Сайтқа кіру Тіркелу

Мың бір мақал жүз бір жұмбақ

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.
Мақсаты:
1. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.
2. Халық ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды қолдана білуге, сөз жүйесін таба білуге үйрету.
3. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым - қатынасқа, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, мадақтау.
Көрнекілігі: халық ауыз әдебиеті бойынша мақал - мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер.
Кіріспе.
Жүргізуші: Құрметті көпшілік қауым!
Бүгін 2 - ші сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын жарысы өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз - халық ауыз әдебиетін дамыту. Мақал - мәтелдер ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, онда әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан.
Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді. Жұмбақтан халықтың ойлау жүйесін танимыз. Бүгін ортамызға халық ауыз әдебиетінің ең жанашыр - ларының бір тобы келіп отыр.
Қадамдарыңызға нұр жаусын дей келе, бүгінгі « Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.» ойын жарысының ашылуын жариялаймыз.
Жарыстың шарты:
1. Мақал айтыс.
2. Мақалды жалғастыру.
3. Сандар бойынша мақал құрастыру.
4. Жұмбақ жарыс.
5. Ұлттық жұмбақ және логикалық жаттығулар.
Барысы: Жүргізуші: «Мақал - сөз атасы» дегендей ортамызға сайысқа қатысушыларды шақырамыз. Жарысқа 4 оқушы қатысады.
1. Бір минутта мақал - мәтелдерін айту. Ол 1 балл болып есептеледі. Ең аз балл жинаған оқушы сайыстан шығады. Қалған 3 оқушы келесі шартқа өтеді.
2. Мақалды жалғасттыру
Әр оқушыға екі мақал айтылады. Дұрыс жауапқа 3 балл.
1. Ер қаруы -...............(бес қару)
2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,.......(төртеу түгел болса, төбедегі келеді.)
3. Білекті бірді жығар.......(білімді мыңды жығар.)
4. Жүз теңгең болғанша,..........(жүз досың болсын.)
5. Батыр бір өледі,..........(қорқақ мың өледі.)
6. Білгенің бір тоғыз..........(білмегенің тоқсан тоғыз.)
3. Сандар бойынша мақалдар айту.
Таңдаған сандарға мақал - мәтел құрастыру. Әр мақалға 1 балл.
1.) 50 2) 3 3) 6 4) 2
Қатысушылардың ұпайын санап, аз балл жинаған оқушы шығады.
4. Жұмбақ жарыс.
Бір - біріне жұмбақ қойып, шешеді. Әр жұмбаққа 1 балл.
5. Ұлттық жұмбақ және логикалық жаттығулар.
Дұрыс жауапқа 3 балл.
1. Үйдің әрбір бұрышында бір - бір мысық отыр. Әрқайсысына үш мысық қарсы отыр. Үйде барлығы неше мысық отыр? (4)
2 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек? (4)
3. Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км шабады? (30 км)
4. Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы 5. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?
(1, өйткені қалғаны ұшып кетеді).
5. Үш май шам жанып тұр. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (2, өйткені біреуі жанып кетеді)
6. Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі? ( 2, 5 сағ )
7. Екі стақанға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкеге төңкердің, қайсы стаканда су көп? (бірдей)
8. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
Ал, енді ортамызға барлық сыннан мүдірмей өткен жеңімпаздардың ұпайын санап, жеңімпазды анықтап, марапаттау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге...
Ертегілер 6 сынып

Ертегілер 6 сынып

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы...
Cөз-мерген (сайыс)

Cөз-мерген (сайыс)

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ЖОБМ балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меңдіғазиева Ақсамал Мұратқызы...
1001 мақал, 101 жұмбақ

1001 мақал, 101 жұмбақ

Мақал-мәтел, жұмбақ туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды шапшаң ойлауға, тапқырлыққа, жауапкершілікке үйрету, сөздік қорын, дүниетанымын арттыру....
Тұрмыс салт жырлары тест

Тұрмыс салт жырлары тест

Қазақ әдебиеті 5 сынып 1 тоқсан. Тұрмыс салт жырлары тест 1. Фольклор дегеніміз - не ? а) халық даналығы б) ауыз әдебиеті в) жазба әдебиеті...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×