Тақырыбы: «Ана, сенің жүрегіңдей жүрек жоқ»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
Міндеті: Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Оқушыларға салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой - өрісін дамыту. Халқымыздың салт - дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі: "Ана" туралы нақыл сөздер, суреттер, сөзжұмбақ
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің алғы сөзі:
Ана дегеніміз - әлемнің жан - дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Анамызға деген көңіліміз, мейіріміз ұшан - теңіз.
1 - жүргізуші: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз
Ұланыңды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
2 - жүргізуші: Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
"Ана туралы жыр" хор
1 - оқушы: Бәрімізге анасың, -
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
2 - оқушы: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
3 - оқушы Еркелеткен өзің анам
Құшағыңды жайдың маған.
Кеше біздер бала едік,
Өсіп қалыппыз енді анам!
4 - оқушы: Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
1 - жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған
2 - жүргізуші: Сондықтан құрметті асыл аналар, өздеріңізге арнау - өлеңдерді қабыл алыңыздар.
1 - оқушы: Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған
"Алтыным" деп мақтаған
Аяулы менің ақ мамам!
2 - оқушы: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам,
Аяулы менің ақ мамам!
3 - оқушы: Мақтаныңдар, аналар,-
Қыздардан батыр, дана бар.
Әлем сүйген батырлар -
Әлия мен Мәншүкте!
4 - оқушы: Ана - көркі көгімнің
Ана - нұры жерімнің.
Ана - бағы баланың
Мақтанышы елімнің.
1 - жүргізуші: Қыздарды көрсем бір түрлі,
Өзімнен - өзім мұңданам.
Тоймайды көзім жүз көрсем,
Жайқалған менің гүлдерім.
1 - жүргізуші: Ол саған бәрінен де қымбат. Сен үшін ол - жақының, досың ұстазың. Сондықтан да сен бір - ақ адамды білесің. Ол - ана!
2 - жүргізуші: Олай болса ана туралы мақал - мәтел айтайық.
1. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
3. Ердің анасы - елдің анасы.
4. Ағайын алтау - ана біреу.
5. Ана жақсылығын ауырсаң білесің.
6. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.
Ән "Айналайын ақ мамам"
1 - жүргізуші: Келесі кезекте аналар пікір алмасады.
1. Балаңызға әкесі тәртіп шарасын қолданса, сіз араға түсесіз бе?
2. Ананың ақ сүтін ақтау дегенді қалай түсіндіресіз?
3. "Батамен ел көгереді " деген сөз бар. Бата берудің мәнісі неде деп ойлайсыз?
Бәрі хормен
Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
"Анаға сәлем" хор
Оқушылар еңбек сабағында жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады.
Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын - дей отырып сөз кезегін аналарға береміз.
Бүгінгі "Аяулы менің - анашым" атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын
Ана, сенің жүрегіңдей жүрек жоқ
- ramuk_b
- 19 сәуір 2014
- 22178
- 0
- 0
Ілмек сөздер: аналар мерекесі, 8 наурызға арналған кеш
Ұқсас жаңалықтар:
"Аналар - күн шуағы"
Мақсаты: Ата - анаға құрмет тәрбиенің ең маңыздысы. Кішкентай кезінен - ақ балалардың бойына соны сіңіруі. Оқушыларға 8 - наурыз аналар мерекесінің...Ана - өмірдің гүлі
Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі» Сабақтың мақсаты: 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен аналарды құттықтау....Ана - өмірдің шуағы
Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне,...Тәрбие сағаты "Айналайын, ана, мерекеңізбен!"
1-жүргізуші: Қуанышы баланың- Қуанышы ананың. 2-жүргізуші: Қуанышы ананың- Қуанышы баланың....« Аяулы - анашым»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С. Тақырыбы: Аяулы – анашым. Мақсаты: Жанұядағы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.