Сайтқа кіру Тіркелу

Адамгершілік құндылықтар

Адамгершілік құндылықтар.
Мақсаты: Адамгершілік құндылықтарды бойына жинақтаған, өзіндік көзқарасы бар ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мағзом Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесі. Нақыл сөздер.
Мұхаммед пайғамбардың хадистері. Адамгершілік туралы оқушы шығармалары, өлеңдер, салған суреттері. Интерактивті тақта. Слайд.
Сынып сағатының түрі: конференция сабақ «Кітап оқушылар конференциясы»
Сынып сағатының әдісі: баяндау, пікірлесу, талдау.
Сынып сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. М. Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесінен адамгершілік
құндылықтар туралы баяндау. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен
байланыстыру
3. Адамгершілік балалар көзімен... (шығармашылық тапсырмамен жұмыс)
4. Мұхаммед пайғамбар хадистеріндегі адамгершілік құндылықтар туралы.
5. Қорытынды:
Көрермендердің адамгершілік құндылықтары туралы пікірлерін тыңдау
І - бөлім.
М. Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесінің мазмұнын айту.
Оқушылармен пікірлесу арқылы әңгімеден адамгершілік қасиеттерді табу, талдау.
Слайдта көрсетілген жетекші сұрақтар:
1) «Қасқалдақ» әңгімесінде не туралы айтылған?
2) Ана - қасқалдақтың балапандарына деген сүйіспеншілігі, мейірім, қамқорлығы, өнегесі
әңгіменің қай жерлерінен көруге болады?
3) Балапандардың қылықтарына қарап біз не аңғарамыз? Ақ мойын балапан несімен
ерекшелінеді?
4) «Отты таяғы барлар» кімдер? Сендердің ойларыңызша қара мұртты қандай адам,
аңсары Бектас ше?
5) Әңгімеде қандай адамгершілік құндылықтар келтірілген?
Әңгімеде кездескен адамгершілік қасиеттерді слайдтан көрсетіп мағынасын түсіну
(Сабырлық, қанағатшылдық, мейірімділік, қамқорлық, имандылық, парасаттылық, сүйіспеншілік, рақымшылық, еңбекқорлық т. б.
Мұғалім сөзі:
«Қасқалдақ» әңгімесін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен байланыстыру.
«Қасқалдақтың қанындай» деген халық сөзінің төркіні кең. Қазақ қимас нәрсесін қасқалдақтың қанына теңеген. Қасқалдақ кішкентай сұр құс. Өзі кішілігіне қарамастан азат өмірге құштар.
ІІ - Бөлім.
Адамгершілік балалар көзімен...
1. Оқушы шығармасы
2. Өлеңдер оқу.
3. Сурет салу.
ІІІ - Бөлім
Мұхаммед хадистерінде адамгершілік құндылықтар туралы.
83, 44, 142 хадистерді слайдта көрсетіп, оқу.
83 - хадис
- Қолыңнан келсе адамдарға жақсылық етіп, іштей қуаныш ет. Жаман ісіне қайғырып, алладан қайырымдылық сұра. Бұл имандылық белгісі.
44 - хадис
- Алла – тағала еңбек еткендерді, егін егіп, бау - бақша өсіргендерді жақсы көреді. Оны адамға еткен ізгілік деп есептейді.
142 - хадис
- Өзіңе кездескен жасы үлкендерге сәлем беріп амандас. Оны тану - танымау шарт емес. Ол достықты арттырады. Әрі адамдығыңды анықтайды. Адамдардың айуаннан айырмашылығы осында.
Ислам діні және басқада дүние жүзінде өмір сүретін діндерде адамгершілік құндылықты уағыздайды. Адамдық, имандылыққа қарсы экстеремизмге жол жоқ дей отырып, оқушыларды салауатты өмірге шақыру.
ІҮ – бөлім
Қорытынды:
Көрермендердің адамгершілік құндылықтары туралы пікірлерін тыңдау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тұлғаның адамдық негіздері

Тұлғаның адамдық негіздері

Сабақтың міндеті: Білімділік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру маңыздылығын түсіндіру, ақпарат беру. Дамытушылық: Оқушыға тәрбиенің маңыздылығын...
Адамгершілік

Адамгершілік

Әр уақытта байыптылық керім іс Адамгершілік сапалы қыр сеніңіз Абай айтқан бес асыл іс керегі Жаныңызға рахаттана теріңіз...
Мейірімділік – асыл қасиет

Мейірімділік – асыл қасиет

Мейірімді адам өзге адамға, тума - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. “Табиғаттағы барлық жылу –...
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы

Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы

Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай – балабақшасының әдіскері Имангалиева Айгул Лукпановна...
Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×