: Талай жанды қиды ажал балтасы,
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы
Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз
Ел қорғаған аталардың арқасы.
1 - жүргізуші:
Жеңіс, Жеңіс!
Елге таза ашық таң атырды
Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды!
Ақ боз атты балалар сүйінші сұрап,
Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды.
2 - жүргізуші: Күткен жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып,
Жауды жойып батырлар елге оралды.
Ата - анамен қауышты құшақ ашып.
1 - жүргізуші: Мамыр келді ағаштар бүрін жарып
бейбіт өмір оралды күні жарық
«Шүкір»- деп әжелер жүр ақжаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
- 2 - жүргізуші: Аспанда күн жарқырап күліп тұрды.
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соң сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды
1 - ж Фашистік Германия тізе бүкті... Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін қиса, Оны жеңген Кеңестер Одағы 27 миллион адамның өмірін берді. Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық және мәдени қазынаны құртты. Міне, соғыстың әкелген қасіреті. Сондықтан адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 67 жыл бұрынғы Жеңіс сонысымен қымбат.
2 - ж1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қазақстаннан 1941 - 1945 жылдардағы қанды қырғынға 1 миллион 300 мың ұл мен қыз аттаныпты. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500 - ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды.
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Саға негізгі мектебі
Бримбетова Мадина
Жеңіске 73 жыл
- мадина73
- 13 мам 2014
- 11626
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жеңіске 73 жыл тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Ерлік пен Жеңіс!
Армысыздар, қымбатты көрермендер! Бүгінгі мерекелі концертіміз өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда әкелері мен...Ер есімі - ел есінде
Мақсаты: Балаларды ҰОС батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ерліктерімен таныстырып, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу,...Ерлігі ұмытылмас ерлер
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №1 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Тағаева Торғын Дуйсенбайқызы...Біз Жеңістің ұрпақтарымыз
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 кәсіптік лицейінің экономика пәні оқытушысы Бәйімбетова Алтынай Амангелдіқызы Ашық тәрбие сағатының жоспары...Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.